Қазақстан

Әлеуметтік прогресс рейтингі: Қазақстан ЕАЭО-да Қырғызстаннан ғана озып тұр

88
(Жаңартылды 14:01 14.01.2020)
Рейтинг көшбасшысы - Норвегия. Жалпы ұпай саны - 90,95. Одан кейін Дания және Швейцария орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлем елдерінің әлеуметтік прогресс рейтингісі жарияланды, деп хабарлады Ranking.kz.

Рейтинг көшбасшысы - Норвегия. Жалпы ұпай саны - 90,95. Одан кейін Дания (90,09) мен Швейцария (89,89) келеді. Ал алғашқы ондыққа Финляндия, Швеция, Исландия, Жаңа Зеландия, Германия, Канада және Жапония енді.

Қазақстан 149 елдің ішінде 69-шы орынға жайғасты. Ұпай саны - 68,2. Еуразиялық экономикалық одақ бойынша Қазақстан тек Қырғызстаннан (81-ші орын) озып кетті. Беларусь 48-ші, Армения — 59-шы, ал Ресей 62-ші орында тұр.

Негізгі көрсеткіштер

Рейтинг жасау кезінде әрбір елдің әлеуметтік прогресс саласындағы барлық жетістігі есепке алынды. Осы орайда, 50-ден астам көрсеткіш ескеріледі. Соның барлығы үш негізгі топқа енгізілген.

  1. Адамның негізгі қажеттіліктері — тамақтану, медициналық көмек, су, электр энергиясы мен санитарлық қызметтердің колжетімді болуы, баспанамен қамтамасыз ету және жеке қауіпсіздік деңгейі;
  2. Адамның аман-саулығына қажетті жағдайлар — базалық білім, ақпарат пен коммуникация құралдарының қолжетімді болуы, қоршаған орта сапасы, сауаттылық және денсаулық сақтау саласының деңгейі; 
  3. Адамның даму мүмкіндіктері — жеке және азаматтық бостандықтар деңгейі, адамның өз әлеуетін және шешім қабылдау бойынша негізгі құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Қазақстан әрбір топта қанша ұпай жинады

Рейтингте әрбір мемлекеттің жеке топтар бойынша жинаған ұпай саны мен алған орны көрсетілген. Қазақстан "адамның негізгі қажеттіліктері" тобында  85,39 ұпай жинап, 57-ші орыннан көрінді.

Ал "адамның аман-саулығына қажетті жағдайлар" жасау жағынан 70,36 ұпаймен 68-ші орынға ие болды. Бұдан бөлек, "адамның даму мүмкіндіктерін" 48,84 ұпайға жасап, 87-ші орынға шықты.

Қазақстанның әлеуметтік салада жоғары баға алған көрсеткіштері:

  • Тамақтану мен базалық медициналық көмек – 94,93;
  • Базалық білімнің қолжетімді болуы – 94,73;
  • Су мен санитирия - 93,21;
  • Баспанамен қамту – 87,63;
  • Ақпарат және коммуникацияның қолжетімді болуы – 76,24.

Қазақстанның әлеуметтік салада төмен баға алған көрсеткіштері:

  • Инклюзивті жағдай жасау – 31,20;
  • Жоғары білім қолжетімділігі – 46,23;
  • Қоршаған орта сапасы – 49,57;
  • Жеке құқықтар – 51,47;
  • Денсаулық пен аман-саулық – 60,89.
88
Кілт сөздер:
халықаралық рейтинг, ЕАЭО, Қазақстан
Тақырып бойынша
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады
Алматы түбіндегі апат: ұшақтың "қара жәшігіндегі" жазбалар оқылды
Отыз жеті судья жұмыстан шығарылған: Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Ақтөбеде 700 мың теңге пара алған басшының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды
Атырауда жанармай бекетіне шабуыл жасалды - видео
коронавирус

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады министр

19
Соңғы ақпарат бойынша елде ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен 129 213 науқас тіркелді, ал ковидтік пневмонияға 41 756 адам шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанда коронавируспен байланысты эпидемиологиялық жағдай ушығып барады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда коронавирус жұқтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. 27 қарашадағы жағдай бойынша ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен 129 213 науқас тіркелді, ал ковидтік пневмонияға 41 756 адам шалдықты", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, қазір республика орташа қауіпті аймақта тұр.

Коронавирустан 115 384 адам жазылып шықты, 2013 науқас қайтыс болды.

Ал ковидтік пневмониядан 30 362 пациент емделді, 439 адам көз жұмды.

19
Жандарбек Бекшин

Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін Бекшин

386
(Жаңартылды 16:43 27.11.2020)
Комиссия Бекшин басқаратын ведомствоны тексеріп, ешқандай ұрлық анықталған жоқ деген қорытындыға келді

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өзі басқаратын ведомство еңбек демалысындағы медицина қызметкерлеріне 4,2 миллион теңге қаражатты негізсіз төледі деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның мәліметінше, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаланың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қатысты тексеру жұмыстары 30 қыркүйекте аяқталды.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда оқушылардың коронавирусты қалай жұқтырып жатқанын айтты 

Бұған дейін БАҚ-та Жандарбек Бекшин қызмет ететін ведомствода 55 миллион теңгеден асатын сомаға заңбұзушылық жасалғаны хабарланды.

Брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігері БАҚ-та ақпарат қате берілгенін айтты.

"51 миллион теңгеден астам қаражат – бұл процедуралық сипаттағы іс. Ол бюджетке қайтарылмайды. Яғни, мұның бәрі салық, зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және т.б. үстемақылардан ұсталуы тиіс қаражат. Ұсталынып қалған қаражаттың бәрі тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету комитетінің нұсқаулық хаты негізінде жүргізілді. Бұл қаражат ешкімге берілген жоқ, керісінше ұсталынып қалды", - деп түсіндірді Бекшин.

Ал қалған 4 миллион теңге еңбекке жарамсыздық парағын әкелген қызметкерлерге төленген. Ал бұл сома қайтарылады.

"Комиссия департамент бойынша талдау және тексеру жүргізген кезде ешқандай ұрлық анықталған жоқ деген қорытындыға келді. 55 миллион емес, үй карантинінде жатқан адамдарға 4 миллион теңге төленген. Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін", - деді Бекшин.

Айтуынша, тексеріс барысында ведомствоға ескерту жасалды.

386
Кілт сөздер:
жалған ақпарат, Жандарбек Бекшин
Тақырып бойынша
Фейк емес: Бекшиннің қаулысы туралы ақпарат рас болып шықты
Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті – Бекшин
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты