Алик Шпекбаев

Алик Шпекбаев "сталиндік әдіс-тәсілдерге" үндейтіндерге жауап берді

1402
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықтың салдарымен ғана күресіп келген жүйені түбегейлі өзгертті 

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы күрестің өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз жемқорлықты жоюдың қарапайым әрі түсінікті формуласын анықтап алдық. Біріншіден, ол – тиімді алдын алу шаралары. Жемқорлықтың зиянын жан-жақты түсіндіру, конструктивті әріптестік және нақты қылмыстық-құқықтық шаралар", - деді Шпекбаев агенттіктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, агенттіктің жұмысын түбегейлі өзгертуге тура келген. Себебі бұрынғы жүйе жемқорлықтың салдарымен ғана күресіп келіпті. Ол кезде жазалау шаралары басым болған. Ал бұл жүйені қайтарғысы келетіндер әлі де бар.

"Бұрынғы "сталиндік әдіс-тәсілдерді" жаңғыртуға үндейтіндер әлі күнге дейін бар. Осы орайда "агенттік қорқыту арқылы өз жұмысын жүргізуі керек" деген қате пікірдің бар екенін айта кеткен жөн. Бізді қорқытуға үндейтіндерге америкалық ақын Роберт Фростың бір цитатасымен жауап бергім келеді. "Мен қорқып қалған адамдардан қатты қорқамын" дейді ол. Сондықтан мен бір нәрсені анық білемін. Адал әрі проактивті қоғамды тек конструктивті диалог пен тиімді әріптестіктің негізінде ғана құруға болады", - деп түйіндеді Шпекбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкімнің үстінен іс қозғалды

Агенттік төрағасы арнайы мониторингтік топтардың қоғамдық бақылаудың тиімді тетігі ретінде толығымен қалыптасқанын жеткізді. Мәселен, өткен жылы осы топтар 700 бақылау шарасын өткізді. "Адалдық алаңы" жобасы аясында 75 мыңнан астам ерікті жұмыс істеп жатыр. Ал кәсіби заңгерлердің қатысуымен тегін консультациялар ұйымдастырылды. Ақпараттық штабтар да жемқолықтың зиянын жан-жақты түсіндіріп келеді.

1402
Кілт сөздер:
жемқорлық, Алик Шпекбаев
Тақырып бойынша
Ата-аналардан жиналған ақша қандай жағдайда жемқорлық болып есептеледі?
Шпекбаев қандай органдарда сыбайлас жемқорлық жиі жасалғанын айтты
Жемқорлық дауынан Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингі төмендеп кетті
Шпекбаев: күн сайын жемқорлық туралы 50-100 хат келеді
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады - Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Процент

Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

3
(Жаңартылды 14:50 10.05.2021)
Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді, дейді маман

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейдің қаржы министрлігіне қарасты қаржылық сауаттылық орталығының директоры Анна Харнас кредитті қай кезде уақытынан бұрын төлеу тиімді болатынын айтты, деп хабарлайды "Российская газета".

"Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді. Төлем жүйесі әдетте аннуитет болуы керек. Алдымен сіз банк процентін төлейсіз. Содан кейін сіздің төлеміңіздегі сыйақы сомасы азаяды, ал негізгі қарыз керісінше, өседі. Сондықтан кредит мерзімі басталған кезде мерзімінен бұрын өтеу процентті қайта есептеп, артық төлемнің төмендеуіне әкеледі", - деп түсіндірді Харнас.

Оның айтуынша, кредит мерзімінің соңында уақытынан бұрын өтесеңіз, үнемдей алмайсыз. Өйткені бұл уақытта негізгі қарыз төленіп жатады.

Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Харнас кредит төленетін күні мерзімінен бұрын өтеу жасалғаны дұрыс деп түсіндірді. Өтйкені, егер сіз кейінірек төлейтін болсаңыз, онда кезекті төлем күнінен бастап өткен күндер үшін есептелген сыйақы енгізілген сомадан есептеліп, қалған сома ғана мерзімінен бұрын өтеуге кетеді. 

3
Кілт сөздер:
банк, несие, үнемдеу
Тақырып бойынша
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Кредит жайлы жаңалық: Парламент 490 мыңға жуық адамды қуантатын заңды қабылдады
Қазақстанда 750 миллиард теңге кредитті төлеу мерзімі кейінге шегерілді
Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ
телефон

Мамандар телефон арқылы ақша ұрлаудың әдістері туралы айтты

694
(Жаңартылды 13:20 10.05.2021)
Сарапшылардың айтуынша, смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операциясына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейлік мамандар картасыз төлем жасау жүйесі арқылы ақша ұрлаудың әдіс-тәсілдері туралы айтты. Алаяқтар оны жиі қолданып жатады.

"Синергия" университетінің "Банк ісі" кафедрасының аға оқытушысы Антон Рогачевскийдің айтуынша, барлық төлем телефон арқылы жасалса, ақшаны кәдімгідей терминалдың көмегімен кез келген жерде ұрлауға болады.

"Біз телефонды ылғи шалбардың калтасына салып жүреміз. Терминалды да сөмкеге салып, қажетті соманы енгізу арқылы ақшаны ұрлап кетуге болады. Ол үшін қарбалас сәтті пайдаланып, қоғамдық көлікте ме, басқа жерде ме, адамға жақын тұрып, телефонға сөмкені жақындатып өткізсе де жеткілікті", - деді Рогачевский "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында.

Ал Еуропалық заң қызметінің заңгері Евгений Иванов NFC арқылы төлем жасаудың басты кателігін атады. Оның айтуынша, телефонмен ақша аударғанда операцияны саусақтың ізімен немесе пин-кодпен растау қажет. Бірақ смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операцияларына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет. Ал картасыз төлем жасау жүйесіне мобильді аударымның шекті сомасын енгізіп қойған дұрыс.

Бұған дейін SafeNet аймақтық инжинирингтік орталығының директоры Денис Кувиков телефон алаяқтарының қалай қылмыс жасайтынын айтқан еді. Олар алдымен сан алуан интернет-дүкендерінің сайттарын бұзып, адамдардың жеке мәліметтерін алады. Сөйтіп әрбір адамның мекенжайын, аты-жөнін, қандай банкте тіркелгенін және тағы басқа ақпаратты алып, алаяқтық әрекеттер жасайды.

Оқи отырыңыз: "Мобильді аударым жасаңыз!": кәсіпкерлер халықты қалай алдайды

 

694