Қоғам

Алматы қаласының бас санитар дәрігері карантинде жатыр

© Photo : Сайт комитета контроля качества и безопасности товаров и услуг Минздрава КазахстанаРуководитель департамента контроля качества и безопасности товаров и услуг Алматы Айзат Молдагасимова
Руководитель департамента контроля качества и безопасности товаров и услуг Алматы Айзат Молдагасимова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айзат Молдақасымова ұшып келген рейсте коронавирус жұқтырған адам табылды, сондықтан мемлекеттік қызметшіден анализ алынған

АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова үй жағдайында карантинде жатыр. Бұл туралы Молдақасымованың орынбасары Әсел Қалықова Алматыда өткен брифингте хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол коронавирус жұқтырған азаматпен бір ұшақта болған.

"Айзат Молдақасымова Франкфурт-Алматы рейсінде болған. Осы рейстен бір адамның вирус жұқтырғаны хабарланды. Ол кісіге де стандартты тексеру жүргізілді. Нәтиженің теріс болуына байланысты және ол келген ел 2 "б" санатында болғандықтан, үйіне жіберілді. Алдағы уақытта дәрігердің бақылауында болады", - деді Қалықова.

Молдақасымова өзінің коронавирус жұқтырған азаматпен сөйлеспегенін айтып отыр.

"Мені ауруханаға жатқызып, сол жерде анализ алды. Нәтижесі теріс болды. Мен коронавирус жұқтырған азаматпен қарым-қатынаста болған жоқпын", - деді Айзат Молдақасымова Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетейік, қалалық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы коронавирус тіркелмеген елден Германия арқылы келген.

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 4 адамға жетті. Үшеуінің жағдайы бірқалыпты, ал бір ер адамның хәлі орташа деп бағаланып отыр. Қала бойынша 606 адам карантинге алынған.

14 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – алты адам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, төрт адам – Алматыда.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

 

Жаңалықтар
0