Әзірет сұлтан мешіті

Жаңа Бас мүфти тың бастама көтерді

3213
Қазақстанда имамдардың білімі мен отбасы жағдайы туралы білуге мүмкіндік беретін"Е-мүфтият" ақпараттық жүйесі іске қосылады    

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Е-мүфтият" ақпараттық жүйесі құрылатын болды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылды.

"Е-мүфтият" ақпараттық жүйесіне имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны, тағы басқа мәліметтер енгізілмек.

"Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. "Е-мүфтият" ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді. Сондықтан осы жобаны жетілдіріп, іске қосуды тапсырамын", – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы 7 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайында Бас мүфти қызметіне сайланды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мешітте жаңа бас мүфтимен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, жаңадан сайланған Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, рухани бағдар беру қажеттілігі мен  жат діни ағымдардың зиянды әрекеттері жайында айтылды.

"Халықты татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыру керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үдерістер пайда болып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Ел мүддесіне қызмет етіп, осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет", – деді Тоқаев.

3213
Кілт сөздер:
имамдар, мешіт, Бас мүфти
Тақырып бойынша
Бас мүфти Дариға Назарбаевадан көмек сұрады
Қоғамдық ұйымдар түрмеде радикалдардың көбейіп жатқанына алаңдаушылық білдірді
Діни рәсімдер тізімі бекітілді: кімдер 45 рәсімнің барлығын өткізе алмайды?
Енді имамдар ерлі-зайыптыларды татуластыру қызметін қоса атқарады
Қазақстанда имамдар қанша жалақы алатыны белгілі болды
Бас мүфти түрмеде жұмыс істейтін имамдарға тұрақты жалақы тағайындауды ұсынды
Кісен, архивтегі сурет

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын "жерлеуге" ақша сұраған

60
Аудан полицейлері тонау қылмысын ашу кезінде күдіктінің тұрғындарды алдап, алаяқтық жасағанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында тірі туыстарын "жерлеу" үшін тұрғындардан ақша алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шал ақын ауданының полицейлері тонау қылмысын ашу кезінде екі алаяқтық фактісін анықтады.

15 ақпанда Сергеевканың 29 жастағы тұрғыны дүкен тонады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды. Ер адам бұған дейін істі болған.  

"Тергеу барысында күдіктінің былтыр желтоқсанда жергілікті тұрғындардың бірінен апасын "жерлеуге" 50 мың теңге алғаны анықталды. Алайда оның  ешқашан апасы болмаған", - делінген хабарламада.

Қаңтар айында күдікті аудандағы шаруа қожалығына қара жұмысшы болып кіреді. Екі апта жұмыс істегеннен кейін бастығынан материалдық көмек сұрайды. Бұл жолы ақша анасын "жерлеуге" қажет болған.

Тағы оқыңыз: Дәретханаға сұранған: Алматыда ер адам тергеу изоляторынан қалай қашып кетті

Әйелдің тірі және аман-сау екенінен хабарсыз кәсіпкер қарамағындағы қызметкеріне 62 мың теңге берген. Осыдан кейін ер адам жұмысқа шықпаған.

Екі факті де Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді.

60
Кілт сөздер:
алаяқ, Солтүстік Қазақстан облысы
Жүкті әйел

Алматыда босанған әйел перзентханада көз жұмды

164
Кейбір мәліметтерге сүйенсек, әйел перзентханаға түскеннен кейін туыстарына ауруханадағы сыбайлас жемқорлыққа шағымданған

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Алматыда перзентханалардың бірінде әйел көз жұмды. Бұл фактіні қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

"Ана өлімі 2 наурызда тіркелді. Қазіргі таңда перзентханада тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама аяқталған соң, қорытынды аламыз", - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиева онлайн брифингте.

Босанған әйелдің өлімі туралы жекелеген БАҚ бейсенбі, 4 наурызда хабарлаған еді. Пациент өлерінің алдында туыстарына ведомстводағы сыбайлас жемқорлыққа шағымданған.

"Жемқорлық фактілері туралы ақпарат түскен жоқ. Бірақ, егер бұған қатысты тергеу жүріп, бәрі дәлелденсе, біз өз тарапымыздан шара қабылдаймыз", - деп мәлімдеді Мырзағалиева.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға әйелдің сәбиі аман қалғанын нақтылады.

"Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық", - деді ведомстводан.

Мырзағалиева босанған әйелдің өліміне аурухана басшылығы кінәлі екені анықталса, басқарма қатаң шара қабылдайтынын жеткізді.

164
Кілт сөздер:
жас босанған әйел, перзентхана, Алматы
Тақырып бойынша
"Дәрігерлер шарасыз еді": Жезқазғанда жас босанған әйел мен сәбиі көз жұмды
Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды
Қарағанды облысында жас босанған әйел мен сәбиі көз жұмды
Пойызда босанған әйел тосын шешім қабылдады – видео
Боран, тас жол

Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды

9
Бұрқасын, қар, тұман және желге байланысты республиканың барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жеті облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) еліміздің жеті өңірінде – Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Сонымен қатар, Қазгидромет ақпаратынша, алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан,  Қарағанды, Қостанай,  Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

ТЖ министрлігі қазақстандықтарды алыс жолға шығарда ауа райы болжамын қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін 1403 немесе құтқару қызметінің "112" нөмірі, сондай-ақ "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

9
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет