Архивтегі фото

Ақпанда Қазақстанға шетелден 1,5 миллион адам келді ҰҚК

227
Медицина ұйымдары шетелден келген азаматтарды 3 санатқа бөліп, денсаулығына мониторинг жүргізіп жатыр

АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 1-29 ақпан аралығында Қазақстанға мемлекеттік шекараның өткізу пункттері арқылы шетелден 1 539 744 адам келгенін мәлімдеді. 2 наурыздағы дерек бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 901 305 адам  келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Қазір Қытайдан және өзге де шекаралас елден келген азаматтарға мониторинг жүргізіліп жатыр.

"2020 жылдың 6 қаңтарынан 28 ақпанына дейін елімізге Қытайдан 32 456 адам келді. Осы аралықта денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті санитариялық-карантиндік пункттердің мамандары мамандары халықаралық әуежайлар мен теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде 32 456 адамды тексерді", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, медицина ұйымдары шетелден келген азаматтарды 3 санатқа бөліп, денсаулығына мониторинг жүргізіп жатыр.

"Карантинде 1 "А" санаты бойынша 298 адам, 1 "Б" санаты бойынша 353 адам үйде оқшаулауланған жағдайда жатыр. 3 наурызға дейін 33 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен емханаға жеткізілді: 1 "Б" санаты бойынша – 5 адам, екінші санат бойынша – 21 адам, үшінші санат бойынша – 7 адам. 33 адамның біреуі үйіне қайтарылды", - делінген министрлік сайтында.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирустың таралуына байланысты бірнеше тапсырма берді

Бақылауға 6 022 адам алынған. Дәрігерлер екінші санат бойынша 1584 адамды қашықтан бақылауға алды. Оларға 14 күн бойы қоңырау шалынып, қал-жағдайы сұралады. Үшінші санат бойынша қашықтан бақылауда 4438 адам болады. Оларға 24 күн бойы қоңырау шалып, дәрігерлер жағдайын біледі. Сонымен қатар үшінші санат бойынша 14 адам бақылауға алынды.

"COVID-19 вирусына зертханалық тексеруден өткендер саны – 969 адам, оның ішінде Қытайдан эвакуацияланған 524 адам бар. 358 адам стационарға жатқызылған. Оның ішінде 2020 жылдың 23 ақпанында Жапониядан келген 20 адам бар. 85 адам өзге елден келгендермен байланыста болғандықтан тексеруден өтті. Ешкімнен вирус табылған жоқ. Соңғы тәулікте 2 адам тексеруден өтті, олардың да нәтижелері теріс", - деді министрлік.

23 қаңтарда Жапониядан келген 20 қазақстандық медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген болатын. Оның ішінде коронавирус шыққан Diamond Princess лайнерінде болған 4 азамат бар. Дәрігерлердің айтуынша, карантинде жатқандардың денсаулығы жақсы.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын алу шараларын сақтау қажет екенін айтты:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
  • адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланыста болмау;
  • суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Ресми ақпаратты министрліктің Facebook парақшасынан оқуға болады. Сұрақтар туындаған жағдайда 1406 нөмірі тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Қытайдан тараған коронавирус

Соңғы мәлімет бойынша, әлем бойынша корновариус жұқтырғандар саны 90 370 адамға жетті. Қытайда ауру жұқтрығандар саны – 80 151, оның ішінде 2943 адам көз жұмды. 47 204 адам емделіп шықты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус әлемнің 64 еліне тарап үлгерді. Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар саны 4335 адамға жетті, Италияда – 2036 адам, Иранда 1501 адам ауру жұқтырған. 

227
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1655)
Тақырып бойынша
"Шешім қабылдадым": Тоқаев неден бас тарту керек екенін айтты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавируске қатысты мәлімдеме жасады
Әзербайжанда бір адам коронавирус жұқтырды
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған науқас жоқ – денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Иран азаматтарына елге кіруге тыйым салды
Сарымсақ туралы әңгімені экс-министр Досқалиев айтпаған болып шықты
Микроскоппен қараған кездегі коронавирус

Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

204
Мамандар Fugaku суперкомпьютері арқылы адам маска тақпаған кезде вирус бөліктері қалай қозғалатынын модельдеді

АЛМАТЫ, 25 қазан — Sputnik. Бетперде – коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Мұны жапониялық ғалымдар тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар адам маскасыз сөйлескен кезде, ән айтқанда, жөтелгенде вирус қалай таралатынын көрсетті.

Коронавирустың таралуын көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан инфекциядан маска арқылы қорғану тәсіліне адамдар жеңіл-желпі қарайды, деп жазады euronews.com.

COVID-19-дың таралуын анық көрсету үшін жапониялық ғалымдар жаңа технологиялар көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер Fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндігін қолданды. Ол арқылы адам маскасыз сөйлеген кезде таралатын вирус бөліктерінің қозғалысын модельдеді.

"Егер вирус қалай таралатынын нақты көрсетсек, адамдар қауіп жоғары екенін түсінеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл процесті ғылым тұрғысынан көрсеткіміз келді", - деді Kobe University & RIKEN профессоры Макото Цубокуро.

Зерттеу қорытындысы ауаның жоғары ылғалдылығы салдарынан ұсақ аэрозольдік бөлшектер ұлғаяды. Сондықтан вирустан қорғану үшін маска ең тиімді тәсіл болып отыр.

Сондай-ақ, зерттеушілер әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені вирустың ірі бөлшектері жерге түседі де, ауа арқылы ұзақ қашықтыққа тарала алмайды.

204
Кілт сөздер:
видео, ғалымдар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1655)
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді
Волейболшы Сәбина Алтынбекова

Сәбина Алтынбекова Қуат Хамитовтің ұсынысына жауап берді

2428
(Жаңартылды 15:11 25.10.2020)
Бұған дейін Хамитов волейболшы Сәбина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова ММА файтері Қуат Хамитовтың өзін әйелі ретінде көргісі келетіндігі туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында Қуат Хамитов қатысқан бағдарлама сілтемесін репост жасап, "Бұл қандай қойылым?" деп жазған. Кейіннен жазылушылар сұрағына жауап берген Алтынбекова былай деп пікір білдірді.

"Мен әрқашан Қуатты адалдығы мен турашылдығы және бойындағы қазақ батырының рухы үшін құрметтедім және құрметтеймін. Ол өзінің спорттық мақсаттарына қолжеткізетініне күмәнім жоқ", – деп жазды әйгілі волейболшы.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қуат Хамитов "Еуразия" телеарнасындағы "Қызық LIVE" ойын-сауық бағдарламасының қонағы болып, жеке өмірі жайлы жүргізушілер сұрақтарына жауап берген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marat Oralgazin (@oralgazin)

  "Мен әйелімнің ұзын бойлы, тәрбиелі, қарапайым және пәк болғанын қалаймын. Ол мені біледі және өзі де спортшы. Волейболмен айналысады. Оның аты-жөні – Сабина Алтынбекова. Біз ара-тұра хабарласып тұрамыз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін көп күш жұмсауым керек шығар. Достарым кейде: егер үйленсеңдер, Дэвид пен Виктория Бекхэм сияқты боласыңдар деп әзілдеп жатады", – дейді Хамитов.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

2428
Кілт сөздер:
спортшылар, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Сабина Алтынбекова: бар уақытымды волейболға арнап жүрмін
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Сәбина Алтынбекова "Отанын сатып кетті" дегендерге жауап берді - видео
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Желідегі танымалдығы да сеп болған: Сабина Алтынбекова басқа клубқа ауысты