Полиция, архивтегі фото

"Айына 350 мың теңге": патрульдік полицейлердің жалақысы жарияланды

4831
Полицейлердің еңбекақысы дифференциалды түрде, яғни еңбек өтілі мен тәжірибесіне қарай 20-65 процентке жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі астанада жұмыс істейтін патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысын жариялады. Олар еңбекақыдан бөлек тұрғын үй өтемақысын да алады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчидидің айтуынша, шілде айында ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы көтерілген. Полицейлердің еңбекақысы дифференциалды түрде, яғни еңбек өтілі мен тәжірибесіне қарай 20-65 процентке жоғарылады.

Тағы оқыңыз: Министр Тоқаевқа кімдердің жалақысы өсетінін баяндады

"Патрульдік полиция қызметкерлері ең көп үстемақы алды, олардың жалақысы 65 процентке артты. Сіздер оларды күнде көшеде көріп жүресіздер. Мәселен, бұған дейін патрульдік полицей 117 000 теңге алса, енді 150 000 алатын болады. Оған қоса, біз патрульдік полицейлерді жалдамалы баспана үшін өтемақы алатын қызметкерлердің қатарына қостық", - деді Калайчиди астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, өтемақы отбасының құрамына қарай төленеді. Мәселен, Нұр-Сұлтанда төрт адамнан (ата-ана және екі бала) тұратын отбасыға 200 мың теңге тұрғын үй өтемақысы ретінде беріледі.

"Сонда отбасының әрбір мүшесіне 50 000 теңгеден шығып тұр. Оған 150 000 теңгенің жалақысын қосыңыз. Біздіңше, осындай қолдау шаралары арқасында полицияның қатарына жастарды көптеп тартуға болады", - деп атап көрсетті Калайчиди.

Бұдан бөлек, шұғыл тергеу құрылымдарының жалақысы 55 процентке артқан. Учаскелік инспекторлар 25 процентке артық ақша алса, қалған құрылым қызметкерлерінің еңбекақысы 20 процентке өсіп отыр.

"Жаңа жылдан бастап біз осы тізімге төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлерін қосуды жоспарлап отырмыз. Онда да жұмысы ауыр мамандардың үстемақысы жоғары болады. Шекті меже – 65 процент. Мәселен, өрт сөндірушілердің жалақысын 65 процентке арттырған дұрыс деп санаймыз. Олар, шамамен, 140 000 теңгеден артық алатын шығар. Тұрғын үй өтемақысы тағы бар", - дейді Калайчиди.

4831
Кілт сөздер:
жалақы, полицейлер
Тақырып бойынша
Депутат ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды
Осы айда мұғалімдердің жалақысы қалай өзгереді?
1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?
Қазақстандық мұғалімдерге жалақыдан бөлек қандай үстемақы төленеді?
Мемлекеттік қызметшілер 1 миллион теңгенің бонусын қайда жұмсады?
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда сүйіктісімен сауда үйіне барған жігіттің қылмысы видеоға түсіп қалды

5027
Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, қазір оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Елорда тұрғыны сүйіктісімен сауда үйіне барып, манекендегі жаңа күрткені ұрлап кетті. Полиция 26 жастағы жігітті ұстады.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, жас жігіт сүйіктісімен "Әсем" сауда үйіне барған. Бір кезде оның көзі бутик сыртында тұрған манекенге киілген жаңа күрткеге түседі. Қасындағы серігін акссесуар қарауға жіберіп, өзі манекендегі "Найк" маркалы сырт киімді шешіп, киіп алады. Осыдан кейін жастар оқиға орнынан ізін жасырады. Ал сатушы бұл уақытта бутик ішінде отырған.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. Анықталғандай, бір жыл бұрын күдікті ұрлық үшін істі болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қала полициясы шағын және орта бизнес нысандарына күзет сигнализациясын орнатуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз: 

5027
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, сауда орталығы, жігіт, видео, қылмыс, ұрлық
Каспий

Тоқаев Каспий теңізін ластанудан қорғау хаттамасына қол қойды

57
(Жаңартылды 14:56 23.10.2021)
Жуықта сенат Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда. 

Естеріңізге сала кетейік, сенат Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялады.

Осы құжат Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенцияға кіреді.

Хаттаманың негізгі мақсаты - жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде теңіз ортасының ластануын болдырмау, салдарын азайту, бақылау және ондай салдарды барынша жою.

Осы құжат негізінде бірқатар шаралар қолға алынады.

Олар:

  • ең озық қолжетімді технологиялар мен табиғатты қорғау практикасын пайдалану;
  • Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы, оның ішінде жерүсті көздерінен теңіз акваториясына ластаушы заттардың түсу көлемдері туралы дерекқорды құру және жүргізу;
  • Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне тұрақты бағалау, оның жағалау сызығы бойындағы теңіздің ластану деңгейіне бағалау жүргізу.

Айта кетері, Каспийдің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенция 2003 жылы қараша айында рәсімделген болатын. Оған Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей мен Түрікменстан қосылды.

Ал Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттамаға 2012 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылды.

Оқи отырыңыз: 

57
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Каспий теңізі, ластану, хаттама
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан