Қоғам

Бас мүфти мұсылмандарға үндеу жасады

© Sputnik / Абзал КалиевАйт намаз читается рано утром - в мечети Нур-Султана верующие пришли уже к семи часам
Айт намаз читается рано утром - в мечети Нур-Султана верующие пришли уже к семи часам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас мүфти коронавирусқа қарсы арнайы сақтық шараларын қолға алуды тапсырды. Ол бетперде киюге және қол беріп амандасудан бас тартуға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз — Sputnik. Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы орталық аппаратының кезекті жиналысы өтті. Жиында әлемді дүрліктіріп тұрған коронавирус індетін алдын алу, мешіт пен медреселерде сақтық шараларын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

"Біз өз отбасымызға, ұжымға, туған-туыстарға жауапты тұлға болғандықтан, әрқашан сақтық шараларын жасауымыз тиіс. Осы ретте адам көп жиналатын жиындардан, іс-шаралардан, кездесулерден мүмкіндігінше бас тартқанымыз абзал", -деді ол.

Сондай-ақ, Наурызбай қажы қол беріп амандасудан бас тартуға кеңес берді.

"Жамағат намазынан кейін қол беріп амандасып, бір орынға жиналып дұға ету – міндет емес. Мешітке келуші мұсылман қауымынан жұқпалы аурудан сақтану үшін мүмкіндікке қарай бетперде киіп келуін, мешітте топтасып отырмауын, жұма намаздан кейін тез арада үйіне баруын, құлшылық жасаған соң қол беріп амандасып, бір жерге жиналып, сұхбаттаспауын сұраймыз",- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Тағы оқыңыз: "Тыйым салуымыз керек": Тоқаев мешітте жаңа бас мүфтимен кездесті

Бұған қоса,  Бас мүфти медреселердегі дәрістерді уақытша тоқтату, жоспарланған жиындарды, семинар мен конференцияларды, құдайы ас беру секілді шараларды кейінге қалдыруды тапсырды.

Жаңалықтар
0