Қоғам

Тоқаев 55 жастан асқан адамдардың үйде отыруын қамтамасыз етуді тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на улицах Нур-Султана после введения карантина 19 марта
Люди в масках на улицах Нур-Султана после введения карантина 19 марта  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
55 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдар қауіп-қатер тобына кіреді, сондықтан олардың үйде отыруын қамтамасыз ету керек, деді президент

Нұр-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 55 жастан асқан адамдардың жұмысқа шығуын шектеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, медициналық жүйеге "Қауіп-қатер тобындағы" адамдар мейлінше ауыртпалық түсіреді. Бұл 55 жастан асқан адамдар, олардың денсаулығы әлсіздеу, сонымен қатар созылмалы аурулары бар адамдар", - деді Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Мемлекет басшысы бұл адамдардың жұмысқа шығуын барынша шектеуді және олардың үйде отыруын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Тоқаевтың айтуынша, барлық халыққа қызмет көрсету орталығын уақытша жабатын кез келді. Бірақ қызметтерді онлайн көрсету мүмкіндігін жасау керек.

"Халық баратын қоғамдық нысандарды санитарлық залалсыздандыру бойынша талаптар орындалуы шарт. Ешқандай "үнемдеу" және "оңтайландыру" болмауы керек", - деп қадап айтты Тоқаев.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 61 адамға жетті. Алматы қаласында 26 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 31 адам, Қарағанды каласында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам тіркелді.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан қазақстандықтарға жәрдемақы төленеді

 

Жаңалықтар
0