Жасөспірімнің көлеңкесі, иллюстративті сурет

Ақтаулық оқушының әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті видео

3594
(Жаңартылды 09:33 08.03.2020)
Мектеп оқушысы дәмханалардың біріне сағыз сатылатын аппарат орнатып, гүлге ақша жинаған. Ол барлық тапқан табысын көше сыпырушыларға жұмсады

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Ақтауда 10 жастағы оқушы қалалық коммуналдық қызметтің нәзік жандарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау үшін ақша жинады.

Кішкентай Әлижан видеоны өзінің Istagram парақшасында жариялаған.

Одан оқушының көше сыпырушыларға жақындап, гүл шоғын сыйлап, 8 наурыз мерекесімен құттықтап жатқаны көрінеді.

Бұл идеяны оған анасы айтыпты.

10 жасар тұрғынның әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

"Жарайсың, Әлижан! Сен сияқтылар көп болсын! Өзіңе және жақындарыңа зор денсаулық тілеймін", - деп жазған желі қолданушыларының бірі.

"Ақылдысын-ай! Сенің анаңа үлкен рақмет!, - деді қоғам қайраткері Ирина Медникова.

Тағы оқыңыз: Желіде балалардың Қордайда жүрген полицей әкесіне жазған хаты жарияланды

Кәсіпкер Шамрад Телеубаев жеке парақшасында Әлижан оған үш жыл бұрын келіп, дәмханаға сағыз сатылатын аппарат қоюды өтінгенін жазды.

"Мен, әрине, мұндай аппараттарға қарсымын. Бірақ оның бала кезден ақша табуға әрекеттеніп жатқанын көрген соң, аппаратты қайтарымсыз негізде орнатуға рұқсат еттім", - деді ол.

 

3594
Кілт сөздер:
мектеп оқушысы, Ақтау
Тақырып бойынша
Зағип баланың видеосы жұрттың жүрегін елжіретті
Күйеуге шығып жатқан анасына 7 жасар ұлының айтқан сөзі жұрттың жүрегін елжіретті
Әпкесінің дауысын алғаш естіген сәби жұрттың жүрегін елжіретті — видео
Автобус жүргізушісінің адамгершілігі алматылықтардың жүрегін елжіретті
"Не деген бас мынау?!" Димаштың сәби кезіндегі суреті жұрттың жүрегін елжіретті
"Бәрі біліп жүрсін": Президенттің орамал жайлы сөзі жұрттың жүрегін елжіретті – видео
Индонезиядағы жер сілкінісі

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне көңіл айтты

12
(Жаңартылды 19:49 15.01.2021)
Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жерасты дүмпуі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Индонезиядағы жер сілкінісі

Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет 5,7 және 6,2 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті.

Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.

Билік 15 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

12
Тақырып бойынша
Тоқаев парламент отырысында қандай уәде берді – толық ақпарат
"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты
Президент мәжіліске өтпеген саяси күштер туралы пікір білдірді
Бірнеше депутат премьер-министр кандидатурасын қолдамады – Тоқаев не деді
Ауылға баратын әрбір жол толығымен жөнделеді – Тоқаев
Құс пен қыс

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

271
Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктен секундына 15-20 м/с жел соғады

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 2021 жылдың 16-18 қаңтарында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Сенбі, жексенбі күндері республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

Кей жерлерде жауын-шашын түседі, батыста қар мен жаңбыр араласып, солтүстікте қар жауады.

Сондай-ақ кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады, ауа температурасы көтеріледі. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда түнде минус 13-15 градус, күндіз 4-6 градус аяз болады.

Алматыда түнде минус 8-10, күндіз плюс 5-7 градус.

Шымкентте түнде плюс 1-3, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Дабылды ескерту жарияланды

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады.

"Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 18 метр жылдамдықпен жел соғады. Мұғалжар ауданында түнде желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді", – делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с, күндіз екпіні секундына 25 м/с жетеді.

16 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Петропавлда түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

271
Кілт сөздер:
табиғат, ауа райы