Архивтегі фото

Педагог мәртебесі: мұғалімдерге қосымша ақы қалай төленеді?

3133
Бұған дейін сынып жетекшілігі үшін әрі кетсе 5 309 теңге төленетін. Енді осы ақша екі есеге көбейеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі "Педагог туралы" заңның аясында қосымша ақылардың қалай төленетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Бибігүл Асылованың айтуынша, қазіргі кезде мұғалімдердің арасында магистр дәрежесі бар мамандар аз. Олардың жалпы саны – 7,5 мың адам, яғни барлық педагогтың 3,5 проценті ғана. Ал әлемдік көрсеткіш 40-50 процентті құрайды. Осыған байланысты магистр атағы үшін 10 АЕК (26 510 теңге – Sputnik Қазақстан) көлемінде қосымша ақы қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды

"Сосын мектепке алғаш рет келген жас мұғалімге бір жылға тәлімгер бекітіледі. Ол педагогтың кәсіби дайындығы жоғары болуы шарт. Оған тәлімгерлік жасағаны үшін бір базалық қызметтік еңбекақының көлемінде қосыша ақы төленеді. Оның көлемі 17 697 теңгені құрайды", - деді Асылова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақылардың көлемі екі есеге артып отыр.

"Бұған дейін сынып жетекшілігі үшін кем дегенде 4 424 теңге, әрі кетсе 5 309 теңге болған. Енді осы ақша екі есеге көбейеді. Сол сияқты дәптер тексергені үшін 3 533-4 424 теңге төленетін. Ол да екі есеге өседі", - деп атап көрсетті Асылова.

Сондай-ақ, педагогикалық шеберлік үшін барлық мұғалімге 30-50 проценттік қосымша ақылар төленеді. Ол үшін ұлттық біліктілік тестін тапсырып, кәсіби дәрежені дәлелдеу керек. Ал мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары өз жалақысын 30-100 процентке дейін өсіре алады.

"Жергілікті атқарушы органдар қосымша қолдау шараларын жасап, 300 айлық есептік көрсеткіштен (795 300 теңге – Sputnik Қазақстан) кем түспейтін сыйақы бере алады", - дейді Асылова.

3133
Кілт сөздер:
мұғалімдер мәртебесі, жалақы
Тақырып бойынша
Білім министрі таяуда жақсы жаңалық болатынын мәлімдеді
"Бұл бәрібір болатын нәрсе": Президент митинг туралы пікір білдірді
Білім министрі сенаторлардың ашуына тиген мәселеге жауап берді
Бес жылда білім саласы қалай өзгереді – министр жаңа бағдарламаны таныстырды
Мұғалімге тіл тигізгендер қамауға алынады - жаңа заң нормалары
Жусан операциясы

Сирияға кеткен мыңға жуық қазақстандықтың 600-і оралды Назарбаев

40
Қазақстанның тұңғыш президенті елге оралған 600 қазақстандықтың ішінде 33 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Сирияға кеткен қазақстандықтар туралы айтты.

"Qazaq. History of the Golden Man" ("Қазақ. Алтын адамның тарихы") фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Елбасы Ислам мемлекетінің* қызметі толығымен экстремистік идеологияға негізделгенін мәлімдеді.

"Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп айтылған. Олардың мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ, олар дінді өз мақсаты үшін пайдаланатын экстремистер. Бұл Исламның өзіне зиян тигізеді", - деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті республикадан Сирияға бір мыңға жуық азамат кеткенін, олардың 600-і отанға оралғанын хабарлады.

"Біз 600 адамды қайтардық, оның ішінде 303 ер адам. Отыз үшіне қатысты тергеу жүргізіп жатырмыз. Жұмысы жоқ, қиыншылық көрген адамдар сол жерге кетті. Онда өмір керемет болатынына уәде береді. Сондықтан ол жаққа бүкіл отбасымен бірге барды. Өздерін ұрып-соғып, өлтірген кезде ғана жағдайды түсінді", - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасы исламның және бүкіл әлемнің ірі орталықтарының бірі болып табылатын Сирияның қирауы мәселесіне қатысты өз өкінішін білдірді.

"Мен ол жерде болдым, керемет ғимараттарды көрдім... Олар біздің балалар көре алмайтын бүкіл адамзаттың тарихи, мәдени естелігін жойды", - деді Назарбаев.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті "Жусан" гуманитарлық арнайы операциясы аясында Сирия мен Ирактан қазақстандықтарды қайтару бойынша 5 арнайы операция өткізді.

Бұл арнайы гуманитарлық операцияның бірінші кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 6 қаңтарында ұйымдастырылды.

ИМ* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

40
Кілт сөздер:
Назарбаев, Сирия, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Назарбаев өзінің арманы туралы айтты
Назарбаев Қазақстан Қырымға қатысты дауыс беруден неге қалыс қалғанын түсіндірді
Назарбаев Қазақстан жастарына үндеу жасады – видео
Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды – Назарбаев
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды
Олжас Құдайбергенов

Тоқаевтың экс-көмекшісі зейнетақы жинағының жеткілікті шегіне қатысты ойын айтты

96
Белгілі экономист зейнетақыны алу үшін жинақтың жеткілікті шегінің жаңа мөлшері тым жоғары және қазақстандықтардың көпшілігі үшін қолжетімді емес екенін алға тартты

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Экономист және президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов келер жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін ең төменгі жеткілікті шегінің артуына қатысты пікірін білдірді.

Құдайбергеновтың айтуынша, жеткілікті шекті көтеру формуласында көптеген логикалық қате бар. Ол есептеу кезінде БЖЗҚ мамандары ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жыл сайынғы өзгеруін және жыл сайынғы өсу процентін ескерді. Мұндай шешім екі түрлі есептеуге алып келді. 

"Ең төменгі жалақы ЕТЖ-дан немесе ең төменгі зейнетақыдан барынша көп мәнді таңдау үшін пайдаланылады. Мен қателесуім мүмкін. Бірақ іс жүзінде зейнеткерлер алатын сома әлі де ең төменгі зейнетақы негізінде есептеледі. Егер олай болса, онда формулада шекті шамадан тыс көтеретін ең төменгі жалақыны қолданудың қандай қажеті қанша?", - деп жазды экономист өзінің Facebook парақшасында.

Сондай-ақ Олжас Құдайбергенов БЖЗҚ формуласында зейнетақы төлемдерінің шекті жасы қолданылатынын айтты.

"Ерлердің орташа өмір ұзақтығы 67 жыл делік, бірақ барлығы 82 жасқа дейін өмір сүретіндей шек есептелген. Жеткіліктілік шегін бұрмалайтын басқа да ұсақ-түйек бар. Мәселен, 20 жастағы адамда 3 миллион теңге жеткіліктілік шегі болады деген де қисынсыз", - деп нақтылады сарапшы.

Құдайбергенов Қазақстандағы орташа ресми жалақы 230 мың теңге екеніне назар аударды. Ал жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшеріне сай келу үшін 31 жастағы адам оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айдан бастап 10 жыл бойы 375 мың теңгеден алуы қажет еді.

Кеше, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Егер 2021 жылы 20 жастағы салымшы үшін жеткілікті шек мөлшері 1 710 000 теңге болса, 2022 жылдан бастап ол 3 140 000 теңге болады.

96
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, президенттің көмекшісі, зейнетақы жинағы
Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану: "жеткілікті шек" 2022 жылы өседі
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қалай өзгерді
Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі қалай есептеледі – видео
Зейнетақы жинағының "жеткілікті шегі" неліктен күрт өсті – БЖЗҚ жауабы  
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі артады: қазақстандықтар қарсы петиция әзірледі