Қоғам

Миллиондаған қолданушы WhatsApp-сыз қалады

© Sputnik / Болат ШайхиновПриложение WhatsApp на экране мобильного телефона
Приложение WhatsApp на экране мобильного телефона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ескі жүйеде қосымшаның функциясын одан әрі кеңейту мүмкін болмағасын компания осындай қадамға барған

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. WhatsApp мессенджері Windows Phone операциялық жүйесі қолданушыларында және Android пен iOS-тың ескі нұсқаларында істемейтін болады, деп хабарлайды Daily Mail.

Windows Phone-да хат алмасу сервисі 2019 жылдың 31 желтоқсанында тоқтатылады. Операциялық жүйесі Android 2.3.7-ден және iOS 8 –ден ескі болса бұл қызмет 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап қолжетімді болмайды. Басылымның ақпаратына сәйкес, миллиондаған адам WhatsApp-сыз қалады.

Мессенджер Android 4.0.3-тен және iOS 9-дан бастап қолжетімді болады. Компания мұндай қадамға ескі жүйеде қосымшаның мүмкіндігін одан әрі кеңейту мүмкін болмағасын барған.

Тағы оқыңыз: Аягөзде WhatsApp-пен видео жіберген тұрғынның басы бәлеге қалды

Бұған дейін WhatsApp қолданушы жіберген хабарламаларды автоматты түрде өшіретін функция қосатынын хабарланған болатын. Сондай-ақ, таймер уақытын да реттеуге болады. Бір сағат, бір күн, апта, ай және жылдан соң деп белгілеуге болады.  

Жаңалықтар
0