Әуежайдағы ұшақ

Bek Air ұшқышы Тоқаевтан көмек сұрады видео

1154
(Жаңартылды 18:04 17.02.2020)
Алматы түбіндегі ұшақ апатын тергеу аяқталмаса да, қызметкерлер әуе компаниясына сертификатты қайтаруды сұрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Қазақстанның Халық қаһарманы, ұшқыш Дмитрий Родин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұжымдық үндеуді оқыды. Ұшқыш Bek Air әуе компаниясына сертификатты қайтаруға қолдау көрсетуді сұрап отыр. 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған апаттан кейін компания сертификаты алынған болатын.

"Біз Қазақстан азаматы, Bek Air әуе компаниясының ұшқыш, бортсерік, инженеріміз. 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған жағдайға байланысты қазақстандықтардың қайғысына ортақпыз", - деп бастады өз сөзін Родин.

Сондай-ақ, ұшқыш Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шешімімен компанияның сертификаты тоқтатылғанын айтты.

"Қазіргі уақытта тергеу аяқталған жоқ. Радиограммада компанияның Қазақстанның авиациялық ереже талаптарын бұзуы туралы айтылмаған", - деді ол.

Бұл әуе компаниясы ұшуды жалғастыра алмайды деген сөз. Алайда ұшқыштар бұған негіз жоқ деп отыр.

Бұған дейін әуе компаниясының қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұраған еді.

Дмитрий Родин кім?

Дмитрий Родин 1961 жылдың 31 тамызында Алматыда туған. Қазақстанның Халық қаһарманы атағына ие болған ұшқыш.

Ол 27 наурыз күні алдыңғы шассиі жоқ Fokker-100 ұшағын Астана әуежайына қондыра білді. Ұшақ бортында 116 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған еді. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Алматы түбіндегі ұшақ апаты

Ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші пилот жансақтау бөліміне түскен.

Тағы оқыңыз: Ұшқыштың жаназасына келген Bek Air басшысы оғаш қылық танытты

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болды.

1154
Кілт сөздер:
Bek Air, ұшқыш, Қасым-Жомарт Тоқаев, үндеу, видео
Тақырып:
Алматы маңындағы ұшақ апаты (69)
Тақырып бойынша
Bek Air-де жаға ұстатарлық жайттар анықталды: ұшақтардың суреті жарияланды
Алматы түбіндегі Bek Air ұшағы апатының негізгі себебі жарияланды
Ақмола облысында аудан әкімі аза тұту күні мейрамханада көңіл көтерді
Ішкі істер министрлігі екінші ұшқыштың өліміне қатысты түсініктеме берді
Мәскеудегі трагедия: ажал құшқан бортсерік соңғы рет не деп жазды – видео
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

100
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

100
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

57
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

57
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина