Қоғам

Қазақстандық таксист украиналық шоуда әділ қазыларды таңғалдырды – видео

© Photo : Pixabay / Rudy and Peter SkitteriansМикрофон, сахна, иллюстративті фото
Микрофон, сахна, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жиырма тоғыз жастағы алматылық таксист Ерлан Байбазаров "Украина даусы" шоуында Feel It Still әнін орындады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық Ерлан Байбазаров "Украина даусы" шоуында әділ қазыларды өнерімен тәнті етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

29 жастағы алматылық Portugal.The Man рок тобының Feel It Still әнін орындады.  

Жас жігіт "Украина даусы" байқауына алғаш рет қатысып отыр екен. Ерлан такси жүргізушісі болып жұмыс істейді. Күндердің бір күнінде әнші боламын ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген.

"Бір күні караокеде ән айттым. Жиналғандардың бәрі ду қол шапалақтап, қошемет көрсеткені соншалық, сол сәттен бастап кәсіби әнші боламын деп шештім. Ауылым, қалам, елім мені мақтан етуі үшін қолымнан келгенін аянып қалмаймын", - деді Байбазаров шоу аясында берген сұқбатында.

Әділ қазылар алқасының құрамында танымал әншілер Потап, Настя Каменских, Дима Монатик, Тина Кароль және Дан Балан болды.

Қазақстандық өз өнерімен қазылар алқасын таңғалдырды.

Тағы оқыңыз: Әйелдің ат үстіндегі қауіпті биі жұртты тәнті етті – видео

Ерлан Потап пен Настя Каменскихтің командасын таңдады.

Жаңалықтар
0