Қоғам

Қазақстан жолдарында не болып жатыр: жүргізушілерге арналған ақпарат

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуҚар жауып тұр, автокөліктер
Қар жауып тұр, автокөліктер  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан – Щучье және Нұр-Сұлтан – Теміртау ақылы тас жолдарында көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынып тасталды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның өңірлерінде кейбір көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай хабарлады.

Барлық көлік түрі үшін шектеу енгізілген тас жолдар:

  • Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті, 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы – Павлодар облысымен шектескен бөлігі;
  • Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті, 200-242 шақырымы, Ақмола облысымен шектескен бөлігі – Бозшакөл учаскесі;
  • Қызылорда – Павлодар, 1066-1135 шақырымы, Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы;
  • Қызылорда – Павлодар, 1135-1367 шақырымы, Карағанды облысының шектескен бөлігі – Павлодар қаласының учаскесі.

Қандай жолдар ашық?

Ауа райының жақсаруына байланысты бірқатар тас жолда шектеу алынып тасталды:

Өскемен – Риддер – РФ шекарасы, 15-105 шақырымы, Белоусовка кенті – Риддер қаласы учаскесі;

Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы, 105-123 шақырымы, Шемонаиха – РФ шекарасы;

Щучье – Зеренді кенті, 0-80 шақырымы, Щучье– Зеренді учаскесі;

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты

Екатеринбург – Алматы, 1291-1353 шақырымы, Нұр-Сұлтан – Қарағанды облысы;

Екатеринбург – Алматы, 1291-1353 шақырымыЕкатеринбург – Алматы, 1006-1247 шақырымы, Атбасар – Нұр-Сұлтан учаскесі;

Астана – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау, 42-51 шақырымы, Нұра ауылы – Қарағанды облысының шекарасы, 51-102 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау учаскесі.

Нұр-Сұлтан – Щучье, Нұр-Сұлтан – Теміртау ақылы тас жолдарында жол қозғалысы ашылды. Ақылы жолдарда қозғалыс патрульдік полицияның көмегімен жүзеге асырылуда.

"Щучье – Нұр-Сұлтан жолы сағат 12-де ашылды. Боран әлі соғып тұр, жолдың кейбір бөлігінде қатты жел бар. Жол нашар көрінеді. Жоғары жылдамдықпен жүру мүмкін емес", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне жүргізушілердің бірі.

Павлодар – Нұр-Сұлтан жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған. Тас жолда отыздан аса көліктің жүруіне көмек көрсетілді.

Жолдағы қауіпсіздік

Республикалық маңызы бар жолдарда 616 техника жұмыс істеп жатыр.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жүргізушілерге жолда сақ болып, жол қауіпсіздігі ережесін сақтауға кеңес береді.

Жол апаты болған жағдайда 1403 телефон нөміріне хабарласу қажет.

Жаңалықтар
0