Дәурен Абаев, архивтегі сурет

Министр Абаев: коронавирус жұқтырып алудан қорықпаймын

755
Абаев ақпарат министрлігінің қызметкерлері штатты режимде жұмыс істейтінін, ешқандай шектеу енгізілмейтінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирус жұқтырудан қорықпайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

БАҚ өкілдері министрден "коронавирус жұқтырып аламын деп қорықпайсыз ба?" деп сұрады.

"Мен жұқтырып алудан қорықпаймын", - деп қысқа қайырды Абаев мәжіліс кулуарында.

Ол ақпарат министрлігінің қызметкерлері штатты режимде жұмыс істейтінін, ешқандай шектеу енгізілмейтінін атап өтті.

Ал "коронавирусқа қатысты жағдайды ескеріп, журналистерге берер кеңесіңіз бар ма?" деген сауалға: "Журналистердің қызметіне қатысты ешқандай шектеу қоя алмаймын. Коронавирус туралы ақпарат таратыңыздар, көрсетіңіздер. Мен тек барша қазақстандыққа ұсынылған ортақ кеңестерді басшылыққа алуды ұсынамын", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Желіні дүрліктірген видео: Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат түсіндірілді

Қазақстанда 13 наурыздан бастап бұқаралық шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерге тыйым салынады. 

Сонымен қатар, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтайды. Бұдан бөлек, мектеп оқушылары 21 наурыздан емес, 16-сынан бастап каникулға шығады.

Президент Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді.

12 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ.

755
Кілт сөздер:
коронавирус, Дәурен Абаев, министр
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1658)
Тақырып бойынша
Денсаулық министрі: жалпыұлттық карантин жарияламаймыз
Министр Біртанов коронавирустың тиімді тұсын атады
Оқушылар қандай жағдайда үйде оқиды – министр жауабы
ҰБТ кейінге шегерілді – білім министрі
Қазақстанда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өткізілмейді
Медицина қызметкері

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды

5
(Жаңартылды 10:18 26.10.2020)
Жүзден аса науқастың жағдайы ауыр, 18 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Коронавирус инфекциясынан 240 бала ем алып жатыр

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, бес адам коронавирустан қайтыс болды, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Ал өткен тәулікте 26 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 3 042 адам ем қабылдап жатыр, арасында 246 бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Науқастар арасында 119 адамның жағдайы ауыр, 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан 1 825 адам көз жұмды. Бірінші тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониядан 394 адам қайтыс болды.

5
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1658)
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті
Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма – вирусолог жауап берді
Жасанды тыныс алдыру аппаратынсыз коронавирустан емделудің жаңа әдісі табылды
Қазақстандағы коронавирус: комиссия соңғы ақпаратты бөлісті
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Астана әуежайы

Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді

13
(Жаңартылды 10:03 26.10.2020)
Түнде Нұр-Сұлтан әуежайына шетелден алты ұшақ қонды. 108 жолаушының өзімен бірге ПЦР-тест өткені туралы анықтамасы болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Қазанның 25-нен 26-на қараған түні шетелден астана әуежайына келген 108 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Оларның ПЦР-тесті болмаған, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежайға түнде барлығы 6 ұшақ қонды. Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуе компанияларының рейстері.

"722 жолаушының 108-інде ПЦР анықтама болмады. Сондықтан стационарлық карантинге жіберілді. Тест тапсырған соң үйлеріне кете алады. Алайда вирус жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға барады", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2020 жылдың 26 қазанында Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Құжатта мемлекеттік шекара өткізу бекеттерінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды күшейту қарастырылған.

Оған сәйкес, жолаушылар ПЦР-тест өткені туралы анықтама көрсетуі тиіс. Оның қорытындысы шыққанына 3 тәуліктен аспауы керек. 5 жасқа дейінгі балаларға міндетті емес.

Халықаралық транзиттік жолаушыларға транзиттік аймақтан шығуға тыйым салынған.

Қазақстан азаматтары және елде тұру ықтиярхаты барлар анықтама болмаған жағдайда екі күнге карантиндік стационарға жіберіледі. Кейін тест қорытындысына сәйкес шешім қабылданады.

13
Кілт сөздер:
карантин, жолаушы, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1658)
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті
"Бәрі жала" "Дос-Мұқасан" тобының әншісі әуежайда шыққан шу туралы айтты
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
Әуежайда шу шығарған Төреғали Төреәлі жазаланды