Паломники в Мекке

"Өзіміз де аң-таң болдық": туристік фирмалар ұмраны уақытша тоқтату туралы айтты

1226
Қазақстанда кіші қажылықты ұйымдастыруға толығымен туристік компаниялар жауапты. Жолдама алғандарға ақша толығымен қайтарылатыны айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Туристік фирмалар коронавирусқа байланысты Мекке мен Мәдина қалаларына кіруді уақытша тоқтатуға қатысты пікір білдірді. Мамандар жолдама алып қойғандардың ақшасы қалай қайтарылатынын да түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Паломники перед хаджем в аэропорту Астаны
Қажылыққа аттануға дайындалып отырған қазақстандықтар

Қазақстанда ұмраны ұйымдастыратын ірі туристік компаниялардың барлығы дерлік жолдаманың ақшасы толығымен қайтарылатынын жеткізді. Алайда кіші қажылықты кейінге қалдырамын дейтіндер болса, ұмраның мерзімін шегеруге болады.

"Жолдама алғандарға ақша толығымен қайтарылады. Ал кейінге қалдырамыз десе, мерзімін шегеруге болады. Мысалы, біз әуе компанияларына, қонақүйлерге, виза жасайтын мекемелерге ресми хат жаздық. Олар ақшаны қайтаруға дайын. Ал визаны алып қойған кісілердікін ұстап қалады. Себебі ол – бір жылдық виза. Онымен коронавирустың қаупі алынғаннан кейін де баруға болады. Ал виза алмағандардың ақшасы толығымен қайтарылады", - деді Hickmet Travel-дің менеджері Жандос Кенжебек Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

"Қызмет Саяхат" туристік операторы да ақшаның толығымен қайтарылып жатқанын жеткізді.

"Жолдама алғандарға ақшаны қайтарып жатырмыз. Өйткені шектеуді қай кезде алып тастайтыны белгісіз. Шыны керек, өзіміз де аң-таң болдық. Ондай бірінші рет болып отыр. Қазір Сауд Арабиясы визаны да беріп жатқан жоқ. Сондықтан ақша толығымен қайтарылады", - дейді менеджер Дулат Қожахметов.

Тағы оқыңыз: "Шариғат мұны қолдамайды": мүфтият қажылыққа барғысы келетіндерге кеңес берді

Atlas Tourism мен Qazaq Travel де бүгіннен бастап әуе компанияларының Мекке мен Мәдинаға жолаушы алмайтынын жеткізді. Себебі барлығына шектеудің енгізілгені жайында хабар берілді. Осыған байланысты туристік компаниялар бүгін жолға шықпақ болған азаматтарға хабарласып, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

"Бүгіннен бастап ол жаққа ешкімді кіргізбейді. Бұл – форс-мажор. Сондықтан барлығының ақшасы қайтарылады. Бірақ бір нәрсені ескеру керек, барлығы төленіп қойды ғой. Енді, ол ақшаны қайтаруға бір-екі аптадай уақыт керек. Ал сол жақта жүрген қажылар жоспар бойынша елге оралады. Негізі, осы бір апта немесе он күннің ішінде қажыларды қайтадан қабылдаса, ақшаны қалдырып, күнді ауыстыра салуға болады. Оған келіспесе, ақшасы міндетті түрде қайтарылады", - деп атап көрсетті мамандар. 

Айта кетейік, бүгін, 27 ақпанда Сауд Арабия Корольдігі әлемге қауіп төндіріп тұрған коронавирус індетінен сақтану мақсатында ұмра қажылығын жасау үшін Мекке мен Мәдина қалаларына кіруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы Сауд Арабияның сыртқы істер министрлігі өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

1226
Кілт сөздер:
Сауд Арабиясы, кіші қажылық, умра
Тақырып бойынша
"Он түнді ұйқысыз өткіздім": кіші қажылыққа барған алматылықтың әңгімесі
Қазақстандық қажы Меккеде қиын жағдайға тап болды
Қажылық - 2019: шарттары мен кезеңдері
Діни рәсімдер тізімі бекітілді: кімдер 45 рәсімнің барлығын өткізе алмайды?
Мүфтият құрбандыққа шалынған малдың етін кімге тарату керек екенін айтты
коронавирус, медбике

Ғалым коронавирус инфекциясын неге барлық адам жұқтырмайтынын түсіндірді

693
"Қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтыны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Коронавирустан қорғануға тек антиденелер ғана көмектеспейді, деп мәлімдеді микробиолог Сергей Иванов "МК" газетіне берген сұхбатында.

Ғалымның айтуынша, кейбір адамдар коронавируспен ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болса да, инфекция жұқтырмайды.

"Осындай жағдайлар болды. Олардың ағзасы бұл коронавирусты қабылдамайды", - деді Иванов.

Пастер атындағы эпидемиология және микробиология институтының ғалымдары осындай қорытындыға келген.

"Ғалымдар "қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтынын байқаған", - дейді маман.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді қыспағына алды. 60 миллионнан астам адам вирус жұқтырса, оның 1,4 миллионнан астамы қайтыс болды. Коронавируспен ауырғандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия көш бастап тұр.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті. Коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны – 42 104. Қайтыс болғандар – 2 470.

693
Кілт сөздер:
ғалым, коронавирус
аурухана, коронавирус

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

1753
(Жаңартылды 11:36 29.11.2020)
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 214 адамның жағдайы нашар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирустық пневмониядан үш адам көз жұмған.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр.  9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 32 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 826 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды.

Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті.

Оның ішінде:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 16191 (+135),
  • Алматы қаласында - 16033(+73),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -15989(+83),
  • Атырау облысында - 11616(+18),
  • Қарағанды облысында - 11077(+25),
  • Батыс Қазақстан облысында - 7994(+39),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 6291(+105),
  • Павлодар облысында - 6254(+120),
  • Алматы облысында - 5682(+33),
  • Шымкент қаласында -5361(+6),
  • Қостанай облысында - 5212(+85),
  • Ақмола облысында - 5072(+86),
  • Жамбыл облысында - 4411(+14),
  • Ақтөбе облысында -3481(+1),
  • Түркістан облысында - 3477(+2),
  • Маңғыстау облысында - 3434(+0),
  • Қызылорда облысында -3290(+1).
1753
 Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс

Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті жекпе-жектің толық видеосы

945
(Жаңартылды 12:52 29.11.2020)
Аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегі бүгін қазақстандық уақыт бойынша таңертең АҚШ-та өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Атақты америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс Лос-Анджелесте Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек "Аңыздар шайқасы" кешінің басты оқиғасы болды. Көптен күткен кездесу ерекше регламент бойынша өтті - әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды. 

Айта кетсек, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған еді. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

945
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек