Әлеуметтік желілер

Мәскеуде көз жұмған қазақстандық қыздың анасы жазба жариялады

1228
(Жаңартылды 19:19 27.10.2019)
Томирис Байсафаның өліміне қатысты жаңа тергеу тобы құрылды. Қыздың анасы тергеудің әділ болатынына сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті Томирис Байсафаның ісін бақылауына алды.

Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында қыздың анасы Жанна Ахметова хабарлады. Ол мемлекет басшысына алғыс білдіріп, тергеу қалай жүріп жатқанын жазды.

"Мені қабылдап, істі зерттеп, тереңірек қарауға тапсырма бергеніңіз үшін алғыс білдіремін. Менің қайғыма көңіл бөлгеніңіз үшін рақмет", - деп жазды Ахметова әлеуметтік желіде.

Қызынан айырылған әйел істі тергеу өте қиын жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, көшедегі камералардың видеосы "жоғалып" кеткен. Тиісті сараптама жүргізілмей жатыр.

"Президент араласқан соң, қазіргі уақытта іс Ресейдің тергеу комитетінің бас тергеу басқармасына берілді. Тергеу тобы құрылып, жаңа тергеуші тағайындалды", - деп жазды Жанна Ахметова.

Ол тергеудің әділ болатынына сенім білдірді.

Мәскеуде көз жұмған қазақстандық қыздың ісі

Төртінші курс студенті 21 жастағы Томирис Байсафа 13 сәуір күні ММХКИ оқу корпусының төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен болатын. Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ол 3 мамырда көз жұмды.

Томиристің туыстары оның өлімі кездейсоқ трагедия емес деп есептейді. Өйткені тергеудің бірінші кезеңінде төтенше жағдай болған сәтте бөлмеде оның курстасы болғаны анықталған.

1228
Кілт сөздер:
ана, қазақстандық қыз, Мәскеу, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мәскеуде қаза болған Томирис Байсафаның ісі: омбудсмен мәлімдеме жасады
Жылап шыққан: Қытайда көз жұмған қыздың әпкесі оқиғаның қалай болғанын айтты
Ресейде құлап өлген қыздың анасы: Нақұрыс тергеушілер жұмыс істеді
Мәскеуде қаза тапқан студент қыздың мәйіті Астанаға жеткізіледі
МГИМО қаза тапқан қазақстандық қыздың отбасына жәрдем береді
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

ОСК мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді

37
"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. ОСК кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Nur Otan" партиясы парламент сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 2020 жылдың 26 қарашада ұсынды.

Оқи отырыңыз: "Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады 

"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. Оның 40-ы әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, олар тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,7 процентін құрайды. Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "ҚР сайлау туралы заңы" талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді", - деп атап өтті ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов отырыс барысында.

Тексеріс нәтижесінде партиялық тізімге енгізілген барлық адам заң талаптарына сай келетіні белгілі болды.  

Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері "2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы" қаулы қабылдады.

37
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады – Назарбаев
Әлі талай құшақтасатын боламыз – Назарбаев
Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады
Телефон, иллюстративті фото

Құпия деректерге қауіп төніп тұр: Жалған онлайн ойынның сілтемесі таралып жатыр

22
Қолданушылар бөлісіп жатқан сілтеме ойынның порталына емес, жеке деректерді иемдене алатын фишингтік сайтқа кіргізіп жібереді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Amazon компаниясы жүргізіп отыр делінген онлайн ойын туралы ақпарат таралып жатыр.  

"Ойын" ережесіне сәйкес, қатысушылар қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтып алуы мүмкін. Алайда қолданушылар таратып жатқан "ойынның" сілтемесі фишингтік сайтқа алып барады, деп хабарлады Stopfake порталы.

"Бағалы сыйлықтар ұтысы туралы жаңалықтың астында жағымды пікірлер көп жазылған. Оның бәрі фейк деп болжауға болады. Бұл туралы ойын сайтында да жазылған – сайтқа кірмек болғанда автоматты түрде фишинг туралы ескерту шығады, ал сервермен байланыс қорғалмаған", - делінген хабарламада.

Сарапшылардың мәліметінше, алаяқтар осындай интернет-платформалар арқылы сайтқа кірушілердің жеке деректерін –аккаунттардың логиндері мен парольдерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды, тіпті жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қолжеткізе алады.

"ҚҚС төлемдерін қайтарып ал": Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Бұл соңғы уақытта Қазақстанда тіркелген алғашқы фишингтік сайт емес. Бүгінде алаяқтар белсенді әрекет етіп жатыр, адамдарды банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан алдауға тырысады.

Фишинг – интернет алаяқтығының бір түрі, оның мақсаты – қолданушының құпия деректеріне, атап айтқанда, логиндер мен парольдерге қол жеткізу.

22