Оператор, архивтегі сурет

Сенат депутаты жаңа телеарна ашуды ұсынды

176
(Жаңартылды 19:08 28.02.2020)
Депутат аграрлық ғылым мен еңбек адамының бейнесін насихаттайтын бағдарламалардың маңызы зор деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин арнайы мамандандырылған аграрлық телеарна ашуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатордың пікірінше, ауылдарды дамытудың түйінді мәселелерінің бірі – ақпараттық қамтамасыз етуді жаңа сапалық деңгейге шығару.

"Ауыл еңбеккерлері озық технологиялар, мемлекеттік қолдау шаралары, заңнамалық базадағы өзгерістер, нарық маркетингі туралы хабардар етілуі  тиіс. Сондықтан аграрлық ғылым мен озық тәжірибені, еңбек адамының бейнесін насихаттайтын көрсетілімдердің маңызы өте зор. Осы орайда, арнайы мамандандырылған аграрлық телеарна ашу қажет деп санаймыз", - деді Мусин сенатта ауыл шаруашылығына арналған парламенттік тыңдауда.

Депутаттың айтуынша, мемлекеттен бөлінетін қомақты қаражатқа қарамастан, аграрлық сектор тиімділігі төмен салалардың қатарында.

"Сараптамалық бағалау бойынша, басты проблема –мемлекеттік реттеудің жетілмегендігінде. Өздеріңізге мәлім, тәуелсіздік жылдарында агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған тоғыз бағдарламалық құжат қабылданды. Алайда, олар саладағы жағдайдың түбегейлі өзгеруіне ықпал ете алмады", - деді сенатор.

Тағы оқыңыз: "Жоққа шығару дұрыс емес": экс-министр Назарбаеваның мәлімдемесімен келіспеді

Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80%-ке жуығы шикізат түрінде сатылатынын, бірқатар өнімнің импортқа тәуелділігі жоғары екенін айтты. Дайын азық-түлік, негізінен, шеттен әкелінеді.

Мусиннің сөзінше, мемлекеттік реттеудің жүйесіздігі мен субсидиялау ережелерінің жиі өзгеруі аграрлық сектордың дамуына кері әсерін тигізіп отыр.

176
Кілт сөздер:
телеарна, сенатор, ауыл шаруашылығы
Тақырып бойынша
Назарбаеваның орынбасары түскі асқа асыққан депутаттарға ұрсып тастады
Дариға Назарбаева реформаның салдары неге әкеп соққанын айтты
"Кетпеңізші деп жалынамыз": кәсіпкер депутаттар алдында жанайқайын жеткізді
"Жерді ешкімге де бермейміз": Назарбаева қазақстандықтардың басты жауын атады
коронавирус, медбике

Ғалым коронавирус инфекциясын неге барлық адам жұқтырмайтынын түсіндірді

677
"Қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтыны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Коронавирустан қорғануға тек антиденелер ғана көмектеспейді, деп мәлімдеді микробиолог Сергей Иванов "МК" газетіне берген сұхбатында.

Ғалымның айтуынша, кейбір адамдар коронавируспен ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болса да, инфекция жұқтырмайды.

"Осындай жағдайлар болды. Олардың ағзасы бұл коронавирусты қабылдамайды", - деді Иванов.

Пастер атындағы эпидемиология және микробиология институтының ғалымдары осындай қорытындыға келген.

"Ғалымдар "қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтынын байқаған", - дейді маман.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді қыспағына алды. 60 миллионнан астам адам вирус жұқтырса, оның 1,4 миллионнан астамы қайтыс болды. Коронавируспен ауырғандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия көш бастап тұр.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті. Коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны – 42 104. Қайтыс болғандар – 2 470.

677
Кілт сөздер:
ғалым, коронавирус
аурухана, коронавирус

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

1745
(Жаңартылды 11:36 29.11.2020)
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 214 адамның жағдайы нашар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирустық пневмониядан үш адам көз жұмған.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр.  9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 32 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 826 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды.

Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті.

Оның ішінде:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 16191 (+135),
  • Алматы қаласында - 16033(+73),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -15989(+83),
  • Атырау облысында - 11616(+18),
  • Қарағанды облысында - 11077(+25),
  • Батыс Қазақстан облысында - 7994(+39),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 6291(+105),
  • Павлодар облысында - 6254(+120),
  • Алматы облысында - 5682(+33),
  • Шымкент қаласында -5361(+6),
  • Қостанай облысында - 5212(+85),
  • Ақмола облысында - 5072(+86),
  • Жамбыл облысында - 4411(+14),
  • Ақтөбе облысында -3481(+1),
  • Түркістан облысында - 3477(+2),
  • Маңғыстау облысында - 3434(+0),
  • Қызылорда облысында -3290(+1).
1745
 Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс

Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті жекпе-жектің толық видеосы

921
(Жаңартылды 12:52 29.11.2020)
Аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегі бүгін қазақстандық уақыт бойынша таңертең АҚШ-та өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Атақты америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс Лос-Анджелесте Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек "Аңыздар шайқасы" кешінің басты оқиғасы болды. Көптен күткен кездесу ерекше регламент бойынша өтті - әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды. 

Айта кетсек, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған еді. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

921
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек