Мәжіліс ғимараты

"Мәселе күрделене түспек": Мәжіліс депутаты ұйғыр халқының болашағына алаңдады

3461
(Жаңартылды 15:02 13.11.2019)
Депутат вице-премьерден қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ұйғыр этноұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған мәжіліс депутаты Шаймардан Нұрымов ұйғыр тілінен сабақ беретін мұғалімдердің тапшылығына алаңдап, отандық университеттің жанынан ұйғыртану кафедрасын қайта ашуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрымовтың айтуынша, бүгінде республикада ұйғыр тілінде сабақ беретін 68 мектеп бар. Білім ошақтарында, одан бөлек, қазақ, орыс және ағылшын тілдері де оқытылады. Бұл мектептердің мұғалімдерін Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университеті даярлап келген. Жоғары оқу орнында ұйғыр тілі мен әдебиеті бөлімі 1956 жылдан бері жұмыс істеген екен. Алайда 2003 жылы белгісіз бір себептермен жабылып қалған. 

Амандық Баталов: Ұйғыр ауданының атауы өзгертілмейді

"Нәтижесінде соңғы 16 жыл бойы ұйғыр этноұйымдары, соның ішінде мектептер кадрлармен қамтамасыз етілмей қалды. Бүгінде ұйғыр тілінде сабақ беретін мектептерде ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жетіспеушілігі аса қатты сезіле бастады. Мұғалімдердің көбі зейнет жасында немесе зейнетке жақын қалғандар. Сондықтан алдағы жылдарда бұл мәселе күрделене түсетіні айқын болып тұр", - деді ол премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа жолдаған депутаттық сауалында.

Депутат вице-премьерден қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ұйғыр этноұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды сұрады.  

"Әрине, жақсы түсінеміз, еліміздің әртүрлі сала мамандарын ұйғыр тілінде оқытып, дайындап шығара беруіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан отандық бір жоғары оқу орнының базасында, мысалы, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанынан "ұйғыртану" кафедрасын қайта ашуға болады деп есептейміз. Сонымен қатар, ұйғыр бөліміне оқуға түскісі келетін талапкерлерге ҰБТ-дан бөлек, ұйғыр тілінде эссе жазуды қарастыру керек", - деді ол.

Нұрымовтың пікірінше, бұл қадам мектептер мен баспаларды ғылым саласында дайындалатын кадрлармен қамтамасыз етуге септігін тигізіп, Елбасы мен президенттің Қазақстанды мекен еткен халықтың болмысы мен мәдениетін сақтау және дамытуға негізделген бағытына сай келеді.

3461
Тақырып бойынша
Ердоған Қытайдағы ұйғырларға қатысты тосын мәлімдеме жасады
Сағынтаев ұйғыр тілін латын әліпбиіне көшіру туралы ұсынысқа жауап берді
Газ конфоркасы

Қазақстанда елді мекендердің тек 24 проценті газбен қамтылған

1
2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда 6 мыңнан астам елді мекеннің тек 1468-іне газ тартылған. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 90%-тен асатын неғұрлым газдандырылған өңірлерді атады. 

Олар: Атырау облысы – 99,6%, Маңғыстау облысы – 99%, Алматы қаласы – 98,8%, Батыс Қазақстан облысы – 96,2%, Шымкент қаласы – 92,1% және Ақтөбе облысы – 90,1%.

"Жалпы, еліміздегі 6 162 елді мекеннің 1 468-і немесе елді мекендердің жалпы санының 24%-ы газдандырылған", - деді Ноғаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, айтуынша, соңғы бес жылда 1 334 шақырым магистральдық газ құбырлары және 20 мың шақырымнан астам газ тарату желілері салынды.

Магистральдық газ құбырлары құрылысының өсуі 7%-ті, газ тарату желілері құрылысының өсуі 49%-ті құрады.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 53,07%-ке жеткізу күтілуде, бұл 2015 жылғы деңгейден 10%-ке артық.

2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген, оның ішінде соңғы екі жылда 76 миллиард теңге бағытталды.

1
Кілт сөздер:
газ, Қазақстан
Бетперде таққан адам

Қазақстанда өткен тәулікте 678 адам коронавирус жұқтырды

28
(Жаңартылды 09:11 24.11.2020)
COVID-19 солтүстік пен шығыста өршіп тұр. Олармен салыстырғанда, жылы өңірлер мен оңтүстік-батыстағы жағдай тұрақты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 678 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

COVID-19 солтүстік пен шығыста өршіп тұр. Олармен салыстырғанда, жылы өңірлер мен оңтүстік-батыстағы жағдай тұрақты.

Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облысында бір тәулік ішінде бірде-бір адамда вирус анықталмады.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 25
  • Алматы қаласы - 46
  • Шымкент қаласы - 1
  • Ақмола облысы - 68
  • Ақтөбе облысы - 8
  • Алматы облысы - 20
  • Атырау облысы - 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 154
  • Жамбыл облысы - 14
  • Батыс Қазақстан облысы - 33
  • Қарағанды облысы - 15
  • Қостанай облысы - 70
  • Павлодар облысы - 108
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 105

Жалпы пандемия басталғалы 126 860 адам індетке шалдықты.

28
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады
Қостанай облысында ер адам бетперде үшін қамауға алынды – видео
Бес облыс "қызыл" аймаққа кірді: Мамин қандай тапсырма берді
Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Пандемияға байланысты мейрамханалар бағытын өзгертуге мәжбүр