Қоғам

Тоқаев билік кез келген оң өзгерістерге дайын екенін мәлімдеді

© Sputnik / Абзал КалиевПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Национального совета общественного доверия
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Национального совета общественного доверия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің айтуынша, бүгінде адамдар айналадағы агрессиядан, текетірестен шаршады, сондықтан жақсылықты молайтуымыз керек

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан билігі ел болашағына пайдасын тигізетін кез келген оң өзгерістерге дайын. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Билік мемлекетіміздің дамуына, болашағына пайдасы тиетін кез келген оң өзгерістерге дайын. Ұлттық кеңес осындай жұмыста маңызды рөл атқаруы керек", - деді Тоқаев бүгін ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Президент елімізде жер тағдырына қатысты аса маңызды мәселелер ашық талқыланатынын, кеңесте көтерілген түйткілді мәселелер қоғамда қызу пікірталасқа түсіп жатқанын атап өтті.

"Мұның бәрі халқымыздың саяси әрі ұлттық мәдениетінің артқанын айқын көрсетеді. Бірақ мәселе тек саясатта ғана емес, көп нәрсе адамдар арасында, отбасында, яғни күнделікті өмірде ұстанатын қарапайым құндылықтарға байланысты. Шындығын айтқанда, бүгінде адамдар айналадағы толған агрессиядан, текетірестен шаршады. Сондықтан жақсылықты молайтуымыз керек. Ізгі ниетті болуды үйренуіміз керек", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев мейірімділік пен рақымдық орнықты даму мен рухани өрлеудің қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін айтты. Сонда ғана Қазақстан әділ қоғам мен өркениетті мемлекет құра алады.

Тағы оқыңыз: Президент қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі халық алдындағы жауапкершілікті сезініп, ел үмітін ақтауы тиіс. Реформалар тек реформа үшін жасалмайтынын түсінуіміз керек. Біз тың бастамаларды жан-жақты ойластырып, нақты нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Бұл өте маңызды. Реформалардың басты мақсаты – даму бағытымыздан ауытқымай, оған тың серпін беру",- деді президент.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі

Айта кетсек, бүгін астанадағы Тәуелсіздік сарайында ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті.

Кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өткен еді. Ол кезде спикерлер зейнетке шығу жасын қайта қарауды, өлім жазасын жаза ретінде алып тастауды, сайлау заңнамасын реформалауды және мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынған болатын.

Қазақстан президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтар
0