Наурыз дастарханы

"Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті

736
(Жаңартылды 20:40 23.03.2020)
Sputnik Қазақстан тілшісі өнер адамдарына хабарласып, карантин кезінде Ұлыстың ұлы күнін қалай атап өткенін білді

АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Биыл коронавирус инфекциясының тарауына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды. Соған байланысты концерттер кейінге қалдырылып, мерекеге жоспарланған іс-шаралар болмады. Sputnik Қазақстан тілшісі өнер адамдарына хабарласып, карантин кезінде мерекені қалай атап өткенін сұрады. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мейрам кезінде үйде ұлдарының жанында болғанын айтты.

"Бала-шағамызбен отбасы болып дастархан басында отырдық. Түстен кейін аулаға шығып, көршілерімізбен жүздестік. Кешке тағы да теледидар алдында отырып, концерт, фильм қарадық. Мерекеге қарсы жақсы концерттер көрсетіліп жатыр. Арасында менің де әнім бар", - деді Рымбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Роза Рымбаева (@rozarymbaeva)

Әншіден көршілерімен кездескенде қандай сақтық шараларын қолданғанын да сұрадық. Айтуынша, жұлдызды отбасы медициналық бетпердені тастамай тағып жүр.

"Маскамызды тағып, үйге келген соң міндетті түрде қолымызды жуып, аяқкиімімізді де тазаладық. Айналамызда ешкім бұл вирусты жұқтырды деп ойламаймын, алайда "сақтықта қорлық жоқ". Мерекеде қонақ күткен жоқпыз. Бұл біздің жаңа жылымыз ғой. Әркім өз дастарханында, өз отбасымен болды. Әркім өз үйінде отыруы керек. Осындай сәтте халқымызға сабыр тілеймін. Бұл тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан жағдай. Уақытша сын, емтихан шығар. Бұл күн де өтеді", - дейді халық әртісі.

Әнші карантин кезінде ұлдарымен бірге болып, жоспар құрып жатыр. 

"Көптен бері ұлдарыммен бірге болуға мүмкіндік болмаған еді. Бірі сабақта, бірі жұмыста жүреді. Қазір үйдеміз. Әңгіме айтып, жоспар құрып, ақылдасып жатырмыз. Әйел адамның үйдегі тірлігі таусылмайды. Ұлдарыма ас әзірлеп жүрмін. Қазақ қанша нәубетті басынан кешірген халық. Бастысы, сабарлық таныту керек. Бұл кезеңнен де өтеміз. Артық сын мен сөздің қажеті жоқ, тек сақтық шараларын жасау керек", - деді Рымбаева.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова елу адамға үйден шықпау туралы хабарлама жібергенін айтты. Сонымен қатар Еуропа елдеріндегі жағдайды көріп, қазақстандықтарды үйде болуға шақырды.

"Үйдеміз. Испания, Италиядағы жағдайды көріп, қарап отырмыз. 22 наурызда "үйде отырыңыздар, тәртіп сақтаңыздар" деп елу шақты танысыма хабарлама жібердім. Менің қосқан үлесім осы болды. Жұлдызнамаға сүйенсек және қарияларымыздың айтуынша, күн мен түн теңелгеннен кейін ерте тұрып, тілек тілеу керек. Мен солай істедім. Ерте тұрып елдің тыныштығын, осы кесапаттың бітуін, адамдардың амандығын тіледім", - дейді әнші.

Майра Ілиясова Sputnik Қазақстан тілшісімен сұхбаттасып отыр
© Sputnik / Тимур Батыршин
Майра Ілиясова елу адамға үйден шықпау туралы хабарлама жібергенін айтты

Сонымен қатар әнші карантин кезінде кітап жазуда. Жазушы болмаса да, өмірде, өнерде көргенінен ой түйіп, екінші кітабын шығарғалы жатыр.

"Мерекеде наурыз көже әзірледім. Уақытты бос өткізбей, шығармашылықпен айналысып жатырмын. Жазушы болмасам да осыған дейін "Әнші Майра" деген кітап жазғаным бар. Қазір өмірде, өнерде көргенімді, түйгенімді  "Қазақтың Майрасы" деген кітап қылып жазып жатырмын", - деді Ілиясова.

