Қоғам

Біртанов коронавирус қашан жойылатынын айтты

© AP Photo / STRВспышка коронавируса в Китае
Вспышка коронавируса в Китае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі коронавирустың қаупі екі-үш айда сейілетінін мәлімдеді. Ол үшін карантин шараларын қатаң сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустың қаупі қай кезде сейілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, бұл – жұқпалы ауру. Өкінішке қарай, тез тарайды. Бірақ бәрін қырып салатын ауру емес, кәдімгідей инфекциялық ауру. Сондықтан қатты қорқып, үйде отыру дұрыс емес. Бірақ сақтану қажет, гигиенаны сақтау керек. Сосын қауіп үлкен болса, үйде отырған жөн. Енді басқа мемлекеттерді көріп отырмыз, екі-үш ай көлемінде бұл мәселе шешіледі. Инфекция бітеді, еліміз қалады", - деді Біртанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, коронавирус кезінде карантин шараларын қатаң сақтау қажет. Оның екі түрі бар. Адам үйден шықпай отырады, я болмаса, ауруханаға жатқызылады. Жатақханада тұратын адамдар медициналық мекемеге жіберіледі.

Қазақстанға коронавирус кірді: Алматыда 24 адам іздестіріліп жатыр 

"Әрине, жауапкершіліктің болғаны өте маңызды. Ол жауапкершілік заңда бекітілген. Мәселен, үй карантинін бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған. Оның көлемі – 5 айлық есептік көрсеткіш, ол – 13 мыңнан астам теңге. Құқық қорғаушыларға қарсылық көрсетілсе, әкімшілік жауапкершілік, қамау шарасы да бар. Ал адам науқас болып, басқа біреуге жұқтырса, қылмыстық іс қозғалады", - деп атап көрсетті Біртанов.

Қазақстанда үш адамнан коронавирус табылды

13 наурызда денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус тіркелгенін мәлімдеді. Германиядан Алматыға ұшқан екі қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бірінші науқас ұшақпен 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда келген.

Кейінірек Нұр-Сұлтанда да коронавирус тіркелді. Қауіпті инфекция Милан – Мәскеу – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақпен ұшқан қазақстандық әйелден табылды. 

Жаңалықтар
0