Архивтегі фото

Ақмола облысында әкімнің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

2141
Сонымен қатар Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ақмола облысындағы аудан әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ол орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін және қамқорлық көрсеткені үшін 600 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деді Бигайдаров.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Сонымен қатар Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс саласындағы апат тәуекелдерін азайту және бақылау басқармасының бастығы мен төтенше жағдайлар департаментінің оңтүстік аймағы бойынша жедел кезекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ұнның арасына жасырған: әкімдік басшыларының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

"Олар ЖШС жертөле ғимаратын мемлекеттік баланстан есептен шығару және жалпы қамқорлығы үшін бір топ адамнан 700 000 теңге сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр", - деді аға тергеуші.

2141
Кілт сөздер:
пара, әкім орынбасары
Тақырып бойынша
Алтай Көлгінов отставкаға кетуі тиіс пе – агенттік жауап берді
Подполковникті ұстау операциясының видеосы жарияланды
Нұр-Сұлтанда бұрынғы әкімге сот үкімі шықты
Нұр-Сұлтанда жаңа аудан әкімі тағайындалды
Бұрынғы басқарма төрағасының қылмысы әшкере болды
Қазақстанда 10 лауазымды тұлғаның не үшін істі болғаны айтылды
Игорь Сон

Олимпиада жүлдегері Игорь Сон мемлекет беретін қаржыны інісінің еміне жұмсайтынын айтты

771
Игорь Сон мүгедек бауырын аяққа тұрғызу үшін қолындағы қаржысын аямайтынын жеткізді

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарының "қола" жүлдегері Игорь Сон мемлекет тарапынан берілетін қаржыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Менің інім церебралды сал ауруымен ауырады, мүгедек. Отбасым Оңтүстік Кореяға емделу үшін кетті. Қазір әкем мен анам, ағам мен інім – барлығы Кореяда", - деді Игорь Сон Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Олимпиада жүлдегері мемлекет тарапынан берілетін қаржыны сол інісінің еміне жұмсайтынын айтты.

"Менің міндетім – алдымен бауырымды аяққа тұрғызу. Інімнің емінен қалған қаржыға өмір сүремін", - деді ауыр атлетші.

Қазақстанда Олимпиада чемпионына 250 мың доллар, күміс жүлдегерге 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар беріледі.

Айта кетейік, Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды. Ол жарыс кезінде барлығы 294 (131+163) килограмм көтерді.

771
Алия Назарбаева

Назарбаевтың кенже қызы алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты

2539
(Жаңартылды 19:57 30.07.2021)
Әлия Назарбаева кітапта өзінің өмірлік ұстаздарының аты-жөнін атап, отбасы туралы әңгімелеуге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева өзінің алғашқы кітабын жазып бітірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Қарапайым тілмен және жақсы ниетпен жазылған алғашқы кітабымды аяқтадым. Мен бір кездері бағалаған, жақсы көрген және осы күнге дейін жақсы көретін нәрселерді оқиғалар мен баяндау арқылы жеткізуге тырысып бақтым. Кітапта балалық шағым туралы, әпкем Динараның қалай менімен әлек болғанын, әкеммен не жайлы ұзақ сөйлескеніміз туралы, анамның кеңестері қалай көмектесіп, күш бергенін айтамын", - деп жазды Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында.

Ол "Место Силы" кітабынан оқырмандар оның ұстаздары туралы, достықта нені жоғары бағалайтынын, нені кешіріп, не үшін кешірім сұрай алатыны жөнінде білетінін атап өтті.

"Мен балаларымды қатты жақсы көремін және олардың кез келген таңдауын қолдаймын, бұл туралы кітапта жаздым және оны бұрын еш жерде жарияланбаған фотосуреттер арқылы білдірдім", - деді ол.

Назарбаева "Место Силы" кітабы қазір баспада басылып жатқанын хабарлады.

2539
Кілт сөздер:
Әлия Назарбаева, кітап, Назарбаев
Инфекциялық стационар

Алматы "күңгірт қызыл" аймаққа кірді: әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды

0
150 науқасқа арналған ауруханада орташа ауыр деңгейдегі және ауыр жағдайдағы науқастарды емдейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Алматы әскерилері коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдау үшін инфекциялық стационар жасақтады, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша Алматыдағы қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационар жасақтады", - деп хабарлады қорғаныс ведомствосы.

Палата в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы палата

Стационар 150 науқасқа арналған. Сонымен қатар медициналық мекемеде 50 орын соматикалық патологиясы бар әскери қызметкерлерді емдеу үшін және әскери-дәрігерлік және әскери-ұшқыштар сараптамасын жүргізу үшін бөлінеді.

"Біздің әскери госпиталь екінші эшелонға жатады. Сондықтан инфекциялық стационарға орташа ауыр және ауыр дәрежедегі науқастар жатқызылады. Жеке құрам мұндай жағдайға дайын", - деді Алматыдағы әскери клиникалық госпитальдің басшысы міндетін атқарушы Әбдіуәли Палтушев.

Кислородный баллон в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы оттегі баллоны

Оның айтуынша, госпиталь мамандарының коронавирус жұқтырғандарды емдеу тәжірибесі бар. Медициналық мекемеде жасанды тыныс алдырту және гемодиализ аппаратымен жабдықталған реанимация бөлімі жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың сәуірінен бастап әскери госпиталь дәрігерлері халыққа медициналық көмек көрсету жұмыстарына екі рет жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 430 адам емделіп шықты, оның шамамен 30%-і – ауыр және асқынған деңгейдегі науқастар.

2021 жылдың шіддесінен бастап Нұр-Сұлтандағы Бас әскери клиникалық госпиталь коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін қайта іске қосылды.

Сондай-ақ Алматы, Талдықорған және Үшаралдағы үш әскери-емдеу мекемесі азаматтарды қабылдауға дайын. Аягөз, Талдықорған, Сарыөзек және Семей әскери госпитальдарында қосымша төрт инфекциялық бөлім жұмыс істеп тұр. ПТР-тестілеу жүргізу үшін Нұр-Сұлтанда және Алматыда екі стационарлық зертхана, сондай-ақ Ақтау мен Семейде мобильді зертханалық кешендер ашылған.

0
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы