Карантин, архивтегі фото

Базарға бармаңыз! Қазақстандықтар қатерлі вирусты қайда жұқтыруы мүмкін?

3060
(Жаңартылды 08:46 21.01.2020)
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Қытай еліне сапарлап барған отандастарына сақ болу қажеттігін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Жаңа коронавирус таралып жатқан Қытайдың Хубэй провинциясы мен Ухань қаласына сапарлаудан бас тарту керек. Бұл туралы брифингте Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Сонымен қатар Қытайда жүрген азаматтарға адамдар көп жиналатын орындарға бармауға кеңес беріледі.

"Базарларға, жабайы және үй жануарлары ұсталатын жерлерге бармаңыздар. Сондай-ақ қолыңызды жиі жуып, суық тию белгілері бар адамдармен қарым-қатынас жасамаңыз", - деді Бекшин.

Суық тию белгілерін байқаған Қытайдан келген азаматтарға дереу дәрігерге көрінуге кеңес берілді. Әйтпесе, ауру асқынып кетуі, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ухань қаласына тікелей әуе рейстері жоқ. Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Қытайдың Бейжің, Санья, Хайкоу, Сиань және Үрімші қалаларына ұшуға болады.

Бекшиннің айтуынша, бұл рейстердің барлығы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Барлық жолаушы мен экипаж қызметкерлері елге келгеннен кейін тексеріледі.

Қытайдағы белгісіз пневмония

Өткен жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында жергілікті тұрғындар белгісіз пневмониямен ауыра бастады. Кейінірек мамандар коронавирустың жаңа түрі таралып жатқанын анықтады. Бүгінгі таңда Қытайда жүзден астам науқас тіркелді, Жапония, Таиланд және Оңтүстік Кореяда тағы бірнеше адам ауырып жатыр.

Қытайда таралып жатқан қауіпті вирус басқа елдерге өте бастады 

Қытайда бұрын белгісіз болып келген бұл вирустан үш адам қайтыс болды.

Жергілікті эпидемиологтардың болжауынша, вирус жергілікті базарда сатылатын теңіз өнімдері арқылы жұққан. 1 қаңтардан бастап ол карантинге жабылды.  

3060
Кілт сөздер:
вирус, инфекция, Қытай
Тақырып бойынша
Қазақстанға Қытай вакцинасын әкелу тоқтатылды
Қытайды белгісіз дерт жайлады: дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады
Дәрігерлер Қытайды жайлаған белгісіз вирусты анықтады
Қытайда қауіпті індет өршіп барады
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

17
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

17
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол
Мүгедек

"Шипажайға тегін жолдама беріледі": вице-министр жаңа заң туралы айтты

40
Мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заң жобасы сенаттың бастамасымен әзірленді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне шипайжаға тегін жолдама беріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде үкіметтің қарауында мүгедектігі бар адамдарға қатысты тағы бір маңызды заң жобасы жатыр. Құжат сенаттың бастамасымен әзірленді. Негізгі мақсат – мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту. Заң жобасы аясында заңнамалық актіге 38 өзгеріс енгізу жоспарланып отыр", - деді Әукенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, заңнан "мүгедек" деген термин алынып тасталады. Себебі бұл сөздің кемсітушілік сипаты басым. Ал ондай отбасыларға "мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін отбасы" деген мәртебе ресми түрде беріледі.

"Сосын мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне немесе асыраушысына шипажайға тегін жолдама беруге қатысты ұсыныс бар. Бүгінде ондай шара заңмен реттелмеген", - деп атап өтті вице-министр.

Бұдан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алу квотасын орындамайтын кәсіпорындар өтемақы төлейді.

Айта кетері, мүгедектігі бар азаматтарға қатысты заң президенттің қол қоюына жіберілді. Оған сәйкес, жаңа жәрдемақы енгізіледі. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға қарайтын азаматтар да жәрдемақы алады. Сондай-ақ I-II топтағы мүгедек балалардың ауруына қарай жәрдемақының көлемі 16-37 процентке көтеріледі.

Сосын бұрын мүгедектігі бар балалар ана-анасынан айырылған жағдайда өз жәрдемақысын немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны, яғни екеуінің біреуін ғана алып отыратын. Ал жаңа заң бойынша екі жәрдемақы да беріледі.

Оқи отырыңыз:

40
Кілт сөздер:
жолдама, мүгедектер
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

0
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

0