Қар, бала

Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс қашан басталады

3772
2019-2020 оқу жылының екінші тоқсаны 30 желтоқсан күні аяқталады. Үшінші тоқсан 9 қаңтарда басталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша — Sputnik. Дүйсенбі күні елімізде оқу жылының екінші тоқсаны басталды. Ол 30 желтоқсан күні аяқталады.

Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп демалысының кестесін бекіткен болатын.  Оған сәйкес, 2-11-сынып оқушылары 34 апта оқып, 30 күн демалады. 1-сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі. Сондықтан олардың оқуы 33 апта болады.

2 және 11-сынып оқушыларының қысқы демалысы 30 желтоқсан мен 8 қаңтарға жоспарланған. Қосымша демалыс қосылғандықтан, 1-сынып оқушылары өзгелермен бірге 30 желтоқсан мен 8 қаңтар қаңтар аралығында демалады. Бұдан соң 3-9 ақпан аралығында тағы да демалыс алады.

Көктемгі демалыс қашан басталады

Оқушылардың көктемгі демалысы 21 наурыз - 2 сәуір аралығына бекітіліп отыр. Төртінші тоқсан 3 сәуір басталады.

Ең ұзақ, яғни жазғы демалыс соңғы қоңыраудан кейін 26 мамырда басталады.

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

2019 жылдың соңғы айында қазақстандықтар 12 күн демалады.

1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке – Тұңғыш президент күні жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 2 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер 30 қараша, 1,2 желтоқсан күндері қатарынан үш күн демалады.

Ал 16 және 17 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күні биыл дүйсенбі мен сейсенбіге түсіп тұр. Осы екі күнді қосқанда, 4 күн қатарынан демалыс болады – 14, 15, 16, 17 желтоқсан.

3772
Кілт сөздер:
демалыс, қыс, мектеп, Қазақстан
Тақырып бойынша
2019-2020 оқу жылындағы демалыс күнтізбесі
Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады
Жұмыс істейтін қазақстандықтарға бес күн қосымша демалыс беріледі
2019-2020 оқу жылындағы оқушылардың демалыс күндері белгілі болды
Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысы әкімі Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па

274
(Жаңартылды 15:08 02.12.2020)
Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазан қаласына чартерлік рейспен барды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының әкімдігі Тараз-Қазан рейсінің VIP ұшағына 20 миллион теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа жанаспайды. Әкім мемлекет қаражатына чартерлік рейспен ұшпайды. Қиын жағдай болып, дәрігер жетіспеген кезде Қазан қаласының дәрігерлерін шақырдық. Қаражат оларды елге алып келуге жұмсалды", - деді Сапарбаев баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Чартермен кім ұшады? Татар халқымен достықты нығайту үшін әкім бара ма? Әлде науқас балаларды емдеуге жібере ме? Мүмкін тәжірибе жинақтау үшін қазақстандық дәрігерлер ұшатын шығар?", - деп жазды автор.

Әкімдік Қазан-Тараз-Қазан рейсі татарстандық дәрігерлердің Қазақстанға келуіне арналғанын айтқан болатын. Олар COVID-19 және пневмонияны емдеуде тәжірибе бөлісіп, медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесті.

274
Тақырып бойынша
"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды
"Қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін": Сапарбаев әкімдерге неге шүйлікті
Сапарбаев Қасқабұлақтағы жағдай туралы: Мұның бәрі ісі жоқтықтан болады
Нұржан Әлтаев

"Шулы мәлімдеме жасап, көзге түспек": депутат Әлтаевтың әрекетін сынға алды

613
(Жаңартылды 13:40 02.12.2020)
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың не себепті Nur Otan партиясынан шығарылғанын айтты.

Партияның бақылау отырысында Әлтаевтың "Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүддесіне нұқсан келтіретін" әрекеттер жасағаны айтылды.

Бұл бірқатар қоғамдық мәлімдемеде, соның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті кезінде байқалғанын атап өтті. Партияның Нұр-Сұлтан қаласы филиалы саяси кеңесінің бюросы Әлтаевты Nur Otan құрамынан шығарды.

"Саясаткердің шулы мәлімдемелер жасауының бірнеше себебі болуы мүмкін.  Мұны оның көзге түскісі келетіні, медиа мен қоғамдық-саяси салада кез келген жолмен таныуға деген ұмтылысы деп түсінуге болады. Мұндай жағдай саяси мансап басталып жатқан кезінде болады. Қоғам алдында жүрген әрбір адам жауапкершілік өлшемі мен мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне әсер ететін мәлімдемелер мен әрекетінің салдарын нақты түсінуі қажет", - деп жазды Nur Otan партиясының бақылау төрағасы Павел Казанцев Facebook парақшасында.

Ұсыныстар мен талаптарды партияның диалог алаңдарына айтуға болады, деп есептейді ол.

"Nur Otan партиясының құрамында болып, оның саяси және медиа ресурстарын пайдалана отырып, тіпті мәжіліс депутатының позициясында тұрған кезде жаңа партия құру жөніндегі мәлімдеме мен іс-әрекеттер – бұл кереғар қылық немесе тәжірибенің аздығы да емес, бұл жерде басқа бірдеңе бар", - деп қорытындылады Казанцев.

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ, ол баспасөз конференциясына шығуға дайындалып жатыр.

Бұған дейін 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының негізінде өз партиясын құру туралы мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

613
Кілт сөздер:
сын, Нұржан Әлтаев, мәлімдеме
Тақырып бойынша
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
вакцина

БҰҰ-да ресейлік вакцина таныстырылады

0
Онлайн іс-шара БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессиясының алаңында өтеді, отырыс барысында ресейлік препарат туралы толық ақпарат ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Екінші желтоқсанда БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілдігі және денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының презентациясын өткізеді.

"Бұл іс-шараға Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко, БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя, Ресей тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы Кирилл Дмитриев қатысады", - деді РИА Новости агенттігіне тұрақты өкілдіктің баспасөз хатшысы Федор Стржижовский.

Ол "Спутник V: COVID-19-ке қарсы вакцина" виртуалды іс-шарасы БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессиясының алаңында өтетінін мәлімдеді. Отырыс барысында ресейлік препарат туралы толық ақпарат ұсынылатын болады.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаздың соңында Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығында әзірленген COVID-19 вирусының алдын алуға арналған әлемдегі ең алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Препаратқа "Спутник V" деген атау берілді. Ол адамның егжей-тегжейлі тексерілген аденовирусты векторлары платформасында дайындалды. Қауіпсіздік, тиімділік және ұзақ мерзімге созылатын жағымсыз әсерлерінің жоқтығы осы әдіспен әзірленген вакцинаның басты артықшылығы болып отыр.

0