Вирус

Министр Қытайдан тағы қанша қазақстандық жеткізілетінін айтты

106
(Жаңартылды 12:10 11.02.2020)
Бүгін таңертең Қазақстанның 217 азаматы "Эйр Астана" әуе компаниясы ұшағымен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. 12 ақпанда Қытайдан тағы 155 қазақстандық елге қайтарылады. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қытай тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, бүгін таңертең Қазақстанның 217 азаматы "Эйр Астана" әуе компаниясы ұшағымен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді, ал 155 қазақстандық 12 ақпанда қайтарылады", - деді Тілеуберді үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 10 және 12 ақпандағы эвакуациядан кейін Қытай аумағында Қазақстанға қайтудан бас тартқан 343 қазақстандық, оның ішінде шетелдегі мекеме қызметкерлері мен отбасы мүшелері қалады.

"Қазақстан елшілігі Қытай білім министрлігі және жоғары оқу орындарымен бірлесіп, қазақстандықтарды қажетті медициналық жабдықтармен, тамақпен қамтамасыз етіп жатыр. Қазақстан сыртқы істер министрлігі мен оның Қытайдағы шетелдік мекемелерінде қазақстандықтарға кеңес беру үшін жедел желілер құрылды", - деді министр.

Сонымен қатар, Тілеуберді Қытайға медициналық қолғаптар (1 миллион дана) және маскалар (500 мың дана) жеткізу мәселесі пысықталғанын айтты.

Бұған дейін 1 ақпанда коронавирус ошағы Ухань қаласынан 83 қазақстандық санавиациямен елге оралған еді. Сондай-ақ, 18 Қырғызстан азаматы, бес Беларусь азаматы мен бір Армения азаматы эвакуацияланды. Олардың арасында коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ.

106
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, Қытай, министр
Тақырып бойынша
Анасының құрсағында коронавирус жұқтырған алғашқы сәби дүниеге келген
Коронавирус туралы бірінші хабарлаған дәрігер қайтыс болды
Коронавирустан көз жұмғандардың саны артты
Түрікменстанда коронавирустан бір адам көз жұмды
Қытайдан тағы 217 қазақстандық елге оралды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Birgemiz еріктілер фронт кеңсесінің ашылуында

Тоқаев қазақстандық еріктілерге алғыс айтты

4
Мемлекет басшысы 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жарияланғанын еске салып, волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де еріктілерді Халықаралық волонтерлар күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы осы жылды Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жариялағанын еске салды.

"Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!", - деп жазды президент.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы бекітілді

Тоқаев еріктілер, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналғанын атап өтті.

Президент волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты.

4
Кілт сөздер:
еріктілер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мемлекеттік қызметшілердің бойында уайымдау сезімі болуы керек – Тоқаев
Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев
Сарымсақ, архивтегі сурет

Сарымсақ қандай жағдайда ағзаға қауіпті болады

901
(Жаңартылды 12:12 05.12.2020)
Дәрігер-диетолог түрлі дерттерден сақтану үшін сарымсақты қалай жеу керек екенін айтты. Тиісті мөлшерде ғана пайдалану панкреатит, асқазан жарасы сияқты аурулардан сақтануға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Сарымсақ пайдалы, алайда оны көп мөлшерде жеуге болмайды. Асқазан жарасы, панкреатит, өттегі тас сынды ауруларға әкеліп соғуы мүмкін, деп жазады РИА Новости.

Дәрігер-диетолог Инна Заикина сарымсақты мөлшерден артық жеу салдарынан асқазан сөлі бөлінетінін айтты. Бұл өз кезегінде түрлі дерттердің белгілерін ушықтырады. 

Алайда бұл оны жемеу керек деген сөз емес. Бастысы, тиісті мөлшерден асып кетпеу қажет.

Сарымсақтың құрамында аллил сульфидтер деп аталатын қосылыс бар. Соның арқасында тамаққа сарымсақты пайдалану адамның ішек микрофлорасын сақтауға және қарт адамдардың ойлау қабілетін жақсартуға септігін тигізеді.

Тағы оқыңыз: Сүзбенің ешкім күтпеген пайдасы анықталды

901
Кілт сөздер:
адам ағзасы
Тақырып бойынша
Таптырмас ем: құйрық майдың біз білмейтін қандай пайдасы бар?
Ғалым сарысудың адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін айтты
Судың ағза үшін қауіпті екенін қалай білуге болады
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Малышева балалардың маска тағуы неге қауіпті екенін айтты
Илья Ильин Sputnik студиясында өткен баспасөз мәслихатында

Илья Ильин сүйінші жаңалығын бөлісті

0
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильин Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды.

Ауыр атлет сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Биыл 10 қыркүйекте Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратынын мәлімдеген еді. Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін жеткізді.

Ал 8 қазанда ауыр атлет "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

0
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, спортшы, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
Илья Ильин алтын медаль ұтып алды - видео
Илья Ильин "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды