Қоғам

Симоньян Польша саясаткерлері үшін акция бастауды ұсынды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуГлавный редактор телеканала RT и МИА "Россия сегодня" Маргарита Симоньян
Главный редактор телеканала RT и МИА Россия сегодня Маргарита Симоньян - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Медиаменеджер Польшаны азат ету кезінде кеңес жауынгерлері екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі америкалықтардан да көп қаза тапқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі мен RT телеарнасының бас редакторы Магарита Симоньян НТВ арнасындағы "Своя правда" бағдарламасының эфирінде Польша саясаткерлері үшін #ВамНеСтыдно (Ұят емес пе - Sputnik) акциясын бастауды ұсынды.

Ол Польшаны фашист басқыншыларынан азат етудегі кеңес әскерінің рөлі туралы еске салу керек деп есептейді.

Медиаменеджер екінші дүниежүзілік соғыс құжаттарын жария ету бойынша шараларды жоғары бағалап, бұның әлі жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның пікірінше, осы ақпаратты Польша жұртшылығына "жеткізу жолдары" болуы тиіс.

Симоньяннің айтуынша, тек бір Польшаны азат ету үшін қаза болған кеңес жауынгерлерінің саны бүкіл екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көз жұмған америкалықтардан көп.

"Сондықтан менің ұсынысым... біздің әкелеріміз бен аталарымыздан қалған естелікті кемсітуге, олардың қазалары мен құрбандықтарын аяқпен таптауға, жерде жатса да, оларды қорлауға жол беретін бұл жаман адамдардың әлеуметтік желісіне #ВамНеСтыдно хештегімен: сәлеметсіз бе, пан, менің атам сіздерді және сіздердің ата-бабаларыңызды азат етем деп Варшава түбінде қаза тапты деген хабарлама жіберу керек" - деп мәлімдеді Магарита Симоньян.

Тағы оқыңыз: Посткеңестік достастық-2020: жаңа бастама немесе бұрынғының жалғасы ма?

Ол бұндай хабарламаларды Польша президенті Анджей Дуда, премьер-министр Матеуш Моравецкий мен сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Яблоньскийдің әлеуметтік желідегі парақтарына жолдауды ұсынды.

Жаңалықтар
0