Сараптама

Ағаділдің өлімі: прокуратура сараптама барысы жайлы айтты

2012
Қазіргі уақытта қоғам белсендісі Дулат Ағаділ өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан - Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты дерек жариялады.

"25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Ағаділ өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол күні барлық мән-жайды тексеру әділдігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының өндірісіне қабылданды", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы.

26 ақпанда марқұм Ағаділ отбасы адвокатының өтінішімен өздері шақырған жекеменшік сот сарапшыларының (А.Ақанбеков, Р.Сатывалдеев) қатысуымен марқұмның денесі тексерілді. Оның нәтижесінде зерттеу жұмысына тартылған мамандар Ағаділдің өліміне жүрек-қан тамыры ауруы себеп болғанын анықтады.

"Зорлық-зомбылыққа тән қандай да бір дене жарақаттары анықталған жоқ. Сарапшылар, марқұмның ағасы және адвокаты ескерту мен өтініш жасаған жоқ", - делінген ақпаратта.

Сот сараптама қорытындысы зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша ұсынылады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ағаділдің өлімі

Кеше, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригада қызметкерлері ер адамның өлімін растады.

Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпталушы деп танылып, оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған еді. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алмастырды.

24 ақпан күні сағат 21:00-де Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасап, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

2012
Кілт сөздер:
сараптама, адам өлімі, прокуратура
Тақырып бойынша
Шымкентте жалдамалы пәтерден екі әскери қызметшінің мәйіті табылды
Алматы облысында екі баланың анасын өлтірген ер адам сотта кешірім сұрады
Полиция Нұр-Сұлтанда тергеу абақтысында көз жұмған Дулат Ағаділге қатысты ақпарат берді
Ағаділдің өлімі: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тексеріс жүргізілетінін айтты
Ағаділдің өлімі: марқұмның туыстары қандай өтініш жасады
Құлаққап, телефон

Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет дәрігер кеңесі

8
(Жаңартылды 10:36 30.11.2020)
Дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған. Дәрігер құлаққап таққан кезде дыбыс деңгейінің қандай болуы қажет екенін айтты

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников құлаққаптың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қауіпсіз құлаққап болмайды. Қауіпсіз – бұл 80 децибел, ал құлаққаптарда 100 және 120 децибел болуы мүмкін", - дейді Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде.

Дәрігердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды.

Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.

Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты болып саналады. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек. Сондай жағдайда құлаққаптар аз зиян келтіреді.

8
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, дәрігер, есту қабілеті
Тақырып бойынша
Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет - маман кеңесі
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті   
Коронавирус сынама

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан жеті адам көз жұмды

11
(Жаңартылды 10:03 30.11.2020)
Өткен тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты. Пандемия басталғалы 131 659 адамда коронавирус расталды

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Қазір коронавирус инфекциясынан 13 164 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 905 бала бар. 
Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 222 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 131 659 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 034 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 42 147 адам пневмонияға шалдықты, 443 адам қайтыс болды.

 

11
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады
ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті
Ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтты
Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр