Аяз, архивтегі сурет

"Күн күрт суытады": алдағы күндері 30 градус аяз болады

20121
29-30 қаңтар күндері елге солтүстік-батыс антициклоны келеді деп болжанып отыр. Сондықтан жауын-шашын азаяды, бірақ күн суытады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қаңтардың соңында күн күрт суытады. Ауа температурасы -30 градусқа дейін түседі. Бұл туралы Казгидрометтің қысқа мерзімді болжамдар басқармасының бастығы Алуа Саханова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алдағы күндері, 29-30 қаңтарда солтүстік-батыс антициклоны келеді деген болжам бар. Онымен бірге жауын-шашын азаяды, бірақ күн суытады. Солтүстік, шығыс пен орталық аймақтарда түнде ауа температурасы минус 20-30 болады", - деді Саханова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аяз көп тұрмайды. Себебі атлантикалық циклон жақындап келеді. Онымен бірге еліміздің батысында күн жылынады.

Қазгидрометтің өкілі астанадағы жағдайға да тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, өткен демалыс күндері 6 миллиметр қар түскен. Ал желдің жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жетті.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

"Қаңтардың басынан бері Нұр-Сұлтанда 49 миллиметр қар түсті. Негізі, бір айлық норма – 16 миллиметр. Сонда бір айда үш айлық норма түсіп тұр. Солтүстік аймақтарда дәл осындай жағдай. Қар көп жауды, жел де қатты болды. Мысалы, Ерейментау мен Степногорскте орналасқан метеостанциялар желдің жылдамдығын секундына 31 метрге дейін көрсетті", - деп атап көрсетті Саханова.

Бүгін астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.

20121
Кілт сөздер:
аяз, градус, күн
Тақырып бойынша
Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды
Елордада ауа райы қолайсыздығына байланысты жұмыс күні қысқаруы мүмкін
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

35
(Жаңартылды 09:47 21.10.2020)
Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға жолдаған үндеуінің толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Құрметті отандастар!

Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалды.

Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды.

Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады.

Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды.

Бірінші. "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға және "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды.

Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады.

Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады.

Бұдан бөлек, саяси партиялар фракцияларының жетекшілеріне Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және басқа іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілді құқық беріледі.

Екінші. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңда және "Саяси партиялар туралы" заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Үшінші. Алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады.

Бұл жаңа бастамалар партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

***

Коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған күрделі экономикалық дағдарыс көптеген елді қамтыды, сондай-ақ, бүкіл әлемдік экономикаға кері әсер етті.

Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның алдында дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау, орнықты экономикалық дамуды және азаматтарымыздың әлеуметтік игілігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр.

Осы басымдықтар жөнінде менің Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда айтылды.

Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың жаңартылған құрамы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әрі заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге баса мән береді.

Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болады.

Біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық.

Мемлекетіміздің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

35
Кілт сөздер:
сайлау, депутат, парламент
Тақырып бойынша
Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасына тапсырма берді
Мәжіліс сайлауы: Назарбаев дайындықты бастауды тапсырды
Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді
Мәжіліс сайлауы қашан өтеді
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

31
(Жаңартылды 08:10 21.10.2020)
Бүгінгі күнге дейін республика бойынша коронавируспен ауырған науқастардың саны 109 766 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 143 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында (29) анықталды. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (19) мен Алматы қаласында (13) тіркелді", – делінген хабарламада.  

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 29
  • Алматы қаласы - 13
  • Ақмола облысы - 6
  • Ақтөбе облысы - 3
  • Алматы облысы - 14
  • Атырау облысы - 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 19
  • Жамбыл облысы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 5
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 5
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 10
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 8.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша індет жұқтырған адамдар саны 109 766-ға жетті.

31
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
COVID-19-бен байланысты қауіпті синдром байқала бастады: ғалымдар дабыл қақты