Сергек камерасы

"Сергек" камерасы қандай заңбұзушылықты анықтай алмайды?

4187
(Жаңартылды 14:48 16.01.2020)
Sputnik Қазақстан "Сергек" камералары қандай жол ережесінің бұзылғанын анықтай алмайтынын білді. Сондай-ақ, айыппұлдан түскен қаражаттың қайда жұмсалатынын нақтылады

АЛМАТЫ, 16 қаңтар — Sputnik. "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені Алматыда жыл басынан бері іске қосылды. Бұл оқиға көлік жүргізушілері тарапынан қызу талқыланған болатын. Тұрғындарды бұл камералардың қандай заңбұзушылықтарды анықтай алмайтыны қызықтырып отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде түскен айыппұлдың қайда кететіні талқыланып жатыр.

Sputnik Қазақстан жүйе құрастырушыларымен бірге бұл құрылғы туралы тұрғындардың біраз күдігін сейілтеді.   

"Айыппұлдан түскен қаражатты белгісіз біреулер алады"

Қате пікір. Бюджет кодексінің 50-ші және 51-баптарына сәйкес, айыппұлдан түскен қаражат бюджетке түседі. Тиісінше, қалада тіркелген айыппұл қала бюджетіне беріледі.

"Сергек" сақтандыру болмаса, айыппұл салады

Қате пікір. Сақтандыру болмағаны үшін полиция инспекторы ғана айыппұл сала алады. Мәліметтер базасын интеграциялаудың арқасында бұл ақпарат полицейлердің планшеттеріне түседі.

"Сергекті" шетелдіктер құрастырды

Қате пікір. Құрылғының бағдарламалық қамтуы мен алгоритмдерін қазақстандық IT мамандар әзірлеген. Өнімнің құрастырушысы -  "Көркем Телеком" компаниясы.

"Сергек" кез келген көлікті таба алады

Дұрыс. "Сергек" жүйесінің функционалы жедел алдын алу шараларын өткізіп, іздеудегі, алимент немесе айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушіні таба алады. Бұдан бөлек, "Сергек" жалған немесе шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді де анықтайды.

"Сергек" айыппұлды автоматты түрде жібереді

Қате пікір. Сергек жол ережесінің бұзылуын автоматты режимде тіркейді. Бұдан соң мәліметтер процессингтік орталыққа жіберіледі. Ол жерде ақпаратты полиция инспекторы қарап, электронды-цифрлық қолтаңбамен бекітеді. Тек осыдан кейін ғана айыппұл жүргізушіге жіберіледі.

"Сергектің" сертификаттары жоқ

Қате пікір. "Сергек" жүйесін құрастырған компания Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметінің аттестациясынан өтеді. Демек, Сергек сертификатталған құрылғы, мемлекеттік тізімге енгізілген.

Қауіпсіздік белдігін тақпағаны және телефонмен сөйлескені үшін айыппұл салады

Қате пікір. Мұндай заң бұзушылықтар үшін айыппұлды автоматты түрде салуға болмайды. Мұны көлікті тоқтатқан полиция инспекторы ғана істей алады. "Сергек" жылдамдықтың артуы, жол белгілеріне қатысты талаптардың орындалмауы, қоғамдық көлік жолымен жүру сынды ереже бұзуды тіркейді.

"Сергек" тек жол ережесін бұзуды тіркейді

Қате пікір. "Сергек" , ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікке жауап береді. Елорда, Өскемен және Атыраудағы жобалардың дені өзге камералармен интеграцияланған. Камералардағы барлық ақпарат қаладағы бақылау орталықтарына жіберіледі. "Сергек" мектеп маңында, аулаларда, сауда орталықтары және вокзалдарда да орнатылған.  

"Сергек" адамның түрін анықтайды

Қате пікір. Техникалық тұрғыдан мамандар мұндай функционал жасай алады. Алайда адамның түрін анықтау заңнама тұрғысынан реттелмеген. Мұндай тәжірибе "Сергекте" қолданылмайды.

Еске сала кетсек, Алматыда 400 камера ресми іске қосылған кезден бастап 2 564 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Жалпы сомасы 42 010 397 теңге айыппұл салынған.

4187
Кілт сөздер:
Сергек, бейнекамера, көлік, айыппұл
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда сүйіктісімен сауда үйіне барған жігіттің қылмысы видеоға түсіп қалды

4807
Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, қазір оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Елорда тұрғыны сүйіктісімен сауда үйіне барып, манекендегі жаңа күрткені ұрлап кетті. Полиция 26 жастағы жігітті ұстады.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, жас жігіт сүйіктісімен "Әсем" сауда үйіне барған. Бір кезде оның көзі бутик сыртында тұрған манекенге киілген жаңа күрткеге түседі. Қасындағы серігін акссесуар қарауға жіберіп, өзі манекендегі "Найк" маркалы сырт киімді шешіп, киіп алады. Осыдан кейін жастар оқиға орнынан ізін жасырады. Ал сатушы бұл уақытта бутик ішінде отырған.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. Анықталғандай, бір жыл бұрын күдікті ұрлық үшін істі болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қала полициясы шағын және орта бизнес нысандарына күзет сигнализациясын орнатуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз: 

4807
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, сауда орталығы, жігіт, видео, қылмыс, ұрлық
Каспий

Тоқаев Каспий теңізін ластанудан қорғау хаттамасына қол қойды

56
(Жаңартылды 14:56 23.10.2021)
Жуықта сенат Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда. 

Естеріңізге сала кетейік, сенат Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялады.

Осы құжат Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенцияға кіреді.

Хаттаманың негізгі мақсаты - жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде теңіз ортасының ластануын болдырмау, салдарын азайту, бақылау және ондай салдарды барынша жою.

Осы құжат негізінде бірқатар шаралар қолға алынады.

Олар:

  • ең озық қолжетімді технологиялар мен табиғатты қорғау практикасын пайдалану;
  • Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы, оның ішінде жерүсті көздерінен теңіз акваториясына ластаушы заттардың түсу көлемдері туралы дерекқорды құру және жүргізу;
  • Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне тұрақты бағалау, оның жағалау сызығы бойындағы теңіздің ластану деңгейіне бағалау жүргізу.

Айта кетері, Каспийдің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенция 2003 жылы қараша айында рәсімделген болатын. Оған Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей мен Түрікменстан қосылды.

Ал Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттамаға 2012 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылды.

Оқи отырыңыз: 

56
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Каспий теңізі, ластану, хаттама
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан