Архивтегі фото

Полиция желіде тараған төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді

353
(Жаңартылды 18:11 25.02.2020)
Дәл осындай видеолар бірнеше рет әлеуметтік желіде жарияланды. Зардап шеккендер жоқ және полицияға қоңырау түспеген

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Полиция әлеуметтік желілерде тараған жаппай төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді.

Бейне материалды зерттеу нәтижесінде төбелес жастар арасында 2013 жылы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында болғаны анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Дәл осындай видеолар бірнеше рет әлеуметтік желіде жарияланды. Зардап шеккендер жоқ және полицияға қоңырау түспеген.

Шетелдіктермен жаппай төбелес: Қарағанды облысында болған жанжалдың видеосы 

Сала қызметкерлері 2018 жылы осындай фактінің алдын алып, 31 адам бұзақылық үшін жауапқа тартылды.

Полиция әрдайым интернет кеңістігін қадағалап отырады, аймақтарда тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар тиісті тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданады.

353
Кілт сөздер:
видео, жаппай төбелес
Тақырып бойынша
Масанчи ауылында бір адамның мәйіті табылды
Қарағанды мейрамханасында адам өлтіргендерге сот үкімі шықты
Ақтаудағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
"Бәрі қорқып қалған": Мектеп директоры қазір Масанчиде не болып жатқанын айтты  
Аудан тұрғындары мен шенеуніктер төбелесіп кетті – видео
коронавирус, медбике

Ғалым коронавирус инфекциясын неге барлық адам жұқтырмайтынын түсіндірді

870
"Қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтыны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Коронавирустан қорғануға тек антиденелер ғана көмектеспейді, деп мәлімдеді микробиолог Сергей Иванов "МК" газетіне берген сұхбатында.

Ғалымның айтуынша, кейбір адамдар коронавируспен ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болса да, инфекция жұқтырмайды.

"Осындай жағдайлар болды. Олардың ағзасы бұл коронавирусты қабылдамайды", - деді Иванов.

Пастер атындағы эпидемиология және микробиология институтының ғалымдары осындай қорытындыға келген.

"Ғалымдар "қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтынын байқаған", - дейді маман.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді қыспағына алды. 60 миллионнан астам адам вирус жұқтырса, оның 1,4 миллионнан астамы қайтыс болды. Коронавируспен ауырғандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия көш бастап тұр.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті. Коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны – 42 104. Қайтыс болғандар – 2 470.

870
Кілт сөздер:
ғалым, коронавирус
аурухана, коронавирус

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

1870
(Жаңартылды 11:36 29.11.2020)
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 214 адамның жағдайы нашар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирустық пневмониядан үш адам көз жұмған.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр.  9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 32 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 826 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды.

Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті.

Оның ішінде:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 16191 (+135),
  • Алматы қаласында - 16033(+73),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -15989(+83),
  • Атырау облысында - 11616(+18),
  • Қарағанды облысында - 11077(+25),
  • Батыс Қазақстан облысында - 7994(+39),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 6291(+105),
  • Павлодар облысында - 6254(+120),
  • Алматы облысында - 5682(+33),
  • Шымкент қаласында -5361(+6),
  • Қостанай облысында - 5212(+85),
  • Ақмола облысында - 5072(+86),
  • Жамбыл облысында - 4411(+14),
  • Ақтөбе облысында -3481(+1),
  • Түркістан облысында - 3477(+2),
  • Маңғыстау облысында - 3434(+0),
  • Қызылорда облысында -3290(+1).
1870
кісен, архив

Қарағандылық полицейлер қауіпті банда ұсталған сәттің видеосын жариялады

58
(Жаңартылды 13:36 29.11.2020)
Банда мүшелерінен қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының полицейлері адам өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Теміртау тұрғыны полицейлерге қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, 20 қараша күні белгісіз екі  адам пистолетпен қорқытып, Момышұлы көшесіндегі пәтеріне кіреді. Үйде бірге тұрып жатқан 50 жастағы ер адам екеуі болған. Қаскөйлер екеуін байлап тастап, ұрып-соққан. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмады. Бандиттер үйдегі ақша мен мүлікті алып кеткен.

Бұл фактілер қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлімі "Қарақшылық" бойынша тіркелді.

"Қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау үшін арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына департамент аппараты, Теміртау қаласы полиция басқармасының тәжірибелі мамандары кірді", - деді полициядағылар.

Тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтады. Олар - 25, 29, 34 және 39-жастағы Жезқазған, Сәтбаев және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Полиция қаскөйлерді 26 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан мен Жезқазғанда ұстады.

Күдіктілердің пәтерін тінту кезінде түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы анықталады.

58