Түрме күзетшісі, архивтегі сурет

Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па ресми жауап

9701
(Жаңартылды 15:11 06.03.2020)
Ішкі істер органдары Арқанкергендегі қанды қырғын үшін жазасын өтеп жатқан Челах түрмеде көз жұмды деген қауесетті жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Өмір бойына сотталған Владислав Челах тірі, дені сау, абақтыда жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін "Қара бүркіт" колониясында жазасын өтеп жатқан Владислав Челахтың қаза болғаны туралы қауесет тараған еді.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Сотталған азамат тірі, дені сау. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр. Денсаулығына шағымы жоқ"- деп мәлімдеді қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.

Арқанкергендегі қанды қырғын

2012 жылдың 28 мамырында қазақ-қытай шекарасында орналасқан "Арқанкерген" шекара бекетінде қайғылы оқиға болды.

Мамыр айының соңғы күндерінде Арқанкергендегі шекарашылармен байланыс кенеттен үзіледі. Екі күннен кейін – 30 мамырда Арқанкергенге жіберілген жасақ шекара бекетінің түгі қалмай жанып кеткенін көреді.

Бір күннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі өртеніп кеткен ғимараттан 12 адамның сүйегі, ал келесі күні тағы екі шекарашының мүрдесі табылғанын мәлімдеді. Бұған қоса, бір қорықшының мәйіті табылған.

Тағы оқыңыз: Челахтың үкімі өзгеріссіз қалды: ол тағы неден үміттенеді?

4 маусымда шекара бекетінен 24 шақырымда орналасқан қыстаулардың бірінде 15-ші шекарашы Владислав Челах ұсталды. Ол кезде қарағандылық жігіт 19 жаста болған. Әуелі белгісіз біреулер шекарашыларға шабуыл жасады деп хабарланған еді, кейін тергеу Челах бәрін жайратып салып, осыдан кейін мәйіттерді өртеп жіберді деген қорытындыға келді.

Ең алғаш ұсталған кезде Челах та қылмысын мойындайды. Бірақ кейін сотта барлығын жоққа шығарды. Ол оған қысым жасалғанын, кінәні мойындауға мәжбүр болғанын, ешкімді өлтірмегенін, тек өрт қойғанын мәлімдеді.

Бұл іс бойынша сот үкімі 2012 жылы 11 желтоқсанда шықты. Сот Челахты 15 адамды өлтірді деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

9701
Кілт сөздер:
түрме, Владислав Челах
Тақырып бойынша
Арқанкергендегі қырғын: Челах 30 миллион теңге өтемақы талап етті
Челах айтпай отыр: Арқанкергенде қаза тапқан сарбаздың анасы ұлының өлгеніне сенбейді
Өмір бойына сотталған Челах пен Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?
халыққа қызмет көрсету орталығы

eGov.kz порталында цифрлық құжаттар пайда болды

2
Жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, COVID-19 бойынша ПТР-тест нәтижесі - енді бұл құжаттардың цифрлық нұсқасы eGov.kz порталында қолжетімді

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Электронды үкімет порталында цифрлық құжаттарды алуға мүмкіндік бар. Бұл туралы eGov.kz порталының операторы - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-сы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Азаматтардың көптеген сұранысы бойынша біз цифрлық құжаттарды eGov.kz порталына шығардық", - делінген ресми хабарламада.

Цифрлық құжаттарды көру үшін алдымен порталда авторизациядан өту керек. Одан кейін "Жеке кабинетке" кіріп, жоғарғы жақта тұрған "Цифрлық құжаттар" бөлімін басу қажет. Сол кезде құжаттардың тізімі шығады. Олар:

  • Жеке куәлік;
  • Жүргізуші куәлігі;
  • Туу туралы куәлік;
  • Неке туралы куәлік;
  • Аты-жөні мен текті ауыстыру туралы куәлік;
  • Некені бұзу туралы куәлік;
  • Техникалық төлқұжат;
  • COVID-19 бойынша ПТР-тесттің нәтижесі;
  • Студенттік билет;
  • Диплом;
  • Зейнеткердің куәлігі;
  • Қандастың куәлігі;
  • Көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
  • Әлеуметтік ID;
  • Вакцинация төлқұжаты.
2
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев азық-түлік бағасын төмендетуді тапсырды

8
Президент негізгі азық-түлік өндірісінің көлемін ұлғайту, әлеуметтік жағдайы нашар азаматтарға қолдау көрсету қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады. Кездесу барысында президент азық-түлікті арзандату бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Жұманғарин Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

Президент азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасын төмендету жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі азық-түлік өндірісі көлемін ұлғайту, отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарына қолдау көрсету қажет деп санайды.

Сонымен қатар президентке Қазақстандағы биржа саудасының дамуы, құрылыс материалдары, тұрғын үй, жанар-жағармай нарықтарындағы бағаға қатысты ахуал, сондай-ақ кірме жолдар нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде мәлімет берілді.

Тағы оқыңыз: "Бос сөзді қою керек": депутат қымбатшылықтың негізгі себебін атады

Жұманғарин Тоқаевқа мемлекеттік және жеке операторлардың қызметіне жүргізілген талдау жөніндегі тапсырмасының орындалу нәтижелері туралы баяндады. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған қазіргі құрылымдарды оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарын айтты. Болжам бойынша олар 3,5 миллиард теңге экономикалық пайда әкеледі.

Бұған қоса фармацевтика, автожолдар құрылысы нарықтарындағы, денсаулық сақтау саласындағы монополияға қарсы әрекет ету шаралары туралы айтылды. Салалық ведомствоның жетекшісі президентке бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін шектеулерді жою үшін ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қабылдап жатқан шаралар, ұлттық жоба және бәсекелестікті дамыту жөніндегі заң жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.

8
Кілт сөздер:
баға, азық-түлік, Серік Жұманғарин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Иран президентіне жеделхат жолдады
Ұлттық жобалар халықтың тұрмысын жақсартуға тиіс – Тоқаев
Көгілдір отын жағатын тұрғындар саны көбейіп келеді – Тоқаев
Тоқаев кімдердің еңбекақысы кезең-кезеңімен көбейтілетінін айтты