Қоғам

Бекболат Тілеухан партия құрмақ болған келініне қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневБекболат Тілеухан, ҚР ұлттық спорт федерациясының президенті
Бекболат Тілеухан, ҚР ұлттық спорт федерациясының президенті  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат Бекболат Тілеуханның келіні Тоғжан Қожалиева "Хақ" партиясын құрғалы жатыр деген әңгіме тараған еді

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Бір партиядан екінші партияға секіре беретін адам емеспін, деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан. Бұл туралы ол ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде депутат Бекболат Тілеуханның келіні Тоғжан Қожалиева "Хақ" партиясын құрғалы жатыр деген әңгіме тараған еді.

"Он адам болса, он түрлі пікір болады. Ол менің келінім екені рас. Өзінің саяси көзқарасы, өмірлік ұстанымы бар. Бірақ мен бір партияда жүріп, екінші партияға секіре беретін адам емеспін. Nur Otan" партиясының белді мүшесімін. Белді мүшесі ғана емес, сол партия гимнінің авторымын. Партияның төрағасы Назарбаевтың ұстанған саясатын жалғастыруға, былайша айтқанда, соның насихатшысы болған адаммын", - деді Тілеухан.

Депутат бір партиядан шығып, екіншісіне ауысу адамгершілікке де, саяси мәдениетке де жатпайтынын атап өтті.

"Келін дегенімен, туған балам емес. Сосын келін түгілі ішіңнен шыққан балаң да тіліңді ала ма, алмай ма, өзінің көзқарасы. Қазір сондай заман, демократияның заманы. Біреу тауар өндіремін дейді, біреу партия құрамын дейді. Басқа қылам деп жатады. Оның да көзқарасына құрметпен қарау міндетіміз. Оның да өз көзқарасы бар шығар. Бірақ бұл жерге келген кезде, біздің саяси көзқарасымыз екі жаққа кетіп қалғанын жасырмаймын", - деп ағынан жарылды ол.

Тағы оқыңыз: Бекболат Тілеухан көп әйелін қалай тату ұстап отырғанын айтты

Айта кетсек, қазіргі заңнамаға сәйкес, саяси партияны тіркеу үшін партия мүшелерінің саны 40 мыңнан кем болмауы тиіс. Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында мұны 20 мыңға дейін азайтуды ұсынды.

Сонымен қатар мемлекет басшысының пікірінше, ел парламентіне оппозиция қажет. Тоқаев парламенттегі саяси азшылықтың негізін заң жүзінде бекіту керектігін атап өтті. Үкімет президент әкімшілігімен бірлесіп, тиісті заң жобаларын әзірлеп, парламентке енгізуі тиіс.

Жаңалықтар
0