НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, шоқындыру мерекесінде қатты аяз болмайды. Шоқындыру мерекесі 19 қаңтар, жексенбіге түсіп тұр.
Атлантика аудандарынан арктикалық жағалау арқылы жылу мен ылғал қоры мол циклондар бірінен кейін бірі ығысады. Бұл Қазақстанға арктикалық суықтың енуін қиындатады.
Нұр-Сұлтанда жауын-шашын күтілмейді, 19 қаңтарда түнде -7-12℃, күндіз -3-8℃. 20 қаңтарда түнде -13-18℃, күндіз 7-12℃ аяз.
"Алдағы бірнеше тәулікте республикадағы ауа райына әсер ететін синоптикалық процестерде қандай да бір елеулі өзгерістер болмайды. Сол себепті Қазақстанда шоқындыру мерекесінде қатты аяз болжанып отырған жоқ", - деді Sputnik Қазақстанға Қазгидрометтен.
19-20 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда атмосфералық ағымдардың әсерінен кей жерлерде аздаған қар жауып, бұрқасындатады, батыстан және солтүстік-батыстан екпінді жел соғады.
Ауа температурасы түнде -10-18℃, күндіз -5-10℃ аяз.Республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі.
Тағы оқыңыз: Шоқындыру мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма: имам жауап берді
Батыста түнде -2-10℃ суық, күндіз -4℃ суық және +2℃ жылы.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде -8-15℃, күндіз -5℃ суық және +2℃ жылы болады деп болжанып отыр. Ал орталық өңірлерде түнде -8-15℃, күндіз -5-10℃ аяз.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі карантин кезінде қолға алынған шаралар биыл да жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"2020 жылы IV тоқсанда 119,7 мың отбасындағы 614,3 мыңнан астам қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды. Оған дейін II және III тоқсанда төтенше жағдай мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындау ұзартылған болатын. Аталған тәжірибе 2021 жылдың 1 тоқсанында барлық атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолданылды", - делінген ресми хабарламада.
Министрлік осы шаралардың арқасында вирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуды көздейді.
Ресми мәліметке сәйкес, 2020 жылы республика бойынша 184,7 мың отбасындағы 936,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын. Осы мақсатта бюджеттен 75,3 миллиард теңге бөлінді. Заңға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентінен төмен азаматтарға тағайындалады.
"Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі. 2020 жылы осы санаттағы 218,2 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама алды", - дейді министрлік мамандары.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракция депутаттары ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Александр Милютиннің ойынша, қазіргі зейнетақы жүйесі түбегейлі өзгертуді қажет етеді.
"Қазақстандықтардың көбінде жалақы аз болғандықтан, зейнетақы жинағы жеткілікті емес. Сол себепті біздің партия бұған дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесіне қайта оралуды ұсынады. Біздің басты ұсынысымыз – еңбек жағдайларының қиындығына байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарастыру. Зейнетке шығу жасын азаматтың жынысына қарамастан 60 жасқа дейін төмендету қажет ", - деді ол премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.
Мәжілісмен елде жұмыссыз жастар мәселесі өткір тұрғанда, зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен көтеру ақылға сыймайтынын айтты.
Сондай-ақ, Милютиннің пікірінше, ең төменгі базалық зейнетақы жыл сайынғы түзетумен орташа жалақыға тең болуы тиіс.
"Қазақстан халық партиясы үкіметтен болашақ зейнеткерлер үшін қаржылық "қауіпсіздік жастығын" қалыптастыруға арналған тетіктер тізімін кеңейтуді талап ететін болады", - деді депутат.
Оның айтуынша, зейнетақыны жыл сайын индексациялау кезінде тек номиналды инфляцияны ғана емес, нақты тұтыну бағасының өсу индексін, сондай-ақ, жалақы өсімі индексін де ескеру қажет.
Милютин карантиндік шектеу шараларынан елде жұмыссыздық деңгейі өсіп жатқанына алаңдады.
Бұдан бөлек, жұмыс істейтіндердің зейнетақы, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінен шығып қалу қатері күшеюде.
БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы жинақтары 5 жыл ішінде алғаш рет төмендеген. 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ол 11 триллион 405 миллиард теңге, ал 2020 жылдың 1 маусымына қарай 11 триллион 388 млрд теңгеге дейін, яғни 17 миллиард теңгеге қысқарды.