Қоғам

Кімнің кредит төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін екені айтылды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутаттар әскерге шақырылушының мойнында кредит болуы оның психоэмоционалды жағдайына кері әсерін тигізетінін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Әскери борышын өтеп жүрген қазақстандықтардың кредит төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты мәжіліс депутаты Юрий Тимощенко жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде әскерге шақырылушылар арасында кредит төлейтіндер көп. Сондықтан да олар жақындарына ауыртпалық түсірмес үшін әскерге бармауға тырысып жатады. Сол сияқты төлем мерзімін шегеруді сұрайтындар да жоқ емес.

"Егер шақырылушы әскерге аттанса, онда оның кредиті ата-анасы мен туыстарына беріледі. Сондықтан заңда қарыз ата-аналарға берілмеуі керек екенін назарда ұстауымыз қажет. Біз әскери қызмет кезінде кредит төлеу мерзімін бір жылға тоқтата тұруды ұсынамыз", - деді депутат палатаның халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында.

Юрий Тимошенко несиенің болуы және оның уақытылы төленбеуі немесе оның туыстарына өтуі отан алдындағы борышын өтеп жүргендердің психоэмоционалды жағдайына теріс әсер ететінін ескертті.

Тағы оқыңыз: Қаруланған әскери қызметші бөлімнен қашты: жоспар қалай жүзеге асырылды?

Айта кетейік, 2019 жылы елімізде 232 792 адам әскерге шақырылды. Ал 12 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясына шақыруды 2020 жылдың 1 наурызына ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды.

Жаңалықтар
0