Ал актриса Айгүл Иманбаева карантин енгізілетінін естіген соң астанадан Алматы облысына анасының жанына барғанын айтады. Қазір анасы мен ұлының жанында демалып жатыр.

"Менің ең сүйікті ісім – кітап оқу. Қазір де кітап оқып, ұйқыны қандырып, үйдегілермен әңгімелесіп, демалып жатырмын. Өзім астанада тұрамын, карантин енгізілген соң Алматы облысына анамның үйіне келдім. Анам, ұлым үшеуіміз мереке күні үйде болдық. Оған дейін де, одан кейін де сыртқа шыққан жоқпын. Мейрамды соңғы рет қашан үйде қарсы алғаным есімде жоқ. Анамның наурыз көжесін ішіп, ұлым екеуміз еркелеп жатырмыз. Біздің келгенімізге анамның қуанышында шек жоқ", - деді Иманбаева.

Эстрада әншісі, актриса, А.И театрының директоры Айгүл Иманбаева
© Photo : instagram
Айгүл Иманбаева карантин енгізілетінін естіген соң астанадан Алматы облысына анасының жанына барған

Сондай-ақ, әнші болып жатқан оқиғаларды табиғаттың берген сигналы деп қабылдайтынын айтты.

"Әуезов театрында Шыңғыс Айтматовтың "Жан пида" романы желісінде қойылым қойдық. Мен қасқырдың рөлін ойнаймын. Сол шығарманы оқып отырып, жер бетінде ең артық тіршілік иесі адамдар деген ой түйгенім бар. Қасқырдың рөлін ойнаймын деп адамзатты жек көріп кеттім. Бұл табиғаттың бізге берген сигналы, жүргізіп жатқан "уборкасы" шығар. Мұны мен тәубешілікке келу, есті жинау деп түсіндім", - деді әнші.

736
Тақырып бойынша
"Ардан аттасам министрлікте отырар ем". Иманбаева ұсыныстан неге бас тартқанын түсіндірді
Роза Рымбаева: фонограммамен ән айтсам, қара жерге кірейін
Майра Ілиясова: Ринат айтыста профессор болсын, ал Димашта жұмысы болмасын
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Дәм-тұзым таусылмапты": Айгүл Иманбаева құлаған ұшаққа билет таппағанын айтты
Архивтегі фото

Домбыраның шығу тарихын оқыған мәжіліс депутаты жағасын ұстады

337
(Жаңартылды 16:08 16.06.2021)
Мақпал Тәжмағамбетова ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптауды талап етті 

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова ағылшын тілі оқулықтарын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Депутаттың айтуынша, мұғалімдер мен ата-аналар арасында 1-сынып пен 5-сыныпқа дейінгі ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтар қызу талқыға түскен. Барлығы Jenny Dooley және Virginia Evans-тың авторлығымен "Экспресс Паблишин" баспасынан шыққан. Сыртқы мұқабасында "аударылған" деп жазылғанмен, аударма емес, шындыққа жанаспайтын мәліметтер қаптап жүр. Ал білім және ғылым министрлігі оған оң сараптама берген.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі атышулы орыс тілі оқулығының кем-кетігін түзетуге уәде берді 

"Кітаптың өне-бойынан қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Ал енді мынаны қараңыз. Екінші сыныпқа арналған оқулықта ұлттық дәстүрдің қатарына пасха мен масленицаны енгізіпті. Мұны әрине, қазақстандық мерекелер деп көрсетсе түсінуге болады. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары деп жазылған тақырыпта шілдехана мен баланы қырқынан шығару сияқты салт-дәстүрдің жанында діни мерекелер неге жүр?", - деді Тәжмағамбетова мәжілістің жалпы отырысында.

Ал 5-сыныпқа арналған кітапта елде жоқ аңызды ойдан құрастырып, басып шығарған. Онда екі алып баланың оқиғасы баяндалады. Ағасы тастан көпір жасайды. Інісі екі жіпті ағашқа байлап, алып ән айтып жүреді-міс. Оны көрген ағасы: "Маған неге көмектеспейсің?!", - деп ашуланады да інісінің қолындағы әлгі ағашты тасқа ұрып сындырады. Содан інісі әнді қойып кетеді. Уақыт өте келе, таста қалған ізді байқаған бір халық бұл музыкалық аспап екенін анықтайды. Домбыра содан шыққан деп түсіндіреді.

"Бұл аңызды естігендеріңіз бар ма? Жасалу уақыты 2 мың жылдан ары Кетбұғы шерткен "Ақсақ құланнан" бастап, Құрманғазы, Дәулеткерей салған күй дәстүрі бүгінде ғаламшарды аралап жүр. Халқымыз қашанда домбыраны үкілеп төріне ілген. Бұдан арғысын сөз қылудың қажеті шамалы", - дейді Тәжімағамбетова.

Осыған байланысты ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптауды талап етті. Ал сараптамалық комиссияның құрамына тек ағылшын тілі мұғалімдерін емес, балалар психологынан бастап, суретші педагог, этнограф, иллюстратор, қазақ тілі мамандарын, әдебиетшілерді, тағы да басқа мамандарды енгізу керек.

"Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру кезеңінде мұндай оқулықтар Қазақстанның болашағына жауап беретін, өз Отанын қадірлейтін ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды", - деді депутат.

Айта кетейік, депутат Мақпал Тәжмағамбетова – Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, "Қазақстанның жүз жаңа есімі" жобасының жеңімпазы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы қоры ұйымдастырған "Алтын тобылғы" байқауының бас жүлдесін жеңіп алған. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін", "Аспантаудың көктемі", "Шоған абыз", "Ақ қанатты періште" атты жыр жинақтарының авторы. Жасы – 37-де.

337
Кадрлық ауыс-түйіс, иллюстративті фото

Цой отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді

1895
Цой үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салу міндеті орындалмаса, отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Сол себепті біздің жұмысымызға қандай баға берілсе, сондай шешім қабылданады", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Министр вакциналау жоспарының орындалуы әр қазақстандыққа байланысты екенін тағы бір мәрте атап өтті.

"Вакцина салу – ерікті дүние, сол себепті біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру жұмысын жүргіземіз, БАҚ өкілдерінен де ақпараттық қолдау көрсетуді сұраймыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

Бұған дейін Алексей Цой қыркүйекке дейін 10 миллион адамды вакциналау жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Ол айына шамамен екі миллион адамға вакцина егілетінін айтты. Алайда жоспар орындалмай отыр: республика бойынша вакциналау қарқыны әзірге төмен.

16 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 587 884 адам вакцинаның бірінші компонентін алды, II компонент 1 480 309 адамға егілді.

1895
Кілт сөздер:
министр, отставка
Эмблема НАТО

Брюссель саммиті: НАТО-ның қорытынды коммюникесінде қандай мәселе қозғалды

0
Солтүстікатлантикалық альянстың маусымдағы саммиті аясында НАТО-ның қорытынды коммюникесінде әлемнің басты қаупі ретінде Ресей көрсетілген

Екінші орында Солтүстік Корея мен Иран, үшінші позицияда Беларусь Республикасы атап көрсетілсе, төртінші орынға Қытай жайғасты. Алайда НАТО-ға әлемнің тең құқылы, тәуелсіз елдерін іріктеп-сұрыптауға ешкім арнайы өкілеттік бөлген жоқ. Әрі десе альянс ғаламшар тұрғындарының небәрі 10 процентін ғана қамтып отырған ұйым екенін ұмытпау керек.

14 маусымдағы Брюссель саммитінің коммюникесінде "Ресейден төнген қауіп" мәселесіне оннан астам (9 – 15, 25, 46, 50, 54) тармақ арналған. Салыстыру үшін айтсақ, Корея мен Иран жайы жалғыз тармақта (51 және 52) аталса, "қытай қаупі" тек екі (55-56) тармақта көрсетілген.

Иран, Ауғанстан, Ливия, Югославия, Сирия аумағындағы соғыс әрекеттеріне қатысы бар альянстың "Ресейдің агрессивтік әрекеті еуроатлантикалық қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұр" деген сыңайлы мәлімдеме жасауы жараспайтын қылық. Бірақ коммюникеде блок 25 жыл бойы Ресеймен әріптестік орнатып, өзінің халықаралық міндеттерін атқарып келе жатқанына қарамастан, "Ресей құндылықты, ұстанымды, сенім мен міндеттемелерді аяқ асты етіп келе жатқаны" жазылған.

Сонымен қатар аталған құжатта Мәскеу "өзі басып алған аумақтарды", яғни Украинаға Қырымды, Грузияға Абхазия мен Оңтүстік Осетияны, Молдоваға Приднестровьені қайтаруы керек деген пікір көрсетілген. Олай болмаған жағдайда Брюссельдің "қауіпсіздік саласындағы жағдай ушығатындай әрекеттерге көшетіні" айтылған.

Солтүстікатлантикалық альянс Ресейдің әскери қуаты артып жатқанына алаңдаушылық танытып отыр. Алайда альянс шекарасына Ресей бірінші болып жақындамағанын, НАТО ресейлік шекараға дейін әскерін орналастыруды кеңейткенін де ескерген жөн. НАТО – гуманитарлық ұйым емес, қауқарлы әрі қарулы альянс болғандықтан, Мәскеу мен Минсктің өз аумағын қорғау мақсатында сәйкес әрекетке көшуі заңды.

Жалпы НАТО-ның Ресейге қатысты айыптаулары әлі таусылар емес. "Ресей қарапайым қарулы күштердің тұрақтылықтан айыратын оқу-жаттығуларына көп мән беріп, ядролық қару саласында агрессивті әрекеттерін тоқтатпай отыр" деген мәлімдеме осыған дәлел. Бірақ әлемнің барлық елі өз аумағында әскери маневрге негізделген оқу-жаттығулар өткізсе, НАТО керісінше басқа елдердің аумағында осы шараларды қамтып келеді.

Ресей ядролық қару қолдану арқылы әлемнің ешбір еліне қысым көрсеткен емес немесе әскерді мұхиттың арғы бетіне жеткізу әдісімен Мексиканың солтүстігінде, Канаданың оңтүстігінде әскери маневр ұйымдастырып жатқан жоқ. Ресейлік оқу-жаттығулар тым ауқымды ма? Ендеше РФ территориясы әлем бойынша ең үлкен аумақты алып жатқаны белгілі. Сондықтан қорғануды қамтамасыз ету үшін сәйкес көлемде қару-жарақ пен техника қажет болатыны айқын.

НАТО коммюникесінде былай деп жазылған: "Украинадағы қақтығыс қазіргі жағдайда күн тәртібіндегі бірінші кезектегі мәселе болып отыр". Мәскеуге қатысты айыптаулар қоса ұсынылған. Алайда Ресей Украинадағы азаматтық соғыста өзін дауласушы тарап ретінде санамайды. 

Коммюникеде көңіл аударуға тұрарлық тағы бір тармақ бар: "НАТО-ға мүше мемлекеттер Беларусьте 2020 жылдың тамызында басталған оқиғалардың барысына қатты алаңдаушылық танытып отыр. Беларусьтің саясаты мен іс-әрекеті өңірлік тұрақтылыққа қауіп төндіріп отыр". Аймақтағы тұрақтылықты шайқалтатын қандай іс-әрекет жайлы сөз болып отыр? Альянс одан гөрі Франциядағы "сары жилеттердің" қарсылық акцияларына, АҚШ-тағы Капитолийге басып кіргендер жайына алаңдағаны жөн болар еді. Жалпы қаіргі уақытта еш себепсіз жұдырық сілтеуден, асыра айтылған айыптаулардан гөрі тең құқылы тараптар келіссөздер жүргізіп, ымыраға келуі әлем үшін әлдеқайда пайдалы болар еді.

0