Қоғам

Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневЕралы Тугжанов, Тимур Сулейменов и Бахыт Султанов в кулуарах правительства
Ералы Тугжанов, Тимур Сулейменов и Бахыт Султанов в кулуарах правительства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-премьер мемлекет өзінің барлық міндеттемесін толығымен орындайтынын қадап айтты. Жалған ақпаратқа сеніп, қоғамда үрей туғызбауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтардан уақытша енгізілген талаптарды орындауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Құрметті отандастар! Бүгінгі әлемдік экономикалық жағдай барша мемлекет үшін сын сағаты болып отырғаны белгілі. Бүгінгі жағдай адам баласына ғана емес, мемлекетімізге, тәуелсіздігімізге түскен сынақ болып отыр. Ұлтымыз өз тарихында бұл сияқты сынақтардан қаншама рет ауызбіршіліктің арқасында өтті. Біз ортақ шешімдеріміздің арқасында барлық мәселені еңсеретінімізге толықтай сенеміз. Әр адамның жауапкершілігі еліміздің қауіпсіздігі екенін ерекше айтқым келеді", - деді Тоғжанов астанада өткен брифингте.

Вице-премьер мемлекет өзінің барлық міндеттемесін толығымен орындайтынын қадап айтты. 

"Қазіргі жағдайда әр адам өз отбасына, ұжымына, туған-туыстарына жауапты тұлға ретінде сақтық шараларын жасап, мемлекет тарапынан қабылданған шектеулерді дұрыс түсініп, уақытша енгізілген талаптарды орындауды сұраймыз. Мұның бәрі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр", - деп түсіндірді ол. 

Сөз соңында Тоғжанов отандастарын жалған ақпаратқа сеніп, қоғамда үрей туғызбауға шақырды. 

16 наурызда Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол отыз тәулікке созылады.
19 наурыздан бастап астана мен Алматы карантинге жабылды. Азаматтарға қала аумағына кіріп-шығуға 22 наурызға дейін рұқсат етіледі. Одан кейін барлық бекет жабылады. 

Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. 
Бірақ, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғыдай жұмыс істей береді.

Жаңалықтар
0