Автобус жанындағы қыз, архив фото

Қазақстан-Ресей шекарасында балаға берілетін сенімхатты алып тастау ұсынылды

114
(Жаңартылды 15:43 06.11.2019)
Қазақстан мен Ресей Федерациясы балалар қауіпсіздігі саласында бірыңғай туристік стандарттар жасауы тиіс

ОМБЫ, 6 қараша – Sputnik. Омбы форумында Қазақстанда саяхаттау үшін балаларға Ресейден шығу режимін жеңілдету ұсынылды.

Қазір экскурсиялар кезінде балалармен бірге жүретін мұғалімдер мен тәрбиешілерге сенімхат рәсімделеді. Бұл құжат екі мың рубль тұрады, деп мәлімдеді қазақстандық балалар мен жасөспірімдер туризмі қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов.

Тағы оқыңыз: Омбы қазақтары ана тілі мен салт-дәстүрін қалай сақтап қалды?

"Бұл қазақстандық лагерьлердегі екі күндік демалыстың бағасы. Біздің ұсынысымыз – сынып бойынша оқушылар тізімін жасайық, ата-аналар қол қояды, одан кейін бұны қалалық білім бөлімі немесе мектеп диреткоры мөрмен бекітеді", - деді Сұлтанов Sputnik Қазақстан-ға Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы алаңында.

Ол бұл идеяны панельдік сессия кезінде де айтты. Бұған қоса, Сұлтанов туризм саласында балаларға басымдық жасап, оларға саяхаттауға көбірек мүмкіндік ұсыну керек дейді.

"Біз Кеңес одағы мектептерінде оқыдық, қалаларды білеміз. Ал көптеген бала үшін Ресей – бұл Мәскеу ғана. Шекара маңында қаншама қала бар десеңізші. Жұмыс істеу қажет, Ресейдің "алтын бағыты" бойынша турларды дамытып, жаңғырту керек", - деп атап өтті ол.

Сұлтановтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында балалар қауіпсіздігі саласында бірыңғай стандарттарды әзірлеу қажет.

Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы Омбыда 6 қараша күні басталды. Бірінші күні жоғарғы технологиялар көрмесі ашылып, қазір бірнеше панельдік сессия өтіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Тоқаев пен Путин Омбыда кездеседі: президенттерге қандай тағам ұсынылады?

Ал жетінші қарашада пленарлық отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин шекара бойындағы ынтымақтастық туралы сөз сөйлейді.

114
Кілт сөздер:
балалар, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстан бүкіл әлемдегі этникалық қазақтарға арнайы куәліктер береді
Омбы облысы үшін Қазақстанмен ынтымақтастық не үшін маңызды?
Омбы институты екі қазақстандық кемені байланыс құралымен жабдықтайды
Сапасыз жол

Жол сапасыз салынса, қайда хабарласу керек?

45
Сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов халықты жолдардың сапасын бірлесіп бақылауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"739-739 телефонына (Нұр-Сұлтанда - Sputnik) қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, ресми сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ашылған. Сол жерде жазып, арыз-шағым түсіруге болады. Біз бірден барып, жолдың сапасын тексере аламыз", - деді Сағынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда орталық басшысы халықты жолдың сапасын бірлесіп бақылауға үндеді. Себебі мамандар барлық жолды тексере алмайды. Ал нақты арыз-шағымдар түссе, орталық қызметкерлері сол жерге барып, зертханалық тексеру жасай алады. 

"Негізі, сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар. Мысалы, аудандық әкімдіктерді алатын болса, бір бөлімде екі-үш адам ғана жұмыс істейді. Сосын жолдың сапасы бойынша арнайы маманы жоқ. Ал арнайы маман болмағасын, құжаттар да дұрыс жасалмайды", - деп атап көрсетті Сағынов.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Арнайы акция басталды, жоғары оқу органдарымен бірлескен шаралар қолға алынды. Соның арқасында жас мамандардың саны біртіндеп көбейіп жатыр.

45
Кілт сөздер:
шағым, жол
Қаруланған адам

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы атышулы оқиға туралы айтты

622
(Жаңартылды 22:01 29.10.2020)
Шудағы арнайы операция кезінде полицейлер арасында атыс болған еді. Біреуі ауруханада ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Жамбыл облысында болған оқиға туралы пікірін айтты.

"Полиция желілік бөлімінің басшысы мен қоластындағылар есірткі бизнесімен айналысқан. Олардың қылмысын қауіпсіздік басқармасындағы әріптестері әшкере етті. Полицейлер өз қатарында қылмыс жасағандарды ұстағаны бір жағынан қуантады. Мұндай жұмыс бағалануы тиіс", - деді президент.

Екінші жағынан мұндай жағдай полиция беделіне нұқсан келтіреді, деп толықтырды ол. 

"Бұл тек Жамбыл облысында ғана болып жатқан жоқ, өзге өңірлерде де бар. Мұны жақсы білесіздер. Сондықтан есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту міндетін қоямын", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, халық нақты нәтижелерді көруі тиіс.

Жамбыл облысында полицейлердің ұсталуы

Еске сала кетсек, көліктегі полиция департаментінің Шоқпар станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады деген күдікке ілінген.

Жамбыл облысында арнайы операция кезінде атыс қаруымен қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өткен. Ал қуғыншылар оларды тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған.

Үш адамның екеуіне оқ тиді. Біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Екіншісіне стационарда көмек көрсетілді. Үшіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты

622
Кілт сөздер:
полиция, Жамбыл облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты
Полицейлер төсекте видео түсіріп, оны 7 мың теңгеден сатқан әйелді ұстады
Щучинскіде полицейлер жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – видео
"Таңдауым Ерланға түсті": ерлі-зайыпты полицейлер махаббат хикаясын айтып берді
Полицейлер Талдықорғанда жезөкшелікпен айналысқан жігіттерді видеоға түсірді