Қазақстанның министрлері тізерлеп отырып, арнайы курстан өтті

Қазақстанның министрлері тізерлеп отырып, арнайы курстан өтті

741
(Жаңартылды 12:31 04.12.2019)
Тренингтік орталықтың алғашқы курсына министрлер – Елжан Біртанов, Асхат Аймағамбетов, Ерлан Тұрғымбаев, Ақтоты Райымқұлова, Біржан Нұрымбетов және Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның министрлері Америка кардиология қауымдастығының базалық жүрек реанимациясы курсынан өтті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл медицина бойынша ұлттық үйлестіру орталығы.

Соның негізінде базалық және кеңейтілген жүрек реанимациясын (BLS, ACLS) оқытудан халықаралық тренингтік орталық ашылған болатын. Америка кардиология қауымдастығының аккредитациясынан өткен ондай орталық ТМД аумағында алғаш рет ашылып отыр.

Халықаралық тренингтік орталық Қазақстан халқының қан айналымы жүйесі ауруларын, соның ішінде емдеуге дейінгі кезеңде өлім-жітімді азайту үшін ашылған. Негізгі мақсаты –  бірыңғай стандарттар бойынша медицина қызметкерлерін, сондай-ақ республика халқын базалық реанимация (BLS) шараларын көрсетуге үйрету.

Орталықтың алғашқы курсынан Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өтті.

"Қазақстанның аумағында халықаралық тренингтік орталық құру шұғыл медицина, төтенше жағдайлар қызметі және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің базалық және кеңейтілген реанимациясын көрсетуді үздіксіз және сапалы оқытудың сенімді жүйесін құруға мүмкіндік береді", - дейді денсаулық министрі Елжан Біртанов.

Айта кетейік, Америка кардиология қауымдастығы (AHA) кардиология саласында медициналық зерттеулермен, кардиологиялық аурулардан туындаған мүгедектік пен өлім-жітімді төмендету мақсатында тиісті медициналық көмекке ықпал ететін салауатты өмір салты туралы білім беру жобаларымен айналысатын АҚШ-тағы коммерциялық емес ұйым болып саналады.

741
Кілт сөздер:
Қазақстан, министрлер
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

41
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

41
Кілт сөздер:
Назарбаев, медицина
Тақырып бойынша
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  
Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді
Қазақстандағы оппозициялық партия қайсы – ҚКХП өкілі жауап берді
Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесін өткізді

"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады Назарбаев

386
(Жаңартылды 19:41 24.11.2020)
Қазақстан тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында күрделі жағдайларды айналып өте білді, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өтті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Жиында Назарбаев соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.

"Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, біз тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында мұндай күрделі жағдайларды айналып өте білдік", – деді партия төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш президенті соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті 

"Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға тоқталды.

"Праймеризге қатысушылардың үштен бір бөлігі және партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар өкілі. Партиялық тізімнің 30 процентін  әйелдер құрайды. Сонымен бірге партия тізімдерінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар", – деп толықтырды ол.

Қазақстанның Тұңғыш президенті праймеризге қатысқан партияның әрбір үшінші жаңа мүшесі жеңіске жеткенін атап өтті.

"Осылайша, біз "Nur Otan" партиясының жұмысын жүйелі түрде қайта жандандыруды аяқтадық", – деп түйіндеді партия төрағасы.

Бюро мен саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім "Nur Otan" партиясының ХХ съезіне ұсынылады.

386
Кілт сөздер:
Назарбаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
Қазақстанда тағы бір партия атауын өзгертті
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады