Instagram

Енді Instagram-да лотерея өткізетін әнші-әртістер жауапқа тартылады

1709
(Жаңартылды 13:35 05.02.2020)
Мәдениет министрі әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея өткізген әртістер мен блогерлер жазасыз қалмайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда лотерея операторымен келісімшартқа отырмай, өз бетінше лотерея өткізген азаматтар мен ұйымдар жауапқа тартылуы мүмкін. Бүгін мәжіліс лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Заң жобасы арқылы лотерея өткізу үшін белгілі бір мөлшерде ақша жинаған адам лоторея операторы немесе лоторея таратушысы болып саналады. Бірыңғай лоторея операторынан лицензия алмай, осындай лоторея өткізіп, пайда тапса, заң бұзған болып саналады. Шын мәнінде, бұл өте маңызды мәселе. Осыған дейін әкімшілік немесе басқа да жауапкершілік көзделмеген еді", - деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжілістің жалпы отырысында.

Енді, министрдің айтуынша, заңсыз лотерея өткізгендерге жауапкершілік қарастырылып отыр. 

"Бірінші рет заң бұзса, ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде бұған дейін ескерту алған адам тағы да лоторея ойнатса, оған әкімшілік айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін бұл 200 АЕК (бір АЕК – 2651 теңге), шағын бизнес субьектілері мен коммерциялық емес бірлестіктер үшін 700 АЕК, орта бизнес үшін – 1000 АЕК, ірі бизнес үшін – 2000 АЕК. Міне, осындай жауапкершілік жүктегелі отырмыз", - деді ол.

Райымқұлова әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея өткізген әртістер мен блогерлер де жазасыз қалмайтынын атап өтті. Лотерея өткізу үшін міндетті түрде лотерея операторымен келісімшартқа отырып, "лотерея таратушы" болу керек.

"Мониторинг арқылы тексереміз. Депутаттардың ұсынысымен бұл заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін", - деді министр мәжіліс кулуарында.

Тағы оқыңыз: Үйі өртеніп кеткен ер адам күтпеген жерден мол олжаға кенелді

Осы тұста ол лотереяны ұтыспен (розыгрыш) шатастырмауға кеңес берді. Заң бойынша елімізде 18 жасқа толмаған азаматтарға лотерея қызметімен айналысуға және қатысуға тыйым салынады.

Қазақстанда 2017 жылы лотерея операторы болып "Сәтті жұлдыз" АҚ анықталған еді.

1709
Кілт сөздер:
әртіс, әншілер
Тақырып бойынша
"Басына бақ қонды": Қазақстанда қандай әншілер бір әнімен жұлдыз болды?
Әншілер бірауыздан дауыс беріп, Мейрамбек Бесбаевты төраға етіп сайлады
"Тойға тегін де барамыз": Халықтың қалтасына қарайтын әншілер кімдер?
Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты?
Танымал әнші сахнадан кетуге мәжбүр болды
"Жұрт олардан жалықты" Асхат Садырбай экраннан түспейтін әншілер туралы айтты
"Ажал да ғайыптан": Әншілер мен қоғам қайраткерлері тәубеге қалай түскенін жазды
Қарағанды фармацевтика кешені

Қазақстанда өндірілген "Спутник V" вакцинасы Ресейде тексерістен өтті

29
Қарағанды ​​фармацевтика кешені "Спутник V" вакцинасының сапасына қатысты жауап алды. 6000 дозадан тұратын тәжірибелік партия желтоқсанда тексеріске жіберілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қарағанды ​​фармацевтика кешені ресейлік Гамалея институтынан "Спутник V" вакцинасының белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы ауызша жауап алды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы ҚФК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Владимир Фольмер хабарлады.   

"Бәрі сәйкес келетіні жөнінде ауызша жауап алғанымызға біраз уақыт болды. Енді бұл топтамалар үшін олардың паспортын күтіп отырмыз. Біз паспортты алғаннан кейін Қазақстанда шығарылған осы препаратты тіркейміз. Яғни, тіркеу куәлігін аламыз", - деді Владимир Волмер Sputnik Қазақстанға.

