Қоғам

Алматыға қонған ұшақтан коронавирус табылды: бортта 130 жолаушы болған

© AFP 2024 / NHAC NGUYENРабочий в защитном костюме дезинфицирует самолет
Рабочий в защитном костюме дезинфицирует самолет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылардың ішінде транзитпен ұшып кеткендер бар, қалғандары бірден әуежайдан ауруханаға жеткізілді, олардың анализі тексеріледі

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. 14 наурыз күні Сеул-Алматы рейсімен ұшып келген қазақстандықтан коронавирус табылды. Ұшақта барлығы 130 жолаушы болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"1995 жылғы ер адам Сеул-Алматы рейсімен кеше келген. Жалпы ұшақпен келген 130 жолаушының арасында транзитпен кеткен азаматтар бар. Ал қалғандары жүз пайыз инфекциялық стационарға жатқызылды. Олармен жақын араласқан адамдар да бақылауға алынды. Қазір тиісті диагностикалық шаралар жүріп жатыр", - деді Біртанов астанада өткен брифингте.

Сонымен қатар, Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір әйел анықталды. 1959 жылғы әйел бұған дейін Мәскеуден ұшып келіп, ауруханаға жатқызылған ер адамның жұбайы. Қазір ол Алматыдағы инфекциялық ауруханада жатыр.

Сонымен соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронвирус жұқтырғандардың саны сегіз адамға жетті.

"Олардың бәрі оқшауланған, олармен байланыста болған жақындары да карантинге алынды. Сонымен қатар, вирус жұқтыруы мүмкін адамдар да табылды. Қазір тізім бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Коронавирусқа байланысты пойыз билетін сатып алу және айырбастау ережелері жарияланды

Бұған дейін Қазақстанда 6 адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Олардың төртеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда тіркелген. Олардың барлығы шетелден ұшып келген.

Тағы бір қазақстандық Германияда емделіп жатыр, белгілі болғандай, ол қазақстандық дипломаттардың бірінің әкесі.

Қазір 1425 адам стационарлық карантинде жатыр, ал 496 адам үйде карантинге алынған.

Жаңалықтар
0