Автокөлік ұрысы, иллюстративті фото

Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған

492
(Жаңартылды 15:40 04.03.2020)
Зардап шеккен ер адам өзін біреулер аңдып жүрген деп болжап отыр, полиция қызметкерлері күдіктілерді іздеуге кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер астаналық банктердің бірінен алынған ірі көлемдегі ақшаны көліктен ұрлап кетті. Оқиға сейсенбі, 3 наурызда Абай даңғылы мен Ғабдуллин көшесінің қиылысында болды.

"Сағат 10.30 шамасында бір досым өзінің депозит шотынан ақша алды. Ол ақшаны мен Министрліктер үйінің маңынан алып кеттім. Жол бойы бірнеше жерге соқтым. Абай даңғылында аялдап, төрт минутқа асханаға кіріп шықтым. Қайтып келіп, жолаушы есігінің әйнегі сынғанын көрдім. Салондағы 13 миллион 500 мың теңге салынған барсетка жоғалды", - дейді жәбірленуші.

Содан ер адам кетіп бара жатқан автокөліктің соңынан қуады.

"Қаскүнемдер Ресей нөмірін таққан Lada Priora көлігімен менен қашып кетті", - деп атап өтті жәбірленуші.

Ол бұл көлікті ақшаны алған кезде көргенін айтады. Ер адам өзін аңдып жүріп, көлікте ешкім болмайтын сәтті күтіп,  ұрлық жасағанына сенімді.

Оқи отырыңыз: Банк қызметкері 87 миллион теңгені қымқырып, шетелге қашып кетті 

Ер адам полицияға шағым түсірді. Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 177-бабының төртінші бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін түсіндірді.

"Күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция.

Егер күдіктілер ұсталып, кінәсі дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

492
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Атырау әуежайының шотынан аса ірі көлемде ақша ұрланды
Банк қызметкері үйлену тойын жасау үшін бес жарым миллион теңге ұрлаған
Қостанай тұрғыны 5 мың долларын тартып алғандарды қуамын деп істі болды
Назарбаев RBK банкіндегі жағдай туралы: ұрылар түрмеге жабылады
Сөмкесі "ұрланған" семейлік студент қыз ұятқа қалды
Кресло ұстап тұрған ер адам, иллюстративті фото

Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады

141
Жаңа лауазымға тағайындалған үш шенеуніктің екеуі қайта құрылымдаудан өткен ведомствода қызмет еткен

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Президент өкімімен Рустам Ахметов бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Марат Омаров пен Болат Сәмбетов Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқаратын болады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Болат Сәмбетов бұған дейін ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы қызметін атқарған.

Рустам Ахметов кім?

Рустам Нұрланұлы Ахметов 1978 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Еңбек жолын мемлекеттік кірістер министрлігінің кінәрат-қуыным жұмысы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2001 жылы Қазақстан Республикасы президент әкімшілігіндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімнің аға референті қызметіне қабылданды.

Әр жылдары президент әкімшілігіндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің кеңесшісі, заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2011 жылы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

2014 жылдың тамыз айы мен 2017 жылдың сәуір айы аралығында ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары болды.

2017 жылы ұлттық экономика министрлігінің табиғи ресурстарды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2019 жылы ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болды.

Марат Омаров жайлы не білеміз

Марат Талғатұлы Омаров 1988 жылы дүниеге келген. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Лондон қаласында "Digiet Limited" IT компаниясында бизнес-сарапшы болып бастаған.

2010-2012 жылдары "Digiet Limited" IT компаниясының коммерциялық директоры болды.

2012-2014 жылдары экономикалық даму және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, ұлттық экономика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары ұлттық экономика министрлігі тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры болған.

2017 жылы технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік басшысы болып тағайындалды.

2019 жылы "Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.

Жаңа агенттік туралы

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында бәсекелестікті қорғау мен дамыту бойынша мықты және тәуелсіз орган қажет екенін мәлімдеді. Ол президентке тікелей есеп беретін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құруды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымын бекітті

Жаңа ведомствоны бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министрі) болып қызмет еткен Серік Жұманғарин басқарады.

141
Кілт сөздер:
Ақорда, шенеуніктер, лауазым
Тақырып бойынша
Қазақстанда екі облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Григорий Марченко жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның төтенше жағдайлар вице-министрлері тағайындалды
Қазақстанның бұрынғы бас санитар дәрігері жаңа қызметке тағайындалды
Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды
Портфель ұстаған ер адам

Екі министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

185
Әнуар Ахметжанов жауапты хатшы лауазымында 1 жыл 6 ай отырса, Әсем Нүсіпова бұл қызметті 2,5 айдан астам уақыт қана атқарды

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен екі министрліктің жауапты хатшысы қызметінен бостатылды, деп хабарлады Ақорда.

"Әнуар Ахметжанов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен, Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әнуар Ахметжанов бұл қызметке 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын. Ал Әсем Нүсіпова министрліктің жауапты хатшы қызметіне 2020 жылдың 30 шілдесінде кіріскен.

Оқи отырыңыз: Министрліктерде жауапты хатшылар болмайды – Тоқаев тапсырма берді

185
Кілт сөздер:
Ақорда, лауазым
Тақырып бойынша
Алматыда ағаштарды кесуге рұқсат берген шенеунік қызметтен кетті
Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды
Министр Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды
Алматы метрополитенінің директоры қызметтен кетті
Қазнетті шулатқан сарысулық полиция бастығы қызметінен босатылды
парламент палаталарының бірлескен отырысы

Қазақстанда қандай партиялар тіркелген?

0
Қазақстанда парламенттік сайлау 2021 жылдың қаңтарында өтеді, оған алты саяси партия қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан - Sputnik. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне сәйкес, 2020 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әділет министрлігі хабарлады.

Саяси партиялардың тізімі

  • Nur Otan партиясы
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы
  • Қазақстан халықтық коммунистік партиясы
  • "Ауыл" ұлттық-демократиялық партиясы
  • "Бiрлік" саяси партиясы
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП)

Қазіргі таңда Қазақстан парламентінде саяси партиялардың үш фракциясы бар: "Нұр Отан", "Халықтық коммунистер" және "Ақ жол".

2021 жылы мәжіліс сайлауы өтеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен парламент мәжілісі депутаттарының сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.

Қазақстанда парламент екі палаталы, ол мәжілістен - төменгі палатадан және сенаттан - жоғарғы палатадан тұрады.

Мәжіліс сайлауының тарихы
© Sputnik /
Мәжіліс сайлауының тарихы
0
Кілт сөздер:
Мәжіліс, партия
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы