Студенттер, архивтегі фото

Тоқаев пен Путин бірлескен мектеп пен университет ашу мәселесін талқылады

96
(Жаңартылды 21:51 07.11.2019)
Владимир Путиннің айтуынша, 30 мыңнан астам қазақстандық студент Ресейдің жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен білім алуда

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша — Sputnik. Қазақстанда ресейлік-қазақстандық мектеп пен университет ашу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлім етті.

Оның айтуынша, ресейлік тарап Қазақстанға орыс тілі мұғалімдерін дайындауға көмектесіп жүр.

"Қазіргі таңда Қазақстанда ресейлік-қазақстандық мектеп пен университет ашу мәселесі пысықталып жатыр", - деді Владимир Путин Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Ресей президенті Қазақстан пен Ресей гуманитарлық салада, білім беру, кадрларды даярлау саласында тығыз байланыс орнатқанын атап өтті.

Путин туризм саласында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобаларын ашуды ұсынды

"Ресейдің жоғары оқу орындарында шамамен 74 мыңнан астам Қазақстан азаматы білім алып жатыр. Оның 30 мыңы мемлекет есебінен білімін шыңдауда. Олардың басым бөлігі Поволжье, Сібір, Орал өңірлеріндегі институтта оқып, жоғары деңгейде біліктілікке ие болады. Қостанайда бұрыннан Челябинск мемлекеттік университетінің филиалы жемісті еңбек етіп келеді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумының тақырыбы – "Шекара маңындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері".

96
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының алғашқы съезі 2020 жылы өтеді
Қазақстан және Ресей: Елші әріптестіктің басты бағыттарын атады
2019 жылдың 8 айында Қазақстан мен Ресей тауар айналымы 12,2 млрд долларға жетті
Қазақстан мен Ресей Sukhoi Superjet 100 ұшағын жеткізу туралы келісім жасауда
Бердібек Сапарбаев

Сапарбаев Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па әкім жауабы

138
Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазан қаласына чартерлік рейспен барды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының әкімдігі Тараз-Қазан рейсінің VIP ұшағына 20 миллион теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа жанаспайды. Әкім мемлекет қаражатына чартерлік рейспен ұшпайды. Қиын жағдай болып, дәрігер жетіспеген кезде Қазан қаласының дәрігерлерін шақырдық. Қаражат оларды елге алып келуге жұмсалды", - деді Сапарбаев баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Чартермен кім ұшады? Татар халқымен достықты нығайту үшін әкім бара ма? Әлде науқас балаларды емдеуге жібере ме? Мүмкін тәжірибе жинақтау үшін қазақстандық дәрігерлер ұшатын шығар?", - деп жазды автор.

Әкімдік Қазан-Тараз-Қазан рейсі татарстандық дәрігерлердің Қазақстанға келуіне арналғанын айтқан болатын. Олар COVID-19 және пневмонияны емдеуде тәжірибе бөлісіп, медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесті.

138
Тақырып бойынша
"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды
"Қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін": Сапарбаев әкімдерге неге шүйлікті
Сапарбаев Қасқабұлақтағы жағдай туралы: Мұның бәрі ісі жоқтықтан болады
Нұржан Әлтаев

"Шулы мәлімдеме жасап, көзге түспек": депутат Әлтаевтың әрекетін сынға алды

448
(Жаңартылды 13:40 02.12.2020)
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың не себепті Nur Otan партиясынан шығарылғанын айтты.

Партияның бақылау отырысында Әлтаевтың "Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүддесіне нұқсан келтіретін" әрекеттер жасағаны айтылды.

Бұл бірқатар қоғамдық мәлімдемеде, соның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті кезінде байқалғанын атап өтті. Партияның Нұр-Сұлтан қаласы филиалы саяси кеңесінің бюросы Әлтаевты Nur Otan құрамынан шығарды.

"Саясаткердің шулы мәлімдемелер жасауының бірнеше себебі болуы мүмкін.  Мұны оның көзге түскісі келетіні, медиа мен қоғамдық-саяси салада кез келген жолмен таныуға деген ұмтылысы деп түсінуге болады. Мұндай жағдай саяси мансап басталып жатқан кезінде болады. Қоғам алдында жүрген әрбір адам жауапкершілік өлшемі мен мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне әсер ететін мәлімдемелер мен әрекетінің салдарын нақты түсінуі қажет", - деп жазды Nur Otan партиясының бақылау төрағасы Павел Казанцев Facebook парақшасында.

Ұсыныстар мен талаптарды партияның диалог алаңдарына айтуға болады, деп есептейді ол.

"Nur Otan партиясының құрамында болып, оның саяси және медиа ресурстарын пайдалана отырып, тіпті мәжіліс депутатының позициясында тұрған кезде жаңа партия құру жөніндегі мәлімдеме мен іс-әрекеттер – бұл кереғар қылық немесе тәжірибенің аздығы да емес, бұл жерде басқа бірдеңе бар", - деп қорытындылады Казанцев.

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ, ол баспасөз конференциясына шығуға дайындалып жатыр.

Бұған дейін 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының негізінде өз партиясын құру туралы мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

448
Кілт сөздер:
сын, Нұржан Әлтаев, мәлімдеме
Тақырып бойынша
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев