Панихида по погибшему в авиакатастрофе генералу Рустему Кайдарову

Жақсы ұйымдастырушы еді бұрынғы әріптестері генерал Қайдаров жайлы айтты

510
(Жаңартылды 10:35 29.12.2019)
Алматы қаласында ұшақ апатынан қаза тапқан әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың жаназасы өтті

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. Алматыда 27 желтоқсанда қала түбіндегі ұшақ апатынан қаза болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың жаназасы өтті. Рүстем Есімханұлының асына оның туыстары, әріптестері мен достары келді.

Панихида по погибшему в авиакатастрофе генералу Рустему Кайдарову
© Sputnik / Тимур Батыршин
Рүстем Қайдаровтың жаназасы

"Генералдар кеңесі" РҚБ төралқа төрағасы Рүстем Қайдаров әріптестері арасында белсенді ұйымдастырушы әрі көшбасшы болған екен.

"Ол өте белсенді адам болатын, әрдайым бірдеңе ұйымдастырып жүретін. Мысалы, Отан соғысы батырларымен байланысты шаралар ұйымдастыратын. Біз 28 панфиловшы ерлігіне арналған Мәскеудегі шараларға да қатыстық, жастармен де жұмыс істедік – бұның бәрі Рүстем Есімханұлының еңбегі", - деп әңгімеледі полиция генерал-майоры, "Генералдар кеңесі" РҚБ төралқа мүшесі Райымхан Өзбекқалиев.
Раимхан Узбекгалиев
© Sputnik / Тимур Батыршин
Райымхан Өзбекқалиев

Оның айтуынша, генерал-майордың қазасы туралы күтпеген жаңалық барлығының қабырғасын қайыстырды. Ол Рүстем Қайдаров тірі болса, 2020 жылдың 18 мамырында 80 жасқа толар еді дейді, бұл мерейтойға дайындық басталып та кеткен екен.

Панихида по погибшему в авиакатастрофе генералу Рустему Кайдарову
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда Рүстем Қайдаровтың жаназасы өтті

Генерал Рүстем Есімханұлын жерлеу рәсімі бүгін Алматыда өтеді.

Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 көз жұмып, бірнеше адам ауруханаға түсті.

510
Кілт сөздер:
генерал, ұшақ апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Ұшақтан адамдарды құтқарып жатқан кезде үйдің төбесі опырылып түскен
Режеп Ердоған мен Рим Папасы көңіл айтты
Алматыдағы ұшақ апаты: алты бала жансақтау бөлімінен шығарылды
Алматыдағы апат: сәбиді құтқарған полицей оқиғаның мән-жайын айтты - видео
Ұшақ апатынан аман қалған ұшқыш қамауға алынған жоқ – ІІМ
Аурухана, архивтегі фото

Коронавирус пен пневмониядан тағы алты қазақстандық қайтыс болды

10
3200-ден астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 287 бала бар, 117 адамның жағдайы ауыр

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінде коронавирус инфекциясынан 3 201 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 287 бала бар.

"Стационарларда 2 289 науқас, амбулаториялық деңгейде 912 пациент емделіп жатыр. 117 адамның жағдайы ауыр, ал 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бір тәулікте коронавирустан бес адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті 

Айта кетейік, өткен тәулікте республикада 268 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен қатар 174 адамға коронавирус белгісі бар пневмония диагнозы қойылды.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 111 100 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 840 адам қайтыс болды. 37 378 адам пневмониямен ауырып, 397 адам қайтыс болды.

10
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды
Зертхана, архивтегі фото

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

255
Антирейтинге Шығыс Қазақстан облысы көш бастады – мұнда бір тәулікте жүзден астам адамнан инфекция табылды  

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 268 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі еседей көп, 28 қазанда 148 науқас тіркелген болатын.

Оқи отырыңыз: Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды 

Науқастардың саны жағынан Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр, мұнда бірден 139 адамнан вирус анықталды.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 33,
  • Алматы қаласы – 12,
  • Шымкент қаласы – 2,
  • Ақмола облысы – 10,
  • Ақтөбе облысы – 2,
  • Алматы облысы – 5,
  • Атырау облысы – 4,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 139,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Батыс Қазақстан облысы – 9,
  • Қарағанды облысы – 10,
  • Қостанай облысы – 7,
  • Қызылорда облысы – 6,
  • Павлодар облысы – 12,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 13,
  • Түркістан облысы – 1.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны –111 100.

255
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды
Әлемде бір аптада COVID-19 жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды