Бекболат Тілеухан

"Үкімет күшіне сенбей ме?": Бекболат Тілеухан екпе туралы заңға қарсы шықты

4009
Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, бүлдіршіндерге екпе егуді заңмен міндеттеу Конституцияға қайшы емес

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан балабақшаға екпе алмаған балаларды қабылдамауды заңмен бекітуге қарсы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы бірінші оқылымда қаралды. Аталған құжатта балаларға кейбір ауруларға қарсы екпе салдыру міндетті деп көрсетілген. Екпе салынбаған балаларды балабақшадағы ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейі сақталған жағдайда ғана алуға рұқсат беріледі. 

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан қоғамда дау туғызған баппен келіспейтінін жасырмады.

"Мен сайлаушыларымның аманатын жеткізе отырып, осы 89-бапқа қарсы шығатынымды жеткізгім келеді. Жұмсақ күш, иландыра түсіндіру әдісімен көндірудің орнына бас көз жоқ "міндетті" деп заңға қондырып, тізеге салудың қандай реті бар? Үкімет күшіне сенбей ме, әлде еріне ме?", - деді ол.

Депутат жалпы вакцинаға қарсы емес екенін, балаларына салдыратынын айтты. Бірақ мұның неге заңмен міндеттеліп отырғаны Тілеуханға түсініксіз.

"Бас прокуратурадан сұрайтыным, бас тартқан адам іс жүзінде заң бұзушы болып шыға келе ме? Конституцияның 29-бабына қайшы келмей ме? Әр адам өзінің денсаулығын қорғауға құқығы бар. Маған түсіндіріңіздерші, маған түсіндіре алмасаңыздар, қоғамға түсіндіруге өте қиын болады. Неге біз міндеттеуіміз керек?", - деді мәжілісмен.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мұның Ата заңға қайшы емес екенін мәлімдеді.

"Егер адамның өміріне, денсаулығына қауіп болса, басқа заңмен оның құқығын, яғни, білім алу, еңбек ету құқығын шектеуге мүмкіндік бар. Себебі, бізде адамның өмірі мен денсаулығы ең құнды деп есептеледі. Сондықтан, Конституцияға қайшы емес", - деп жауап берді ол.

Сәби екпеден көз жұмды: тілшілерге жұдырық ала жүгірген емхана қызметкері істі болды

Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, міндетті вакцинацияны енгізудегі мақсат – инфекциялық аурулардан басқа азаматтардың денсаулығын қорғау.

"Себебі қазіргі күнде ата-аналардың екпеден бас тартуының салдарынан елімізде бұрыннан ұмытылған инфекциялық аурулар қайтып келіп жатыр. Бірақ одан тек қана сол балалар емес, басқа да көптеген медициналық аурумен ауыратын балалар ауырып өлуде. Біраз мемлекетте кейбір вакциналарды салу заңмен міндеттелген. Біздің де көздегеніміз осы", - деді ол.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

4009
Кілт сөздер:
екпе, Бекболат Тілеухан
Тақырып бойынша
Екпеден кейін баланың шетінегені хабарланды: министрлік тергеу жүргізіп жатыр
Жыл басынан бері қызылшадан 15 адам көз жұмды – министр себебін айтты
Cолтүстік Қазақстанда қызылша дерті өршіп барады: науқастар саны 100-ден асқан
Баласына екпе салдырмаған ата-аналар жазаланады - заң жобасы әзірленіп жатыр
Тұмауға қарсы екпе жөнінде не білу керек
Қазақстанға Қытай вакцинасын әкелу тоқтатылды
Процент таңбасы

Қазақстанда шағын кредит беру тәртібі өзгерді

52
Бұдан былай микроқаржы ұйымы екі апта ішінде қарыз алушының өтінішін қарап, қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қазақстанда шағын несиелерді рәсімдеу және қарызды қайтару тәртібіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік басқармасының қаулысына сәйкес, жеке тұлғалардың микрокредиттер бойынша берешегін сотқа дейін реттеу рәсімі белгіленіп отыр.

"Ал микроқаржы ұйымы шағын кредит бойынша төлеу мерзімінің кешігуі туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей, қарыз алушыға ол туралы хабар беруге міндетті. Қарыз алушы төлеу мерзімінің кешігуі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен микроқаржы ұйымына жүгінуге құқылы", – делінген ресми хабарламада.

Микроқаржы ұйымы екі аптаның ішінде қарыз алушының өтінішін қарап, қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлайды. Қарыз алушыдан өтініш болмаған жағдайда немесе онымен келісім жасалмаса, берешекті нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алуға болады.

Бұдан бөлек, микрокредит беру туралы келісімді ресімдеу шаралары мен оның мазмұнын оңтайландыруға шешім қабылданды. Атап айтқанда, микрокредитті өтеу кестесіне қосымша мәліметтерді енгізуге ұсыныс жасалды. Мысалы, микрокредитті қайта құрылымдау кезінде төлеу мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер өтеу кестесінде көрсетілуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар – ҰКП төрағасы

Жаңа қағидаларға сәйкес шарттың жасалған күні, микрокредит сомасы, пайыздық мөлшерлеме, шарт талаптарын орындау мерзімдері және басқа да міндетті шарттар туралы ақпаратты шарттың титулдық парағына жазу талап етіледі.

52
Кілт сөздер:
кредит, қаржы нарығы
Тақырып бойынша
Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды
Павлодарда ер адам ең жақын досының атынан 14 кредит алған
Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды
Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады
Кредит төлеу кешіккенде борышкер не істеу керек – заңгерлер пікірі
Банк карталары

Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады министрлік ақпарат берді

166
Алаяқтар алдын ала төлемді, тіпті, ақшаның жартысын аударып беруді сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін бөтен адамдардың атына ашылған есепшоттар арқылы ақша ұрланады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Бүгінде халықты интернет арқылы алдайтын алаяқтар көбейді. Ішкі істер министрілігі осы алаяқтықтың кеңінен таралған түрлері туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбековтың айтуынша, интернет-алаяқтықтықтың кеңінен тараған түрі – жарнама сайттары арқылы алдау. Тауар немесе қызметке қатысты хабарландыру жарияланып, төмен бағалар қойылады. Оған сенген адамдар өз ақшасын бірден аудара салады. 

"Алаяқтар алдын ала төлемді, тіпті, ақшаның жартысын аударып беруді сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін бөтен адамдардың атына ашылған есепшоттар арқылы ақша ұрланады. Бірақ оны білдіртпей істейді. Алаяқтар алдымен уақыт созып, тауардың келе жатқанын, я болмаса, басқа елде кідіріп қалғанын айтады. Артынан телефонын өшіріп тастайды", - деді Омарбеков апталық онлайн брифингте.

Жақында осы сияқиы алаяқтық жасаған топ ұсталды. Олар дәл сондай жолмен автобөлшектерді сатып, ондаған адамды алдап кеткен. 

"Жарнама сайттары арқылы жасалатын тағы бір алаяқтық бар. Ондайда алаяқ хабарландыруды орналастырған адамға хабарласады да, тауардың алдын ала төлемін жасап береміз дейді. Бірақ ол үшін жарнама берушінің жеке мәліметтері керек деп айтады. Сөйтіп, барлық жеке мәліметін сұрап алады. Аңқау адамдар ақшаны тезірек аламыз деп, бәрін айтып қояды. Артынан өз атына кредиттің қалай рәсімделгенін білмей қалады", - деп атап көрсетті Омарбеков.

Банк қызметкері ретінде адамдарға қоңырау шалатын алаяқтар да бар. Олар клиенттің картасы арқылы күдікті операцияның жасалғанын айтып, оны бұғаттау үшін CVC-кодты сұрап алады. Сөйтіп, интернет-банкинг арқылы барлық ақшаны үптеп кетеді. 

"Интернет-алаяқтықтың тағы бір түрі – "сыйлық тарату". Ол кезде алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, олардың қымбат сыйлық ұтып алғанын айтады. Сосын оны жеткізу үшін ақы сұрады. Аңқау адамдар тағы өзінің жеке мәліметтерін айтып қояды да, барлық ақшасынан айырылады", - дейді Омарбеков.

Бұдан бөлек, интернет арқылы тиімді салымдарға қатысты жарнамалар кеңінен таралып жүреді. Ол да алаяқтардың ісі. Ондайда букмекерлік ставкамен немесе биржа арқылы қыруар пайда табуға ұсыныс жасалады. Алаяқтар спорт матчтарының есебі мен биржадағы бағаларға қатысты құпия ақпаратты білетінін айтып, халықты барынша сендіреді. Осылайша, біраз адамдарды алдап кетеді.     

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы үш жылдың ішінде интернет-алаяқтықтың саны екі есеге өскен. Биыл осы салада 1 700 қылмыс ашылып, 400-дей адам ұсталды. Қылмыстардың басым бөлігі шетелден жасалады. Ал зардап шеккендердің көбісі полицияға шағым түсірмейді.

 

166
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, алаяқтық, банк, интернет
Тақырып бойынша
Маман банк картасымен қай жерде төлем жасау қауіпті екенін айтты
Интернет алаяқтардан қалай қорғану керек – пайдалы кеңес
Қазақстандықтардың депозитінен миллиондап ақша ұрлаған банк қызметкері ұсталды
Солтүстікте алаяқтар жоқ бетперделерді "сатты"
Қолма-қол ақша арқылы вирус жұқтыру қаупі бар – ұлттық банк түсініктемесі