Сириядан қайтарылған 14 қазақстандықтың ісі бойынша соттың шешімі шықты

Сириядан қайтарылған 14 қазақстандықтың ісі бойынша соттың шешімі шықты

386
(Жаңартылды 18:11 11.12.2019)
Прокуратура барлық сотталушыны 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сотталушылардың жазасын жеңілдететін жағдайлар ескерілген

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Елорданың қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты "Жусан" операциясы аясында Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін прокуратура барлық сотталушыны 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Прокурор Еділ Мұраттың айтуынша, сотталушылардың бірінші рет қылмысқа баруы, жас балаларының болу және өкінуі сияқты жазаны жеңілдететін жағдайлар ескерілді. Ал діни алауыздық бойынша басқа азаматтардың әрекеттері үшін кек алу мақсатында қару мен оқ-дәріні қолдану қылмыстық жазаны ауырлататын жағдайлар ретінде қарастырылды.

Қазақстан азаматтары Қылмыстық кодекстің 174-бабы (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру), 256-бабы (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру),  257-бабы (террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) және 313-бабы (қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату) бойынша кінәлі деп танылып отыр.

В Нур-Султане озвучили приговор 14 казахстанцам, вернувшимся из Сирии
© Sputnik / Жания Уранкаева
Сириядан қайтарылған 14 қазақстандықтың ісі бойынша соттың шешімі шықты

Судья Әділхан Шайхисламов прокуратураның талаптарын  қанағаттандырды. Соттың шешімімен Нұрлан Қамалов - 14 жылға,  Газинұр Бақытжанов - 13 жылға, Руслан Қуанов - 11 жылға, Аманжол Жансеңгіров - 12 жылға , Тұрлан Әбілқайыров - 11 жылға, Думан Сәдуақасов -  11 жылға, Бақтияр Ибраев пен Данабек Төреханов - 9 жылға, Данияр Әлтаев - 10 жылға, Дәурен Сәбитұлы - 11 жылға, ал Абзал Амангелді, Алмаз Нарбутин және Ермұхан Айыпқалиев пен Жандос Әжмәмбетов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Әрбіреуі жәбірленушілердің өтемақы қорына 50 000-75 000 теңге аударуы шарт. Сотталғандардың мүлкі тәркіленбейді.

Қазақстан азаматтары Сирияда немен айналысты?

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталғандардың біреуі – 1992 жылы туған Данияр Әлтаев. 2013 жылы Бішкек арқылы Сирияға барған. Лақап аты – "Әбу Юсуф". Екіншісі – 1992 жылғы Абзал Амангелді. Осыдан төрт жыл бұрын ата-анасымен бірге Сирияға көшіп кеткен. Сол жақта ДАИШ-тың* құрамына кіретін "қазақ жамағатына" қосылған. Былтыр Абзал Амангелді ДАИШ-тың* құрамынан шығып, қашып кеткен. Оның бес баласы бар.

Ал Тұрлан Әбілқайыров 25 жасында әйелі мен жас баласын алып, алдымен Ресейге, одан кейін Түркияға барған. Сол жақтан Сирияға заңсыз өтіп кеткен. Сөйтіп террористік топтың құрамына қосылды. Оның лақап аты – "Әбу Сейфуллах". Тағы бір сотталушы Жандос Әжмәмбетов Сирияда "Хасан" деген атпен танылған. Жасы – 29-да. 1985 жылы туған Ермұхан Айыпқалиевтың лақап аты – "Исмайл". Ол жарақат алып, мүгедек болып қалған. Айыпқалиев бүгінгі сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты. Себебі өзі жүре алмайды.

56 жастағы Газинұр Бақытжанов Сирияда екі бірдей лақап атпен танылған. Біреуі – "Әбу Сүлейман", екіншісі – "Бабай". Ол ДАИШ-тың* ішкі қауіпсіздік қызметіне кірген және әскер қатарынан қашқан Қазақстан азаматтарын құрықтауға көмектескен. Онымен бірге 1986 жылғы Аманжол Жансеңгіров жүрген. Ол 8 жыл бұрын алдымен Ауғанстанға барған. Ал екі жылдан кейін Сирияға заңсыз өтіп, "қазақ жамағатына" қосылады. Лақап аты – "Абдулфайыз".

Тағы оқыңыз: 13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры - видео

35 жастағы Бақтияр Ибраев та алдымен ауған жеріне барған. Бертін келе, Сирияға ауысып, сол жерде әскери тактика мен снайперлік өнерден инструктор болған. Содырлар оны "Әбу әли" деп атаған. Ал 1978 жылғы Нұрлан Қамаловтың бірнеше лақап аты болған. Олар – "Абдулла", "Қожеке" және "Әбу Абдулла". Ол "қазақ жамағаты" құрамында "әмір" қызметін атқарған. 28 жастағы Руслан Қуановты "Аббас" деп атаған. Ол Мысырда діни білім алып жүргенде ДАИШ-тың ықпалына түскен. Сөйтіп, Сирияға кетіп қалған. Сол жақта қазақ жігіттеріне дәріс оқыпты.
Бұдан бөлек, сотталушылардың арасында 1986 жылы туған Алмаз Нарбутин (лақап аты – "Солих медик"), 1988 жылғы Дәурен Сәбитұлы, 1990 жылғы Думан Сәдуақасов және 1987 жылы туған Данабек Төреханов бар. Сотта барлығы өздерінің отбасылары жайында айтып берді. Мәселен, Алмаз Нарбутиннің екі баласы бар. Азаматтық некеге екі рет тұрған. Оның бір әйелі Сирияда жүргенде қайтыс болыпты.

Сот отырысы қашан басталды?

Айта кетейік, 22 қазан күні Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты ашық сот тыңдауы басталған болатын. Тергеу мәліметінше, айыпталушылар бұрын ДАИШ* содыры болған. Олар "Жусан" арнайы операциясы аясында Қазақстанға оралды.

Он төрт қазақстандыққа террорлық әрекетке қатысты, терроризмге тартты және насихаттады, сондай-ақ басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылды. Олардың біреуі мүгедек болып қалған. Сол себепті процеске видеоконференция арқылы қосылып отырады.

Тағы оқыңыз: "Адам басына аяғын қойып, фотоға түсті": Сириядан келген жігіт әрекетін түсіндірді

Жалпы ҰҚК мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестерімен бірге Сириядан 595 қазақстандықты қайтарды, олардың 400-ден астамы балалар. Бұған дейін Қазақстанға оралған он ер адам мен бес әйел түрлі мерзімге сотталған болатын. Олар террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.

*ДАИШ - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым

386
Кілт сөздер:
сот шешімі, қазақстандықтар, Сирия
Тақырып бойынша
Сириядан оралған қазақтың өкініші: үшеуміз ғана тірі қалдық
Прокурордың Сириядан қайтарылған 14 қазаққа қандай жаза сұрағаны белгілі болды
"Жолда баламды өлтіріп алдым": Сириядан оралған келіншектің азапты өмірі
Сириядан оралған ақтөбелік әйелдің 5 жыл бұрын жасаған қылмысы әшкере болды
Бетперде таққан адамдар

Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді

889
(Жаңартылды 17:42 22.01.2021)
Президент эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.

Министр мемлекет басшысына өңірлердегі эпидемиялық жағдай туралы, соның ішінде, карантин шараларының күшейтілуі және ұлттық  денсаулық сақтау жүйесінің қолда бар ресурстары жайында мәлімет берді. Цой жұқпалы аурулар стационарларындағы дертке шалдыққан адамдар жататын орындардың 33 процентке, жансақтау бөлімдерінде бұл көрсеткіш 21 процентке толғанын айтты.  

Денсаулық министрі COVID-19 жұқтырғандар санының көбеюіне қарамастан, еліміздегі ахуалдың бақылауда тұрғанын және медициналық қызметтің азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.  

Ол елімізде адамдардың коронавирустан қайтыс болу деңгейі былтырғы шілде айымен салыстырғанда 4 есе төмендегенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, халықты уақытылы әрі толық құлақтандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді жүктеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, 1 миллион адамға шаққандағы індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында тұр. Ал өткізілген тест сынамаларының саны бойынша 67-ші, өлім-жітім бойынша 94-ші, COVID-19 індетінен жазылып шыққандар саны бойынша 48-ші, дерттің ауыр тиюі тұрғысынан 50-орында.

889
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Ақша, теңге

Өткен жылы Қазақстанда жемқорлық жасағаны үшін қанша адам сотталды

7
(Жаңартылды 17:14 22.01.2021)
Агенттік бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін екенін ескертіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2020 жылы жемқорлық үшін сотталған лауазымды тұлғалардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 2020 жылы мыңнан астам адам сотталған. 

Соның ішінде 334 - пара алғаны үшін, 256 - пара бергені үшін, 146 - алаяқтық үшін, 98 - ұрлық үшін, 120 - лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін, 26 - парақорлыққа делдал болғаны үшін және тағы басқа. 

"299 адам бас бостандығынан айырылды, 142 адамның бас бостандығы шектелді, 575 адамға бірнеше еселік айыппұл салынса, қалғандары шартты мерзімге немесе кейінге қалдыру жазасына кесілді", - деді ол брифингте.

Сондай-ақ, 1 268 адамға қатысты қосымша жазалау шаралары қолданылған. 

  • 963 адам белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды;
  • 279 адам - арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды; 
  • 26 адам мүлкі тәркіленіп сотталды.

Агенттік бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін екенін ескертті.

 

7
Кілт сөздер:
жемқорлық, Қазақстан
Тақырып бойынша
Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?
Қазақстандық шенеунік қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алды
Шенеуніктерді жемқор деп айыптаған кәсіпкердің өз қылмысы әшкере болды
Пара бергендер төлейтін айыппұл мөлшері артты
Қазақстанда генерал-майор 200 мың теңге пара үшін бес жылға сотталды

Салмағы қалпына келді: Симба Алматыда қысты қалай өткізуде - видео

0
(Жаңартылды 18:15 22.01.2021)
Ақтаулық Симба Алматыдағы жаңа "үйіне" үйренді. Ол шынының ар жағынан келушілермен ойнағанды ұнататын көрінеді

Ақтаудағы иесі Симбадан бас тартқан болатын. Кейін ол Алматыға жеткізілді. Жаңа жерден бейімделіп үлгерген. Қарды ұнатады, ауа температурасы жылы болған кезде серуендейді.

Алматы хайуанаттар бағының ветеринарлары арыстан африкалық хайуанат болғандықтан, жылы ауа райын жақсы көретінін айтады. Алайда бұған қарамастан, қарда ойнауға әуес. Бастысы, ауа температурасы нөлден төмен болмауы керек.

0