Сапарбаев

Сапарбаев Қордай ауданындағы қазіргі жағдай жайлы айтты

346
(Жаңартылды 10:42 11.02.2020)
Жалпы өткен бес күн ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінген, оның ішінде 19 полиция қызметкері бар екен

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы қақтығыс бойынша үкіметте есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір жалпы Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақты. Барлық құқық қорғау органының көмегімен жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп жатыр. Жалпы өткен бес күн ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінді. Оның ішінде 19 полиция қызметкері бар. Өкінішке қарай, он адам қаза болды", - деді Сапарбаев үкімет отырысында.

Ол көз жұмғандардың отбасыларына жергілікті демеушілер мен әкімдіктер тарапынан көмек көрсетілгенін атап өтті. Комиссия мүшелері қаза тапқан барлық азаматтың отбасыларына президенттің атынан көңіл айтқан.

"Қазіргі таңда Қордай аудандық ауруханасында 13, Алматы қаласында 25 адам дәрігерлік көмек алып жатыр. Қырғызстанда болған тоғыз адамды Алматы мен Таразға қайтардық", - деді ол.

Әкімнің айтуынша, Қордайға Алматыдан он білікті дәрігер шақырылған. Ал премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияны басқара беретінін мәлімдеді. 

10 ақпан күні мемлекет басшысының жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Экс-әкім Асқар Мырзахметов облысты екі жыл басқарды.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда Қордай ауданында жергілікті ауқымда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

7 ақпанда Қордай ауданының Қаракемер, Масанчи, Бұлар батыр ауылдарында 176 адам медициналық көмекке жүгінді, 41-і ауруханаға жатқызылды. Он адам көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Асқар Мырзахметовті қызметінен босатты

Зардап шеккендерге 39 дәрігер көмек көрсетіп жатыр, марқұмдардың отбасыларына көмек көрсету шаралары қолға алынды. Қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

346
Кілт сөздер:
үкімет, Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Ақсақалды кім ұрды - Қордай тұрғындары оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді
Сапарбаев Қордайдағы қақтығысқа қатысты тың деректі бөлісті
Қордайдағы қақтығыс: 9 адам ауруханада ауыр халде жатыр
Қордайдағы оқиға: ақсақалдың екі ұлын соққыға жыққандар ұсталды
Қордайдағы қақтығыстан кейінгі үкіметтің бірінші отырысы - видео
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Birgemiz еріктілер фронт кеңсесінің ашылуында

Тоқаев қазақстандық еріктілерге алғыс айтты

6
Мемлекет басшысы 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жарияланғанын еске салып, волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де еріктілерді Халықаралық волонтерлар күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы осы жылды Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жариялағанын еске салды.

"Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!", - деп жазды президент.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы бекітілді

Тоқаев еріктілер, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналғанын атап өтті.

Президент волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты.

6
Кілт сөздер:
еріктілер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мемлекеттік қызметшілердің бойында уайымдау сезімі болуы керек – Тоқаев
Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев
Сарымсақ, архивтегі сурет

Сарымсақ қандай жағдайда ағзаға қауіпті болады

932
(Жаңартылды 12:12 05.12.2020)
Дәрігер-диетолог түрлі дерттерден сақтану үшін сарымсақты қалай жеу керек екенін айтты. Тиісті мөлшерде ғана пайдалану панкреатит, асқазан жарасы сияқты аурулардан сақтануға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Сарымсақ пайдалы, алайда оны көп мөлшерде жеуге болмайды. Асқазан жарасы, панкреатит, өттегі тас сынды ауруларға әкеліп соғуы мүмкін, деп жазады РИА Новости.

Дәрігер-диетолог Инна Заикина сарымсақты мөлшерден артық жеу салдарынан асқазан сөлі бөлінетінін айтты. Бұл өз кезегінде түрлі дерттердің белгілерін ушықтырады. 

Алайда бұл оны жемеу керек деген сөз емес. Бастысы, тиісті мөлшерден асып кетпеу қажет.

Сарымсақтың құрамында аллил сульфидтер деп аталатын қосылыс бар. Соның арқасында тамаққа сарымсақты пайдалану адамның ішек микрофлорасын сақтауға және қарт адамдардың ойлау қабілетін жақсартуға септігін тигізеді.

Тағы оқыңыз: Сүзбенің ешкім күтпеген пайдасы анықталды

932
Кілт сөздер:
адам ағзасы
Тақырып бойынша
Таптырмас ем: құйрық майдың біз білмейтін қандай пайдасы бар?
Ғалым сарысудың адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін айтты
Судың ағза үшін қауіпті екенін қалай білуге болады
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Малышева балалардың маска тағуы неге қауіпті екенін айтты
КамАЗ аударылды

Шымкентте КамАЗ 11 автокөлікті соқты видео

0
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, алайда алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Тәуке хан даңғылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, арматура тиелген жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні кешке болды. Арматура тиелген жүк көлігі 11 автокөлікті соқты. Оған тежегіштің істен шығуы себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, арасында жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, ауруханаға жатқызылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Бетон тиелген көлік жеңіл машина мен бензовозға құлаған.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

0
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео