Байқоңыр қаласы

Ресей 11,6 мың гектар жерді Қазақстанға қайтарады  

3344
(Жаңартылды 13:50 06.11.2019)
Мәжіліс "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Енді Ресей Байқоңырда жалға алған 1,6 мың гектар жерді Қазақстан өз мақсатына пайдаланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.   

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды. 

Тағы оқыңыз: Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады

Хаттамаға екі ел президенттерінің қатысуымен 2017 жлғы 9 қарашада Челябинскіде өткен форумда қол қойылды.

Хаттамаға сәйкес, Ресей жалпы алаңы 11,6 мың гектар төрт жер учаскесін жалға алуды тоқтатылады. Төрт жер учаскесі Қазақстанның пайдалануына беріледі.

"Жалпы алаңы 1 740 гектар екі учаске Қармақшы ауданы Төретам кентін кеңейту үшін, сондай-ақ 9 950 гектар екі учаске "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізін, "Алматы-Мәскеу" теміржолын салу және "Бейнеу-Шымкент" газ құбырының желілік бөлігі үшін алынып отыр", - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.    

Министрдің айтуынша, жер телімдері Қызылорда облысының дамуы үшін қажет. Осы шаралар өңірдің әлеуметтік жағдайына және экономикасына оң әсерін тигізеді. 

Сондай-ақ, шарттың екінші қосымшасында "Байқоңыр" кешенінің технологиялық және техникалық нысандарының, тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлауы аудандарының координаттары көрсетілген.

3344
Кілт сөздер:
Байқоңыр, Ресей
Тақырып бойынша
Сенатор Байқоңыр дәрігерлеріне үстемақы төлеуді ұсынды
Байқоңыр айлағынан ғарышқа робот ұшырылады
Лавров Тоқаевпен Байқоңыр мәселесін талқылауы мүмкін – Притчин
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Сапасыз жол

Жол сапасыз салынса, қайда хабарласу керек?

44
Сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов халықты жолдардың сапасын бірлесіп бақылауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"739-739 телефонына (Нұр-Сұлтанда - Sputnik) қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, ресми сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ашылған. Сол жерде жазып, арыз-шағым түсіруге болады. Біз бірден барып, жолдың сапасын тексере аламыз", - деді Сағынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда орталық басшысы халықты жолдың сапасын бірлесіп бақылауға үндеді. Себебі мамандар барлық жолды тексере алмайды. Ал нақты арыз-шағымдар түссе, орталық қызметкерлері сол жерге барып, зертханалық тексеру жасай алады. 

"Негізі, сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар. Мысалы, аудандық әкімдіктерді алатын болса, бір бөлімде екі-үш адам ғана жұмыс істейді. Сосын жолдың сапасы бойынша арнайы маманы жоқ. Ал арнайы маман болмағасын, құжаттар да дұрыс жасалмайды", - деп атап көрсетті Сағынов.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Арнайы акция басталды, жоғары оқу органдарымен бірлескен шаралар қолға алынды. Соның арқасында жас мамандардың саны біртіндеп көбейіп жатыр.

44
Кілт сөздер:
шағым, жол
Қаруланған адам

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы атышулы оқиға туралы айтты

618
(Жаңартылды 22:01 29.10.2020)
Шудағы арнайы операция кезінде полицейлер арасында атыс болған еді. Біреуі ауруханада ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Жамбыл облысында болған оқиға туралы пікірін айтты.

"Полиция желілік бөлімінің басшысы мен қоластындағылар есірткі бизнесімен айналысқан. Олардың қылмысын қауіпсіздік басқармасындағы әріптестері әшкере етті. Полицейлер өз қатарында қылмыс жасағандарды ұстағаны бір жағынан қуантады. Мұндай жұмыс бағалануы тиіс", - деді президент.

Екінші жағынан мұндай жағдай полиция беделіне нұқсан келтіреді, деп толықтырды ол. 

"Бұл тек Жамбыл облысында ғана болып жатқан жоқ, өзге өңірлерде де бар. Мұны жақсы білесіздер. Сондықтан есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту міндетін қоямын", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, халық нақты нәтижелерді көруі тиіс.

Жамбыл облысында полицейлердің ұсталуы

Еске сала кетсек, көліктегі полиция департаментінің Шоқпар станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады деген күдікке ілінген.

Жамбыл облысында арнайы операция кезінде атыс қаруымен қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өткен. Ал қуғыншылар оларды тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған.

Үш адамның екеуіне оқ тиді. Біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Екіншісіне стационарда көмек көрсетілді. Үшіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты

618
Кілт сөздер:
полиция, Жамбыл облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты
Полицейлер төсекте видео түсіріп, оны 7 мың теңгеден сатқан әйелді ұстады
Щучинскіде полицейлер жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – видео
"Таңдауым Ерланға түсті": ерлі-зайыпты полицейлер махаббат хикаясын айтып берді
Полицейлер Талдықорғанда жезөкшелікпен айналысқан жігіттерді видеоға түсірді