Қоғам

Рига әуежайында жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді қазақша әнмен қарсы алды  

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш на концерте в Нур-Султане
Димаш на концерте в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенді әуежайдан қарсы алған фанаттар жұрттың жүрегін елжіретті  

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Латвия астанасы – Ригаға келді. Жанкүйерлер оны жылы шыраймен қарсы алып, "Дайдидау" әнін хормен шырқады.

Инстаграмдағы @dimash_eurasianfanclub паблигінің хабарлауынша, Димаш Латвияға 6 наурыз, жұма күні Балтық жағалауындағы алғашқы жеке концертін беру үшін келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Евразийский фан-клуб Димаша (@dimash_eurasianfanclub)

Жанкүйерлер әдеттегідей Димашты плакаттармен, гүлмен қарсы алды. Ол терминалдан шыққан бойда жанкүйерлер хормен "Дайдидау" әнін шырқады.  

"Дайдидаумен" Димаш Құдайберген "Славян базары" және I am Singer" халықаралық конкурстарында зор табысқа жетті. Бүгінде әнші бұл әнді барлық концертінде орындайды, деп жазды dimashclub.ru.

Рига әуежайында Димашты жүзге жуық адам қарсы алды. Онда латыштар ғана емес, Швеция, Чехия, Польша, Германия, Франция, тіпті Бразилия мен Үндістаннан да келген жанкүйерлер болды.

Димаш Құдайберген Қазан әуежайын дүрліктірді - видео 

"Димашты Ригада көріп, ерекше әсерге бөлендік. Біз Франциядан концертке арнайы ұшып келдік. Біз оны өте жақсы көреміз", - деп Хабар 24 Франциядан келген жанкүйердің сөзінен үзінді келтірді.

Тағы бірі Франциядағы тыңдармандар да Димаштың концертін асыға күтіп жүргенін айтты.  

Димаш қайда және қашан өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген ARNAU TOUR 2020 туры аясында 16 ақпаннан 4 сәуірге дейін Еуропада 11 концерт береді. Ол бұған дейін Ресейдің Краснодар, Қазан және Екатеринбург қалаларында болды.

Латвия астанасында концерт 7 наурызда "Арена Рига" алаңында өтеді. Алдағы уақытта әнші Мәскеуде, сондай-ақ Беларусь, Германия, Украина және Чехияда өнер көрсетеді:  

  • 2020 жылдың 9 наурызы , "Мегаспорт" спорт сарайы, Мәскеу, Ресей;
  • 2020 жылдың 11 наурызы, Спорт сарайы, Киев, Украина;
  • 2020 жылдың 19 наурызы, Barclaycard Arena, Гамбург, Германия;
  • 2020 жылдың 21 наурызы, Düsseldorf ISS DOME, Дюссельдорф, Германия;
  • 2020 жылдың 25 наурызы, TipSport-Arena, Прага, Чехия;
  • 2020 жылдың 29 наурызы, Hanns-Martin-Schleyer-Halle, Штутгарт, Германия;
  • 2020 жылдың 4 сәуірі, Минск-Арена, Беларусь.
Жаңалықтар
0