Қоғам

2020 жылы демалыс күндері ауысады

© Sputnik / Владислав ВодневПервый снег в Астане
Первый снег в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілгенін хабарлады.

"Қазақстан үкіметінің қаулысымен Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді", - деп жазылған хабарламада.

Демалыс күндері:

  • 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылдың 3 қаңтары жұмаға;
  • 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;
  • 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылдың 18 желтоқсаны жұмаға ауыстырылды.

Тағы оқыңыз: Жұмыс істейтін қазақстандықтарға бес күн қосымша демалыс беріледі

Үкімет қаулысы жайлы осы жылдың 6 қарашасында премьер-министрдің ресми сайтында жазылған, ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жаңалықтар
0