Шипажай, архивтегі фото

Мұғалімдер шипажайда тегін емделеді жаңа заңның нормасы

13501
"Педагог мәртебесі туралы" заңға енгізілген жаңа нормаға сәйкес, әкімдіктер мұғалімнің санаторийлік-курорттық емделуіне және демалуына кететін ақшасын толықтай немесе жартылай төлеп бере алады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жаңа заңға енгізілген қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізі, бүгінде "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бар. Онда қолдаудың біраз шарасы көрсетілген. Сондықтан оның бәрі заңмен бекітудің қажеті жоқ. Бұл – бөлек бағдарлама. Ауылға баратын педагогтар ол қолдауға жиі жүгініп жатады. Мәселен, биыл бағдарламаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес, бір реттік көтерме жәрдемақының көлемі 70 АЕК-ке (185 570 теңге – Sputnik Қазақстан) көтерілді", - деді Каринова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Педагог мәртебесі: мұғалімдерге қосымша ақы қалай төленеді?

Оның сөзіне қарағанда, биылдан бастап "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша берілетін несиенің көлемі де өсіп, 1 500 айлық есептік көрсеткішке (3 976 500 – Sputnik Қазақстан) жеткен. Осы ақшаға баспана сатып алуға болады.

Ал жер қатынастары туралы заңнама бойынша мұғалімнің жер учаскесін алуға басымдық құқығы бар. Сондай-ақ, мәслихаттың шешімімен жергілікті бюджеттен коммуналдық төлемдер мен көмір-отынды сатып алуға мүмкіндік алады. Бұның бәрі болған. Бірақ "Педагог мәртебесі туралы" заңда тағы бір мәрте көрсетіліп, педагогтың кепілдіктері ретінде айқындалды.

"Ал заңға енгізілген жаңа нормаларға келетін болса, әкімдіктерге тағы бір құқық берілді. Мысалы, өте қажетті маман болса, оның баспананы жалдауға кететін шығындары мен коммуналдық төлемдерін өтеуге болады. Сосын санаторийлік-курорттық емге байланысты ақшасын толықтай немесе жартылай төлеп тұруға мүмкіндік беріледі. Бұрын ондай болмаған", - деп атап көрсетті Каринова.

Айта кетейік, "Педагог мәртебесі туралы" заңда жаңа норма былай көрсетілген: "Жергілікті атқарушы органдар педагогке тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдерін, санаторийлік-курорттық емделуге және демалуға жолдама алу үшін толық немесе ішінара төлемақы, сондай-ақ педагогті әлеуметтік қолдауға бағытталған өзге де жеңілдіктерді көздеуге құқылы".

13501
Кілт сөздер:
курорт, мұғалімдер мәртебесі
Тақырып бойынша
Мұғалімге тіл тигізгендер қамауға алынады - жаңа заң нормалары
Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді
Білім министрі таяуда жақсы жаңалық болатынын мәлімдеді
Білім министрлігі жаңа ереже дайындап жатыр: кімдер ҰБТ-дан босатылады
Индонезиядағы жер сілкінісі

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне көңіл айтты

25
(Жаңартылды 19:49 15.01.2021)
Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жерасты дүмпуі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Индонезиядағы жер сілкінісі

Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет 5,7 және 6,2 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті.

Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.

Билік 15 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

25
Тақырып бойынша
Тоқаев парламент отырысында қандай уәде берді – толық ақпарат
"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты
Президент мәжіліске өтпеген саяси күштер туралы пікір білдірді
Бірнеше депутат премьер-министр кандидатурасын қолдамады – Тоқаев не деді
Ауылға баратын әрбір жол толығымен жөнделеді – Тоқаев
Құс пен қыс

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

329
Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктен секундына 15-20 м/с жел соғады

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 2021 жылдың 16-18 қаңтарында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Сенбі, жексенбі күндері республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

Кей жерлерде жауын-шашын түседі, батыста қар мен жаңбыр араласып, солтүстікте қар жауады.

Сондай-ақ кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады, ауа температурасы көтеріледі. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда түнде минус 13-15 градус, күндіз 4-6 градус аяз болады.

Алматыда түнде минус 8-10, күндіз плюс 5-7 градус.

Шымкентте түнде плюс 1-3, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Дабылды ескерту жарияланды

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады.

"Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 18 метр жылдамдықпен жел соғады. Мұғалжар ауданында түнде желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді", – делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с, күндіз екпіні секундына 25 м/с жетеді.

16 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Петропавлда түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

329
Кілт сөздер:
табиғат, ауа райы
Көлік, жол

Көлік дәмхана ішіне кіріп кетті оқиғаның видеосы тарады

0
Көлік жүргізушісі жол қиылысында рөлге ие бола алмай, дәмхана есігіне соғылды.  Дәл осы сәтте жаяу жүргіншілер жолдан өтпек болған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көлік дәмхананың шыны есігін бұзып, ішіне кіріп кетті.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Видеоны LIFE SHOT Telegram-каналы жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, жағдай Петроград ауданының Большая Монетная көшесінде болған. Көлік жүргізушісі жол қиылысында рөлге ие бола алмай, дәмхана есігіне соғылды. Дәл осы сәтте жаяу жүргіншілер жолдан өтті. 

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

0
Тақырып бойынша
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Нұр-Сұлтан автобусындағы жанжал: жүргізуші жұмыстан шеттетілді
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Алматыда BMW бетон қабырғаға соғылды – көліктің сау-тамтығы қалмаған
Алматы орталығында жүргізуші танысына оқ атты