Ол 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін алғашқы коммерциялық топтама өндіріледі деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.     

"Біз осы аптада топтаманы әзірлеп, бір айға созылатын талдауға жіберуді жоспарлап отырмыз. Келесі айдың соңында алғашқы коммерциялық топтаманы шығарамыз", - деп атап өтті Фольмер.

Барлық топтаманың үлгісі тексеру үшін Ресейге жіберіледі, деді ол.   

"Біз мұнда өз талдауымызды жүргіземіз. Оған қоса ресейліктер (Гамалея институты) қосымша бақылайды. Қазір шамамен 80-90 мың доза шығарамыз. Бәрін жібермейміз. Барлық партияның бір бөлігі таңдалып алынады", - деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр 

Бұған дейін Қарағанды ​​фармацевтика зауытында өндірілген 6000 доза мөлшеріндегі "Спутник V" вакцинасының тәжірибелік партиясы Ресей Федерациясына сапаны тексеруге жіберілген болатын.

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын алдын ала тіркеу 2021 жылдың 26 ​​қаңтары мен 11 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Вакцинаның өндірістік топтамасын  жеткізу 2021 жылдың 12 ақпанында басталмақ.    

29
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
Үшінші ұлттық карантин енгізіледі: Ұлыбританияда жаңа шаралар қабылданбақ
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Вакцина әсері ме: желіде арқасы тұтас қызарған сәбидің суреті талқыланып жатыр
Министрлік отандық вакцинаға уақытша тіркеу куәлігін берді
COVID-19 он жылдан кейін қалай өзгеретіні белгілі болды
Қуат Хамитов

Спортшы Қуат Хамитов сотқа тартылды

698
(Жаңартылды 17:44 18.01.2021)
Спортшы қыркүйекте дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді

АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Алматыда "Найман" лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Сот талқылауы 18 қаңтарда Алмалы аудандық сотында өтті.

"Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Аталған бапта азаматтың "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" көзделген. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады 

Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.

Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

"Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым, ол – қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Хамитов.

698
Тақырып бойынша
Қуат "Найман" Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрлігі Хамитовтың атышулы видеосына қатысты түсініктеме берді 
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовтің ұсынысына жауап берді
Қуат Хамитов Алтынбекова жайлы: оған сол қажет болды
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Спутник V вакцинасы

Еуропалық басылым "Спутник V" вакцинасына қолдау білдірді

0
АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ, деп жазды "Monde diplomatique"француз газеті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ресей коронавирус пандемиясын бәсеңдетуге қабілетті препарат әзірледі. Батыс ресейлік ғылымды қаралаудан танар емес, деп жазды "Monde diplomatique"француз газетінің Испаниядағы өкілдігі.  

Мақала авторы Федерико Кусконың пікірінше, Батыс орыстың ғылыми дәстүрін білмегендіктен, "Спутник V" вакцинасына немқұрайлы қарап, сенбеді.

"Тілдік, мәдени пен саяси айырмашылықтан туындаған бұл білімсіздік ресейлік бастамаға күдікпен қарауға себеп болып отыр", - деді журналист.  

Ол препаратты әзірлеу Ресейдегі ғылыми дамудың бүкіл тарихи тізбегінің нәтижесі екенін баса айтты. Алайда, оның пікірінше, батыстықтар көп жыл бойы Ресейдің ғылыми жетістіктерін жоққа шығарып келді де, енді вакцина ойлап табу туралы хабарландыруға таңғалуда.

"Фармацевтикалық зертханалары дәрі-дәрмекке удай қымбат баға белгілейтін АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ", - деді Куско.

Кусконың пікірінше, шамамен 50 жыл өткен соң қазір әлемнің түрлі еліне таралып жатқан "Спутник V" вакцинасына қатысты күдік ешкімнің есіне түспейді.

 

0
Тақырып бойынша
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
2021 жылы коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады
Министрлік отандық вакцинаға уақытша тіркеу куәлігін берді
Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр
Ресейде коронавирустан жаппай вакцинациялау басталғалы жатыр